УРМАГАНБЕТ ДИЛНАЗ МДТ-02
Балаларға арналған музыкалық ойындар!
Сиқырлы текше
Мақсаты:Текшедегі аңдардың дауысын келтіріп, тембырын өзгерту мүмкіндігінше жоғару көтеру.
Ойын шарты:Көңілді қиын емес әуен ойналады. Педагог және балалар шеңберге тұрады. Текшені бір біріне қолдарына беріп, тақпақ айтады.
– Алма кепті домалап,
– Көше бойын аралап.
– Кім алманы табады,
– Сол ойыннан шығады.
Қай баланың қолында текше қалып қойса, сол бала текшені ортаға лақтырады. Педагог текшеде қандай сурет екенін балалардан сұрайды. Балалар жауап береді. Егер текшеде мысықтың суреті болса, педагог ол балаға мысықтың қалай амандасатын көрсетуін сұрайды.
Менің балаларым қайда?
Ойын шарты: Музыка жетекшісі балаларға карточкада тауық, үйрек, күрке тауық, ит, мысық аналарын т.б көрсетеді, ал балалардың қолдарында кіші карточка (балалары) музыка жетекшісі әндетіп балалардан сұрайды, балалар әуенді танып не туралы айтылғанын ұғып керек карточканы көрсетеді.
Аю мен құс
Ойын шарты: Музыкалық баспалдақ, ән күй жетекшісі күйсандықта балапанның, аюдың әндерін ойнайды, ал балалар музыканы тындап, ойлап тауып музыкалық баспалдаққа, жоғары баспалдаққа- балапан, ал төменгі-аю дұрыс қоюлары керек.
Әнді орналастыру
Ойын шарты:Музыкалық үйшік, осы үйшіктің ішінде әндерге сәйкес суреттер, балалар ең алдымен күйсандықта берілген әуенді тындап, дұрыс шешімін тауып барып керек әннің карточкасын апарып салады.
Кім қалай жүреді?
Ойын шарты: Ән-күй жетекшісі күйсандықта балаларға әр-түрлі жануарлар характеріне сай, әуенді ойнайды балалар әуенді тындап, әуенге сай қимыл-қозғалысты орындаулары керек.
Достарыңызбен бөлісу: |