3.4.10. Визуалды қос жұлдыздар
Қосарлылығы тек телескоп арқылы анықтайтын қос жұлдыздар – визуалды қос жұлдыздар деп атайды. Серік жұлдыздың бас жұлдызға қатысты көрінетін орбитасын ұзақ уақыт бақылаулар арқылы анықталады. Бұл орбиталар эллипс пішінді болады.
Визуалды қос жұлдыздың көрінетін орбитасы оның шын орбитасының жазықтыққа проекциясы болып табылады. Сондықтан орбитаның барлық элементтерін анықтау үшін ең алдымен еңкею бұрышын білу керек. Бұл бұрышты жұлдыздардың еңкеюін бұрышын көрінгенде ғана анықтауға болады. Егер еңкею бұрышы, периастр бойлығы болса , онда бұл элементтерді анықтау геометриялық есеп болып табылады. Орбитаның үлкен жарты осьінің шын мәнін а және а келесі өрнекпен байланысқан:
А және а бұрыштық өлшеммен анықталады.
Қазіргі кезде алпыс мыңнан аса визуалды қос жұлдыздар тіркелген. Бұлардың шамамен екі мың орбиталарының қозғалыстары анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: |