2.1.6. Кеплер заңдары
Кеплер Коперник ілімін жалғастырушы және дамытушы болды. Бастапқы кезде Кеплер планеталарды шеңбер бойымен қозғалады деп есептеп, кейінірек ол пайымдауларынан бас тартып, планеталар қозғалысының келесі 3 заңын ашты:
1. Барлық планеталар эллипстер бойымен қозғалады және оның бір фокусында Күн тұрады;
2. Планетелардың радиус-векторлары тең уақыт аралықтарында теңдей аудандар сызады;
3. Планеталардың Күнді айналуының сидерлік периодтарының квадраттары олардың эллипстік орбиталарының үлкен жарты осьтерінің кубтарына пропорционал (сурет 2.3).
Сурет 2.3. а) Эллипстік орбита; б) Кеплердің екінші заңын түсіндіру
Мұндағы, f1, f2 - фокустар, ол АП үлкен оське тең. АО қашықтығы үлкен жартылай ось деп аталады, О-эллипс центрі, Оf1/OП=е - эллипс эксцентриситеті. Планеталар орбиталарының шеңберден айырмашылығы аз, сондықтан олардың эксцентриситеттері де аз шамаға тең.
Достарыңызбен бөлісу: |