Науқас созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен емделгендіктен жедел болмайды кате
Науқастағы ісіну дамуының патогенезін ұсыныңыз. Жок мына суракка жауап
3. Организмнің оттегімен қамтамасыз етілуінің өзгерістеріне түрлік және жас шамалық сезімталдық бар ма? Жауапты түсіндіріңіз.
Оттегінің жеткіліксіздігіне әртүрлі ағзалар мен тіндердің сезімталдығы әр түрлі болып келеді.себебі, ол зат алмасуының қарқынына, тіннің оттегіге мұқтаждығына және гликолиздік жүйенің қуатына, гендік құраллдарының мүмкіншіліктеріне байланысты болып табылады.
Толыктыру керек
Коллоквиум №2 «Типтік патологиялық процестер» бөлімі
Билет № 3 Жеңісбек Әлжан 316 жм
Тапсырма 1. Науқас Р., 22 жаста, көліктік қақтығыстан кейін жарақаттық бөлімшеге түсті. Көптеген сынықтар мен денесінің төменгі бөлігінде ұрылып, соғылған жерлері көп, жұмсақ тіндері езілген. ауруханаға түскеннен соң бір аптадан кейін дене температурасы жоғарылап, құрсақ түбінде ауру сезімі пайда болды. Тексергенде ішперде қуысында сұйықтық жиналғаны анықталды.
Парацентез нәтижелері*. Салыстырмалы тығыздығы 1,054, нәруыздардың мөлшері 0,63 г/л, жасушалардың саны 7000 в 1 мкл, сары-жасыл түсті сұйықтық алынды. Тұнбада нейтрофилдер басым, оның ішінде дегенеративті түрлері, микробтар жасуша ішіне де, жасуша сыртына да, орналасқан.
*Парацентез - ішперде қуысына пункция жасау.
1. Науқаста қандай типтік патологиялық процесс дамыды? Дәлелді жауап беріңіз.
Науқаста қабыну процессі жүріп жатыр.Соның ішінде экссудаттың пайда болғанын байқауымызға болады.Экссудат бұл қабынулық табиғаты бар патологиялық сұйықтық.
2. Осы типтік патологиялық процестің этиологиясы қандай? Науқастан алынған сұйықтықтың сипаты қандай – транссудат па немесе экссудат па? Жауабыңызды негіздеңіз. Пунктаттың түрі қандай және оның басқа патологиялық сұйықтықтардан айырмашылығы қандай.
Этиологиясы. Қабыну туындатқан себебіне қарай инфекциялық және бейинфекциялық болып бөлінеді. Қабыну туындататын барлық ықпалдар экзогендік және эндогендік болып екі топқа бөлінеді. Сыртқы ықпалдарға микроорганизмдер, жануарлар организмдері , химиялық заттар , механикалық және температуралық әсерлер,сәуле қуаттары(радийбелсенді, ультракүлгін және рентген сәулелері) жатады.
Қабынуды туындататын организмнің ішкі ықпалдарына: тромбоз, қан құйылу, тас құрылу, микроциркуляцияның, зат алмасуының бұзылыстары ж.б. жатады. Әлеуметтік орта құбылыстарының әсерлерінен дамитын жандүниелік күйзелістер, эмоциялық зорлануларда қабынудың себебі болуы ықтимал. Олар қан айналым
бұзылыстарына, зат алмасудың өзгерістеріне (май қышқылдарының асқын тотығуына) әкеліп, жергілікті ағзаның кейбір, кейде тіпті әдеттегі, қоздырғыштарға төзімділігі әлсіретуі мүмкін.
Науқастан алынған сұйықтық экссудат. Себебі науқастың эритроциттері басым болуына байланысты,яғни 1,054 қалыпты жағдайда 1,016-1,020 болуы қажет.Сонымен қатар нейтрофилдердің басым болуы.
Пунктаттың түріне қарай бұл жерде сірнелі, яғни серозды эксудант.
Сірнелі (серозды) жалқық терінің, сірі қабықтардыңқабынуларының бастапқы сатыларында пайда болады. Мысалға, күйік, вирустық жұқпалар, аллергиялық қабыну кездерінде байқалады. Оның құрамында 2-3%-дай нәруыздар (негізінен әлбуминдер), аз мөлшерде лейкоциттер және су болады. Түсі сарғыштау, мөлдір болады.
Достарыңызбен бөлісу: |