37
болмаса, жеңіліс табулары ықтимал. Ал «Төр-
теу түгел болса, төбедегі келеді». Аз болса да,
тату команданың жеңу ықтималы басым.
7. Командалар арасында достық сезімнің
басым болуы қажет. Қарсы командаларды
дұшпан ретінде көру спорт рухына қайшы
екенін естен шағармаған дұрыс.
8. Спортқа ең ыңғайлы уақыттарды арнау.
Таңдалған уақыт адамның басқа маңызды
істеріне кедергі болмауы тиіс. Мысалы, кітап
оқу, білім алу, өзіне жүктелген міндеттерді
атқаруға тосқауыл болмайтын уақыттарды
арнаған дұрыс.
Қорытындылай келе, спорт – адамның да-
муына, денесін шынықтыруына, ерік-жігерін
шыңдауға көмектесетін басты құралдардың
бірі дегіміз келеді. Сондықтан спорт түр-
лерінің бірімен шұғылдану өзін жетілдіруге
ден қойған әрбір адамның өмірінің ажырамас
бөлігіне айналуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: