«Баланың көз күтімі»
Әзірле:стерильді сүлгілер, пинцет, қайнатылған су, қолғаптар, КБУ, дез ерітінді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Баланың анасына іс-әрекеттің жүргізілуі мен мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз
Қолды гигиеналық деңгейде жақсылап тазалап, қолғапты киіңіз.
Жөргектеу үстелін залалсыздандырушы ерітіндімен өңдеңіз, таза жаялық жайыңыз.
Баланы жөргектеу үстеліне жатқызыңыз.
Пинцет арқылы сүлгіні алыңыз қайнатылған суға батырыңыз
Оң қолмен сүлгіні алып сол көздің сыртқы бұрышын кеңсірікке қарай жуыңыз(баланың басын сол қолмен қозғалтпай ұстаңыз).
Құрғақ сүлгімен көзін кептіріңіз.
Жаңа тампон алып сол қолымен оң көзді осындай әдіспен жуыңыз(баланың басын оң қолмен қозғалтпай ұстаңыз).
Қолданылған тампондармен сүлгілерді КБУ-ге салыңыз, ал қолданылған пинцетті дез ерітіндіге.
Қолғаптарды шешіп КБУ-ге салыңыз.
Қолыңызды жуып кептіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |