Осы мысалда жалпы нозологияның қандай түсініктері берілген?
Оларға толық анықтама беріңіз.
Науқаста өңештің тыртықтық тарылуының болуы – дерттік жағдай (патологиялық жағдай), себебі организм үшін кері биологиялық мәні бар қалыптан тыс тұрақты ауытқу болып тұр.
Өңештің экзогендік химиялық фактор әсерінен күйіп қалуы дерттік үрдіс (патологиялық процесс)болып табылады, себебі ауру туындататын ықпалдың бүліндіргіш әсеріне заңды түрде пайда болып, тіндер мен ағзалардағы зақымдану, қорғаныс-бейімделу серпілістерінің жиынтығы ретінде көрнініс берген.
Тамақтанған кезде өңешпен тағамның жылжуынан сілекей ағу, лоқсу, құсудың пайда болуы – организмнің (бұл жағдайда асқорыту жүйесінің) әдеттегі немесе ауру тудыратын қоздырғыштардың әсерлеріне биологиялық сәйкессіз және мәнсіз жауап қайтаруы, яғни дерттік серпіліс (патологиялық реакция) болып табылады.
Сіз жалпы нозологияның тағы қандай түсініктерін білесіз? Мысалдарды келтіріңіз.
Жалпы нозологияда ауру түсінігі дерттік серпіліс, дерттік үрдіс, дерттік жағдай түсініктеріне жақын тұрады. Ауру дегеніміз – тұтас организмнің қоршаған ортаның ықпалдарына қорғанып-бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуімен көрінетін, сыртқы және ішкі факторлар әсерінен дамитын, организмнің жеке биологиялық және әлеуметтік мұқтаждықтарын атқара алмайтын жаңа сапалық жағдайы.
I.1-10 жағдаяттық тапсырма Науқас Ш., 22 жаста, мұрны бітелгеніне, одан сілемейлі-іріңді шығындыларға, иіссезімнің нашарлағанына, басы ауыратындығына, жалпы әлсіздікке шағымданды. Анамнезінен: 3 күн бұрын түшкіру, жасаурау, дімкәстік байқалды. Риноскопия жасағанда табылғаны: мұрынның сілемейлі қабығындағы қабыну, ісіну, әсіресе мұрын кеуілжірі аумағында, микроциркуляция бұзылыстары. Жіті ринит диагнозы қойылды.
Осы мысалда жалпы нозологияның қандай ұғымдары берілген?
Бұл мысалда патологиялық реакция көрініс берілген одан патологиялық процесске ауысады.
Патологиялық процесті аурудан айыратын ерекшеліктерді атаңыз.
Негізгі ерекшелігі бұл науқасқа риноскопия жасағанда табылған мұрынның сілемейлі қабығындағы қабыну, ісіну, әсіресе мұрын кеуілжірі аумағында, микроциркуляция бұзылыстары болып табылады.
Науқастағы нозологиялық бірлікті сізге белгілі аурулардың жіктемелік принциптеріне негізделіп, сипаттаңыз.Пайда болу себептеріне қарай жүре пайда болған.Жүре пайда болған инфекциялық.Даму жолдарына қарай қабынулық.Даму жылдамдығы мен көріну қарқынына қарай жіті.Науқас адамдардың жасына қарай ересек адам.