Ақыл — адам көрігі, ақылдың сабыр серігі.
Мұхтар Әуезов
62
63
МОДА
Адам барлық жағынан: түрі де, киімі де,
жаны да сұлу болу керек.
Антон Чехов
Киім мен шаш үлгісінде, техника мен үй
жабдықтарының түрінде, көлік пен күн-
делікті қолданыстағы заттардың маркасында
жиі жаңарып, түрленіп отыратын құбылы-
сты «мода» деп атайды. Қоғамда мода жай-
лы түрлі көзқарас бар. Бірі әр төрт маусымда
төрт түрлі киініп, қолындағыны жаңа мода
шыққан сайын ауыстырып отыруға әуес. Ал
кейбіреулердің тіпті модада шаруасы жоқ.
Алайда жастардың басым бөлігі жаңа модаға
еліктегіш келетіндіктен осы тақырыпты ши-
ратып ашып көруге тырысайық. Модаға раци-
оналды талдау жасап көрсек.
Егер мына жайттар ескерілсе, модаға сай
жүрудің айтарлықтай әбестігі жоқ болса ке-
рек:
1. Тұлғалық, ұлттық, мұсылмандық форма-
64
мызға қайшы келмеуі шарт.
2. Кез келген жаңа бұйым қажеттілік үшін
алынуы тиіс. Тек мақтан үшін, сән үшін, елдің
назарын аудару үшін алу құптарлық іс емес.
3. Модаға ілесем деп ысырапқа жол бермеу.
Жаңа мода шыққаны үшін қолда барды рәсуа
етуге болмайды.
4. Жаңа мода адамгершілік пен ұлттық құн-
дылықтарымызға қайшы келмеуі қажет. Мы-
салы, ер баланың құлақ-мұрнын тесіп сырға
тағуы, жыртық шалбар киіп, бет-аузын қы-
зыл-жасылға бояуы қанша жерден озық мо-
даға айналса да, оған еліктеудің пайдасынан
зияны басым.
5. Қазақта «көрпеңе қарай көсіл» деген өте
терең мағыналы сөз бар. Модаға еремін деп
қарызға белшесінен бату мен қалтаны жұқар-
ту ақыл елегінен өте қоятын жайт емес.
Осы тақырыпты аша түсу мақсатында Абай
атамыздың мына бір қара сөзін келтіргенді
жөн көріп отырмыз:
Адамның түрлі қылығы болады: бірі бет-
пішінін, мұртын, мүшесін, жүрісін, қас-қа-
бағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп,
қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі атын,
киімін «айран ішерім» деп, солардың арқа-
сында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа,
65
өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатар-
дағының ішін күйдіріп, өзінен кейінгілерге
«әттең, дүние-ай, осылардың атындай ат
мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар
екен?!» – дейтұғын болмаққа ойланбақ.
Мұның бәрі – масқаралық, ақымақтық. Мұны
адам бір ойламасын, егерде бір ойласа, қай-
та адам болмағы – қиын іс. Кербез дегенді
осындай «кер, кердең немеден безіңдер» деген
сөзге ұқсатамын. Тегінде, адам баласы адам
баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәр-
селермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым
ғой демектің бәрі де – ақымақтық. (18-қара
сөзден үзінді)
Қазақтың маңдайына біткен кемеңгері Абай
атамыз өсиет еткендей «кербездіктен» сақта-
на отырып, жоғарыда көрсетілген шарт-
тардың шекарасынан шықпайтын деңгейде
модаға сай киіну әбестік емес. Тіпті кейбір
жағдайда қажеттілікке де жатқызуға болады.
Себебі адам баласы басқалардың алдында
жинақы, таза, жарасымды киініп жүргені –
құптарлық іс.
Достарыңызбен бөлісу: |