ҚҰСҚАН НАУҚАСҚА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК
Мақсаты: емдік: жедел көмек көрсету, тыныс жолдарына құсық түспеудің алдын алу
Дайындаңыз: сүлгіні, лотокты, шылапшынды, электросорғышты, алмұрт тәрізді баллонді, клеенканы, шпательді, қайнатылған суды, салфеткаларды, стаканды, қақпағы бар таза құрға қақпағы бар банканы, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Ес-түсі бар науқас (отыру қалпындағы)
Жедел дәрігерге хабарлаңыз.
Науқасты ыңғайлы орындыққа отырғызып, кеудесін клеенкамен жабыңыз. Науқасқа сүлгіні беріңіз. Оның аяғына шылапшынды қойыңыз.
Науқастан алмалы-салмалы тіс протезін алып тастауын сұраңыз (егерде олар болса).
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
Құсқан уақытта, өзіңіздің алақаныңызды науқастың маңдайына қойып басын жылжытпай ұстаңыз.
Әрбір құсқаннан кейін науқастың ауызын таза сумен шайғызып, бетін және аузын салфеткамен сүртіңіз.
Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.
Дәрігер келгенше құсықты қарап, қалдырыңыз (қанды құсық пайда болғанда).
Белгісіз умен уланғанда құсықты таза құрғақ банкіге жинап, оның қақпағын тығыз жабыңыз.
Дәрігердің тағайындауы бойынша оны зертханалық зерттеуге жіберіңіз.
Қолғапты шешіңіз. Салфетканы, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |