ЖаңА Өмірге мотивация алматы, 2021


Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру



Pdf көрінісі
бет9/39
Дата08.02.2022
өлшемі7,95 Mb.
#119673
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39
Байланысты:
Жаңа өмірге мотивация

Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру 
ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қай-
та бойды сергітіп, ойына жәрдем ететін 
нәрсе. 
Ғабит Мүсірепов


38


39
САЛАУАТТЫ ӨМІР 
«Тәні саудың – жаны сау».
(Халық мәтелі)
Салауатты өмір салтын ұстану адам өмірі үшін 
қаншалықты маңызды екенін ойлап көрдіңіз 
бе?! Адам ағзасы жасушалардан тұрады. Сол 
жасушаның өзі – тірі ағза. Ол – өте нәзік әрі 
сезімтал жаратылыс. Ол өзіне күтіммен қа-
ралғанын қажет етеді. Әсіресе ми жасуша-
лары ерекше күтімге мұқтаж. Нейрондарға 
жеткілікті оттегі жетпесе, олардың жұмыс 
істеуінің нашарлауына алып барады. Кейде 
оттегі дұрыс жетпегендіктен, олардың жап-
пай өлуіне алып баруы мүмкін. Кейде оттегі 
тапшы болған жағдайда ми жасушалары өте 
бәсең жұмыс істей бастайды. Сонымен қатар 
адам бойында артық салмақ болған жағдай-
да денедегі жасушалардың біразына оттегі 
жетпей қалуы мүмкін. Соның ішінде ми жа-
сушаларын ерекше атап өткен жөн. Себебі ми 
адам денесінің бар-жоғы екі пайызын құраға-
нымен, оған келіп түскен оттегінің жиырма 
пайызын пайдаланады. Ми жасушаларының 


40
әлсіреуіне оттегінің аз баруынан бөлек басқа 
да факторлар әсер етеді. Мысалы, ағзаға зиян-
ды қорек келіп түсуі бүкіл организмге залал 
тигізетіні сияқты, миға да кері әсерін тигізеді. 
Өйткені ми денеге келіп түскен қоректің көп 
мөлшерін пайдаланады. Тіпті адам аш болса 
да, ағзадан қорегін алуды тоқтатпайды. 
Ал алкогольді ішімдік немесе есірткі пайда-
ланылған уақытта басқа дене мүшелерімен 
қатар ми жасушалары да қатты зақымданады. 
Уланған нейрондар жұмыс істеулерін уақыт-
ша тоқтатады. Ми жасушаларының улануы-
ның кесірінен олардың ыдырайды немесе 
жасушалардың арасындағы байланыс үзіледі. 
Ал бұл процесс өз кезегінде түрлі психикалық 
және неврологиялық ауруларды былай қой-
ғанда, интелектуалды белсенділіктің төмен-
деуіне де әкеліп соғады. 
Адам баласы басқа жаратылыстардан сана-
лылығымен ерекшеленетінін ескерсек, сала-
уатты өмір салтын ұстану – оның осы санат-
та қалуының кепілі. Салауатты өмір салтын 
ұстану арқылы ақыл мен миды қорғау адам-
ның ең басты борышы екенін естен шығар-
мағанымыз абзал.


41


42


43


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет