Толык емессс
Тапсырма 2. Науқас А., 70 жаста, миокард инфаркты (2017, 2019), созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, декомпенсация сатысы бойынша диагнозы бойынша ем қабылдап жатыр.
Объективті: акроцианоз, аяқ-қолдарында айқын ісінулер, асцит, өкпесінде ылғал сырылдар, гепатомегалия.
Зертханалық зерттеулер деректері:
РаO2 = 75 мм сын.бағ.
SaO2 = 90%
PvO2 = 15 мм сын.бағ.
SvO2 = 29%
О2 бойынша а/в айырмашылық = 9,8көл %
1. Зертханалық зерттеулердің нәтижелерін интерпретациялаңыз. Қорытынды жасаңыз. Жауапты түсіндіріңіз.
РаO2 = 75 мм сын.бағ.↓ қалыпты деңгейден төмен
SaO2 = 90%↓ қалыпты
PvO2 = 15 мм сын.бағ.↓ қалыпты деңгейден төмен
SvO2 = 29%↓ қ.ж. төмен
О2 бойынша а/в айырмашылық = 9,8көл. %↑
Эндогенді гипоксия соңын ішінде циркуляциялық түрі байқалған. Циркуляциялық гипоксия қан айналымының жергілікті және жалпы бұзылыстарында дамиды. Науқаста жалпы циркулияциялық гипоксия жүрек ауруларымен байқалып.
2. Қан оксигенациясы көрсеткіштерінің осындай өзгерістерінің дамуына қандай себептер ықпал етуі мүмкін. Науқастағы ісіну дамуының патогенезін ұсыныңыз.
Науқаста гипоксия жедел түрі дамып тұр. Жедел дамитын жоларына:
өкпеде ауа алмасуының ұлғаюы немесе гипервентиляция дамуы
қан айналымы жүйесінің қызметі артуы
қан жүйесінің өзгерістері
гемоглобин молекуласының өкпеде оттегінің байланыстыру және оны тіндерге тасымалдау қабілетінің көтерілуі жатады.
Гипоксия кезінде гемоглобин молекуласының оттегіге үйірлігі өзгереді.Ол оксигемоглобиннің оттегіденажырасуымен анықталады. Оксигемоглобиннің оттегіні тіндерге беру қабілеті эритроциттердің іштерінде АТФ пен 2,3-дифосфоглицерат көюейгенде артады.
Достарыңызбен бөлісу: |