Мақсаты:Баланың гигиеналық күтімі.
Көрсеткіш: жаңа туылған және емшектегі балалардың күтімі.
«Баланың астын жуу(подмывание) профилактикасы» Әзірле:стерильді тампон, сүлгі, пинцет, стерильді өсімдік майы, таза жаялықтар, баланың таза киімі, қолғаптар, лоток, алжапқыш, су, дезинфекциялаушы ерітінді.
Іс-әрекет алгоритмі: Баланың анасына іс-әрекеттің жүргізілуі мен мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз
Кранды ашып судың температурасын 37-38 С-қа келтіріңіз.
Жөргектеу үстелін залалсыздандырушы ерітіндімен өңдеңіз, таза жаялық жайыңыз.
Баланы жөргектеу үстеліне қойып, баланың жөргегін шешіп, терісін және табиғи қатпарларын көр.
Баланы сол қолыңызға алғанда иығы білегіңізде жатсын, ал саусақтармен сол санынан ұстаңыз.
Алақанның арқа жағымен судың жылылығын тексер, оң қолыңды балалар сабынымен сабында. Қыздардың астын алдынан артқа қарай ( немесе жоғарыдан төмен қарай) ал ер балаларды кез келген бағытта жу.
Баланы жөргектеу үстеліне жатқызыңыз да жаялықпен денесін құрғатыңыз.
Стерильді тампонды стерильді өсімдік майына батырыңыз.
Өсімдік майына батырылған залалсыздандырылған тампонмен шат аралығын және бөксе аймағындағы қатпарларды өңде.
Қолданылған тампондарды КБУ-ге салыңыз.
Қолғаптарыңызды шешіңіз, оларды КБУ-ге салыңыз, қолданылған пинцетті дез ерітіндіге салыңыз.