Біз Италияны құрадық,
енді италиялықтарды жасап шығарайықшы.
Камилло Кавур
Алыстан «Алаш» десе - аттанамын,
Қазақпын - «Қазақ» десе мақтанамын.
Болғанда әкем - қазақ, шешем - қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын!
Міржақып Дулатов
48
49
КЕМЕДЕГІНІҢ ЖАНЫ БІР
(ғибратты әңгіме)
Дегендер «Мен жақсымын» толып жатыр,
Жақсылығы өзiнен артылмаған…
Бәрiнен тыныш ұйқтап жатқандар көп,
Ұмтылып, талап ойлап, талпынбаған.
Ахмет Байтұрсынұлы
Бұрынғы өткен заманда бір топ адам кеме-
мен алыс сапарға шықпақ болыпты. Баратын
жерлері алыс болғанына қарамастан, айлап
жол жүруге бекініпті. Саяхаттамақшы болған
адамдардың көп болғанына қарай, кеме де
соған сай үлкен екен. Екі қабаттан тұратын
бұл кеменің астыңғы қабаты су деңгейімен
шамалас немесе одан сәл төмендеу болады.
Ал жоғарғы қабаты су деңгейінен жоғары
тұрады. Саяхатшылар орынға таласып қалмау
үшін өзара жеребе тастап, кемегедегі орында-
рына жайғасады. Кейбіріне кеменің жоғарғы
қабаты, кейбіріне оның төменгі қабаты бұй-
ырады. Астыңғы қабатта тұратындар су алу
үшін жоғарғы қабатқа шығуы керек болады.
Бірақ бір күні астыңғы қабаттағылар жоғары
шығуға ерініп: «Үстіңгі қабаттағыларды ма-
50
заламайық, өзіміз осы жерден бір тесік тесіп
алайық», – дейді. Ондағылары суға жоғары-
дағыларға қарағанда біз әлдеқайда жақынбыз
деген жалған уәж айтып, жоғару көтерілуге
жалқаулық танытқандықтары болатын.
Қазақ айтпақшы, «Кемедегінің жаны бір».
Осындайда үстіңгі қабаттағылар қол ұшын
созып, мәселені шешуге атсалыспаса, бүкіл
кеме суға кетеді. Жоғарыдағыларды мазала-
майық деудің орынсыздығын бірінші кезекте
төмендегілер өздері түсінеді. Төмендегілер-
мен бірге жоғарыдағылар да әбден әбігерге
түсіп, қол қусырып қарап отырғандарының
сазайын тартады.
Бұл оқиға бізге жақсылыққа шақырып, жа-
мандықтан тыюдың маңыздылығын көрсе-
теді. Егер бұл іс тиісті деңгейінде жүргізілме-
се, онда оның зардабын бүкіл ел болып, қоғам
болып көреді. «Отан отбасынан басталады»
демекші, әңгімеде айтылған өнеге тек қоғам-
дық деңгейде ғана емес отбасы, ошақ қасы-
на да қатысты. Тіпті сыныптас, группаластар
арасында, ұжым ортасында да болуы қажет.
Жақсылыққа қалай шақырамыз, жаман-
дықтан қалай тыямыз?
Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю-
дың үш жолып тілге тиек етсек:
51
Біріншісі, бір жамандық орын алса, оны қол-
мен тыю. Қоғамда белең алған жағымсыз
құбылыстар мен арсыздықтарды қарапайым
қоғам мүшесі жақсылықтың қалай жасала-
тынын көрсету арқылы тыя алады. Өзі жау-
апты болған істің дұрыс жасалуын қадағалау
арқылы жүзеге асырады. Егер балалы-шаға-
лы болса, оларға жақсы тәрбие беру арқылы
өзгерте алады.
Ал қоғамдық деңгейде орын алған жаман-
дықтарға ауыздық болу, тікелей барып өз-
герту, ол – қолында құзірет бар органдардың
міндеті. Кез келген адам барып, қолымен
өзгертуге тырысса, қоғамда жүйесіздік пен
хаос орын алады. Керісінше мұндай жағдай-
да құқық қорғау, қауіпсіздік сақтау органда-
ры мен жергілікті билік өкілідеріне хабарлау
жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю-
дың таптырмас жолы.
Екіншіден, жамандықты адам тілімен өзгер-
туі. Бұл көбінесе ғалымдардың, зиялы қа-
уым өкілдерінің міндеті есептелгенімен, кез
келген адам әдептен озбастан, өз деңгейінде
жасау арқылы да жүзеге асады. Жақсылыққа
шақырып, жамандықтан тыюдың бұл түрі
тиісті мекемелерге шешім жолдарын ұсы-
ну арқылы да атқарылады. Ақындар қызыл
тілімен, күйшілер қоңыр сазымен жеткізеді.
Қалам арқалағандар осы аманатты қаламның
52
ұшымен орындайды.
Үшіншіден, адамгершілік моральға сыймай-
тын қылықтардың орын алып жатқанын көр-
генде жүрекпен қынжылу, іштей оған наразы
болу. Біздің азаматтық позициямыз жоқ деген-
де осы үшінші деңгейінде болу керек. Өйткені
жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюдың
ең әлсіз түрі осы. Себебі Отанымызда қандай
да бір көңілге қаяу салатын құбылыс пайда
болса, оған бейжай қарау патриот адамға жа-
распайды. Екіншіден, егер орын алып жатқан
келеңсіздіктер мен жамандықтарға көз жұма
қарап, оған іштей қарсы болмасақ, уақыт өте
келе ол жайттарға етіміз үйреніп кетеді. Одан
кейінгі кезекте ол қасиеттер жақындарынан,
тіпті өз бойынан табылып жатса да жатырқа-
майтын күй кешеді.
Еліміз гүлденіп дамуы үшін жақсылыққа
шақырып, жамандықтан тыю осы елдің пер-
зенті ретіндегі асыл борышымыздың бірі.
Әрине әркім бұл миссияны өз шама шарқын-
ша атқарады. Алайда бұл іске үлес қоса алу
үшін әуелі адам өз жан дүниесін байытуы,
білімін жетілдіруі, ерік-жігерін шыңдауы, үлгі
болар тұлға ретінде қалыптасуы, ізгі амалдар-
ды әдетке айналдыруы қажет. Сол кезде оның
айтқан сөзінің салмағы, істеген ісінің жемісі
болады.
53
54
|