Науқасқа және туыстарына емшаранын барысын түсіндіріп, олардың келісімін алыңыз.
Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргіңіз.
Енгізетін сүнгінің ұзындығын анықтаңыз: сантиметрдегі науқастын бойынан 100 см алыңыз немесе төменгі күрек тістен асқазанға дейінгі аралық, сүнгіге белгі салыңыз.
Фурацилин ертіндісін лотокқа құйыңыз және оған сүнгіні белгіге дейін салыңыз.
Науқасты арқасына жатқызыңыз, басынын және мойыннын астына жастықты салып, басын қырына қарай бұрыңыз, кеудесіне салфетканы жабыңыз.
Қолғапты киіңіз, мұрын жолдарын қараңыз.
Төменгі мұрын жолы арқылы жіңішке асқазан сүнгісін 15-18 см тереңдікке енгізіңіз, науқасқа жоғарғы Фаулер қалпын беріңіз, сол қолдың саусағымен оның қалпын мұрын-жұтқыншақтан анықтаңыз және жұтқыншақтың артқы қабырғасына қысыңыз, жұтынуын сұраңыз (немесе оң қолмен жылжытыңыз), сүнгінің белгіленген белгісіне дейін.
30-40 мл ауаны жане шприціне сорып алып және оны сүнгіге жалғастырыңыз.
Фонендоскоптын басын асқазан аймағынын үстіне қойыңыз.
Фонендоскоптын бақылаумен ауаны сүнгі арқылы асқазанға енгізіңіз (дыбысты естіңіз).
Сүнгіге қысқышты салып, шприцті алыңыз. Сүнгінін сыртқы шетін лотокқа салыңыз.
Сүнгіні кесінді бинтпен бекітіңіз және оны науқастын бетінің айналасына және басына байлаңыз (немесе жабысқыш пластырьмен мұрынның қырына). Жане шприціне даярланған жылы сұйық тамақты сорып алыңыз, шприцтен ауаны шығарыңыз.
Сүнгіден қысқышты алыңыз, құйғыны немесе Жане шприцін сүңгінің бос шетіне поршенсіз жалғастырыңыз, оларды асқазан денгейіне дейін түсіріңіз.
Құйғыны немесе Жане шприцін сәл енкейтіп, оған даярланған тамақты құйыңыз, ақырындап құйғыны көтеріңіз, тек қана құйғынын ауызында тамақ қалмағанша.
Асқазан деңгейіне дейін құйғыны түсіріңіз және асқазанға тамақ енгізуді қайталаңыз.
Тамақтандырғаннан кейін сүнгіні шаймен немесе қайнатылған сумен жуыңыз.
Сүнгінің шетіне қысқыш салыңыз, құйғыны алыңыз. Сүнгінін шетін залалсыздандырылған салфеткамен ораңыз, келесі тамақтанғанға дейін науқастын мойынына ілгекті бинтпен бекітіңіз(немесе оны науқастын киіміне түйреуішпен жапсырыңыз).