Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


Патологияның осы түрінің алдын алу мен емдеудің негізгі принциптерін атаңыз және оларды патофизиологиялық тұрғыдан түсіндіріңіз



бет158/169
Дата04.05.2023
өлшемі1,42 Mb.
#176032
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   169
Байланысты:
Æà?äàÿòòû? åñåïòåð I. 1-2 æà?äàÿòòû? òàïñûðìà

3. Патологияның осы түрінің алдын алу мен емдеудің негізгі принциптерін атаңыз және оларды патофизиологиялық тұрғыдан түсіндіріңіз.

Семірудің алдын алу үшін тамақтың құнарлылығын, ондағы ас тұзын, тәтті және ащы өнімдерді шектеп, бөліп, жиі (күніне 5-6 рет) қоректену қажет. Тамақпен түсетін энергияның 70%-ы күннің бірінші жартысына келуі керек, оның тек 30%-ы түстен кейінгі тамақтануға (түстен кейінгі, кешкі және жатар алдындағы ас) келгені дұрыс. Жатар алдында кем дегенде 2 сағат бұрын тамақ қабылдау қажет. Дұрыс қоректену дегеніміз — сапалық құрамы жағынан организмге қажетті мөлшерде нәруыздармен, витаминдермен және микроэлементтермен байытылған тамақтарды тұтыну.


Сонымен бірге гиподинамияны шектеу, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану қажет. Толық адамдарда май алмасуы бұзылысын реттеу үшін дәрілер атап айтқанда- лептин, сонымен қатар балық майынан алынған «эйконол» қолданылады. Ол қанда майдың мөлшерін, артериалық қысымды төмендетеді, қанның ұюын ретке келтіреді.

Тапсырма 2.Науқас И., 57 жаста, сол иыққа және жауырынға берілетін және нитроглицеринмен басылмайтын кеуде артындағы қарқынды ауырсыну шағымдарына байланысты тексеруден өтуде. Коронарографияны орындау кезінде сол жақ коронарлық артерияның ортаңғы үштен бір бөлігінің бітелуі анықталды.


1. Науқастың коронарлық тамырларында қандай патологиялық процесс пайда болуы мүмкін? Жауапты түсіндіріңіз.
Жауап: миокард инфарктісімен көрінген сол жақ коронарлық артерияның атеросклерозы. Миокард инфарктісімен көрінетін себебі егер науқаста атеросклеоздың өзі болатын болса нитроглицеринмен басуға болар еді.Алайда науқас ауырсынуын нитроглицеринмен баса алмаса миокард инфарктісімен көрінген атеросклероз болып отыр.
Қанның биохимиялық анализінің қандай көрсеткіштерінің өзгеруі осы патологияға тән?
Жауап: холестерин мөлшері 5 ммоль/л-ден жоғары және атеросклерозды тудыратын атерогенде липопротеидтер(ТТЛП, ӨТТЛП) 3ммоль/л жоғары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет