Жаратылыстану-математика факультетінің деканы



бет3/12
Дата29.03.2017
өлшемі2,29 Mb.
#12443
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Дәріс мазмұны:

Гүл. Құрылысы және атқаратын қызметі.Гүлтұғыры. Гүл бөлімдерінің өзара орналасуы. Гүлсерігі. Қарапайым және қос гүлсерігі. Гүлдің дамуы.

Андроцей. Құрылысы, шығу тегі.Тозаңдықтың жетілуі және құрылысы. Аталықтың даму циклі. Тозаңқаптың пайда болуы.

Гинецей құрылысымен танысу.гинецей түрлері. Жатын құрлысы және жатынның түрлері. Тұқым бүрі және онгың құрылысы.


Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Агелеуов Е.А. «Ботаника», Алматы «Санат», 1998 ж. 298-311 бет.

2. Әметов Ә.Ә. «Ботаника» Алматы «Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті», 2000 ж. 131-166 бет.

3. Васильев А.Е. и др. «Ботаника» Москва «Просвещение», 1988 г. 402-419 бет.

4. Хржановский В.Г. «Основы ботаники», 1969 ж. 185-206 бет.
Қосымша:

1. Мұсақұлов Т.М. «Ботаника», 1975 ж.

2. Кудрявцев А.В. и др. «Ботаника с основами экологии», 1979 ж.

3. Генкель П.А. «Ботаника» Москва «Учебно-педагогическое издательство Министерства просвещения РСФСР», 1952 ж.


СОЖӨЖ-ның мазмұны:

Гүлдің жеке дамуы және онда болатын өзгерістер.

СӨЖ-ның мазмұны:

„Гүлдің морфологиялық құрылысы” тақырыбындағы практикалық сабаққа теориялық жағынан жауап беру.
Кредит сағат 2

Тақрыбы: Гүлдің морфологиялық құрылысы.

Практикалық сабақ мазмұны:

Тозаң және тозаңқап құрылысы. Тозаң түрлерін микроскоп арқылы зерттеу.

Гинецей түрлеріне сипаттама беру

Тұқым бүрінің және түйіннің құрылысымен танысу, суретін салу.

СОЖӨЖ-ның мазмұны:

Гүл симметриясының түрлері. Зигоморфты және актиноморфты гүлдер.

Гүл морфологиясы мен диаграммасы. Тұқым бүрі және оның құрылысы.



СӨЖ-ның мазмұны:

„Гүл”тақырыбында қарастырылған препараттарды тапсыру, суреттерді аяқтау және есептесу.
ХІІ апта

Кредит сағат 1



Тақрыбы:

Өсімдіктердегі спорогенез және гаметогенез

Гүлді өсімдіктердің тозаңдануы

Дәріс мазмұны:

Микро- және макроспорогенез, микро- және макрогаметогенез. Гаплоидты спораның және аталық, аналық гаметофиттің пайда болуы. Қосарынан ұрықтану.

Өсімдіктердің тозаңдануы. Жалпы сипаттамасы.Тозаңдану түрлері. Айқас және өздігінен тозаңдану.

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Агелеуов Е.А. «Ботаника», Алматы «Санат», 1998 ж.311-325 бет.

2. Әметов Ә.Ә. «Ботаника» Алматы «Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті», 2000 ж. 168-170бет.

3. Васильев А.Е. и др. «Ботаника» Москва «Просвещение», 1988 г. 402-430 бет.

4. Хржановский В.Г. «Основы ботаники», 1969 ж. 218-223 бет.
Қосымша:

1. Мұсақұлов Т.М. «Ботаника», 1975 ж.

2. Кудрявцев А.В. и др. «Ботаника с основами экологии», 1979 ж.

3. Генкель П.А. «Ботаника» Москва «Учебно-педагогическое издательство Министерства просвещения РСФСР», 1952 ж.



СОЖӨЖ-ның мазмұны:

Қос үйлі және бір үйлі өсімдіктер. Қосарланып ұрықтану. Ұрық қалтасының пайда болуы.



Дихогамия және гетерогамия. Олардың биологиялық маңызы.

СӨЖ-ның мазмұны:

„Гүлшоғыр” тақырыбындағы практикалық сабаққа теориялық жағынан дайындалу. Бақылау сұрақтарына жауап беру және сабақ жоспарын жазу.
Кредит сағат 2

Тақрыбы: Гүл шоғыры.

Практикалық сабақ мазмұны:

Гүл шоғыры, оның түрі, биологиялық мәні туралы айту. Жай және күрделі гүл шоғыры. Олардың бір-бірінен айырмашылығы. Кеппешөп материалы және кестелерді пайдалана отырып, гүл шоғыр түрлерін қарастыру, сипаттама беру, суреттерін салу.күрделі және жай, анықталған және анықталмаған, аралас гүл шоғыры.



СОЖӨЖ-ның мазмұны:

Қос үйлі және бір үйлі өсімдіктер. Қосарланып ұрықтану. Ұрық қалтасының пайда болуы.

Дихогамия және гетерогамия. Олардың биологиялық маңызы.

“Гүл шоғыр” тақырыбында қарастырылған обьектілердің суретін салу, оларға сипаттама беру. №11 тапсырманың бақылау сұрақтарына жауап беру.

СӨЖ-ның мазмұны:

«Гүл» тақырыбында қарастырылған обьектілердің суреттерін салу, оларға сипаттама беру. №9,10 тапсырманың бақылау сұрақтарына жауап беру. “Гүл шоғыр” тақырыбында қарастырылған обьектілердің суретін салу, оларға сипаттама беру. №11 тапсырманың бақылау сұрақтарына жауап беру.





ХІІІ апта

Кредит сағат 1



Тақрыбы: Тұқымның дамуы.

Дәріс мазмұны:

Тұқымның дамуы.Тұқымды анықтау. Ұрық пен эндоспермнің дамуы.



Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Агелеуов Е.А. «Ботаника», Алматы «Санат», 1998 ж. 151-160 бет.

2. Әметов Ә.Ә. «Ботаника» Алматы «Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті», 2000 ж. 172 бет.

3. Васильев А.Е. и др. «Ботаника» Москва «Просвещение», 1988 г. 430-445 бет.

4. Хржановский В.Г. «Основы ботаники», 1969 ж. 223-226 бет.
Қосымша:

1. Мұсақұлов Т.М. «Ботаника», 1975 ж.

2. Кудрявцев А.В. и др. «Ботаника с основами экологии», 1979 ж.

3. Генкель П.А. «Ботаника» Москва «Учебно-педагогическое издательство Министерства просвещения РСФСР», 1952 ж.


СОЖӨЖ-ның мазмұны:

Өсімдіктердің экологиялық топтары. Өсімдікке әсер ететін сыртқы орта жағдайлары.

Өсімдіктердің субстратқа және ылғалға байланысты экологиялық топтарына сипаттам беру.



СӨЖ-ның мазмұны:

«Тұқым» тақырыбындағы практикалық сабаққа теориялық жағынан дайындалып келу, бақылау сұрақтарына жауап беру.
Кредит сағат 2

Тақрыбы: Тұқым

Практикалық сабақ мазмұны:

Дара және қос жарнақты өсімдіктердің тұқымының құрылысын бидай дәнін мысалға ала отырып қарастыру (тапсырма №12)
СОЖӨЖ-ның мазмұны:

Топырақ –экологиялық фактор ретінде.

Өсімдіктің ылғалға байланысты экологиялық топтары.Топырақ қасиеттерінің өсімдіктің дамуына тигізетін әсері.

Климаттық факторлардың өсімдіктердің дамуына әсері.

Өсімдіктердің тіршілік формалары. Тіршілік формаларының К.Раункиер классификациясы бойынша жіктелуі.
Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Агелеуов Е.А. «Ботаника», Алматы «Санат», 1998 ж.353-359 бет.

2. Васильев А.Е. и др. «Ботаника» Москва «Просвещение», 1988 г. 331-360 бет.
Қосымша:

1. Мұсақұлов Т.М. «Ботаника», 1975 ж.

2. Кудрявцев А.В. и др. «Ботаника с основами экологии», 1979 ж.

3. Генкель П.А. «Ботаника» Москва «Учебно-педагогическое издательство Министерства просвещения РСФСР», 1952 ж.


СӨЖ-ның мазмұны:

„Тұқым” тақырыбында қарастырылған обьектілердің суретін салу, есептесу және өсімдіктердің экологиялық топтарын ажырата білу.

ХІҮ апта

Кредит сағат 1

Тақрыбы: Жеміс

Практикалық сабақ мазмұны:

Жемістер. Жемістердің биологиялық маңызы, Жеміс серігінің құрылысы

Құрғақ және шырынды жемістер.Төменгі және жоғарғы жемістер. Жемістің түрлері.Жемістердің және тұқымдардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Агелеуов Е.А. «Ботаника», Алматы «Санат», 1998 ж. 329-331 бет.

2. Әметов Ә.Ә. «Ботаника» Алматы «Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті», 2000 ж. 174-181бет.

3. Васильев А.Е. и др. «Ботаника» Москва «Просвещение», 1988 г. 441-458 бет.

4. Хржановский В.Г. «Основы ботаники», 1969 ж. 226-233бет.
Қосымша:

1. Мұсақұлов Т.М. «Ботаника», 1975 ж.

2. Кудрявцев А.В. и др. «Ботаника с основами экологии», 1979 ж.

3. Генкель П.А. «Ботаника» Москва «Учебно-педагогическое издательство Министерства просвещения РСФСР», 1952 ж.


СОЖӨЖ-ның мазмұны:

Құрғақ және шырынды жемістер.Олардың ерекшеліктері.

СӨЖ-ның мазмұны:

„Жеміс морфологиясы” тақырыбындағы практикалық сабақтың жоспарын жазу, бақылау сұрақтарына жауап беру.
Кредит сағат 2

Тақрыбы: Жеміс морфологиясы.

Практикалық сабақ мазмұны:

Жеміс құрлысымен, түрлерімен танысу. Нағыз және жалған жемістер (№12 тапсырма).


СОЖӨЖ-ның мазмұны:Тұқым мен жемістің таралу жолдары.

СӨЖ-ның мазмұны:

“Жеміс” тақрыбында қарастырылған обьектілердің суретін салу, сипаттама беру. №12 тапсырманың бақылау сұрақтарына жауап беру.
ХҮ апта

Кредит сағат 1



Тақрыбы:Морфологиялық талдау.

Дәріс мазмұны:

Өсімдіктердің түрлі тұқымдастарының көбею және өсімді мүшелеріне морфологиялық талдау жасау.



СОЖӨЖ-ның мазмұны:

Өсімдіктердің түрлі тұқымдастарының көбею және өсімді мүшелеріне морфологиялық талдау жасау.

СӨЖ-ның мазмұны:

Морфологиялық талдауға қажетті теориялық біліммен қарулану.
Кредит сағат 2

Тақрыбы: Морфологиялық талдау

Практикалық сабақ мазмұны:

Кеппешөп материалынан өсімдіктердің морфологиялық талдауымен танысу, сипаттама беру.



СОЖӨЖ-ның мазмұны:

Түрлі өсімдік тұқымдастарына морфологиялық талдауды қорытындылау.

СӨЖ-ның мазмұны:

Морфологиялық талдауды дәптерге түсіру, суретін салу. Гүл диаграммасын құру, суретін салу.
2.5. Әдебиеттер тізімі

Негізгі:


  1. Е. Ағелеуов, К. Дөненбаева, К. Агитова, С. Иманқұлова “Ботаника” Алматы “санат” 1998 ж.

  2. Н. Мухитдинов, Ә. Бегенов, С. Айдосова “Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы” Алматы 1993 ж.

  3. Мұсақұлов Т. “Ботаника” Алматы 1975 ж.

  4. Васильев А.Е. и др. «Ботаника. Морфология и анатомия растений» М., Просвещение, 1988г.

  5. Васильев А.Е., Воронин Н.С., Еленский А.Г., Серебряков Т.И. . «Ботаника. Морфология и анатомия растений» М., Просвещение, 1978г.

  6. Хржановский В.Г. «Курс общей ботаники» М., Высшая школа, 1976г.

  7. Курсанов Л.И. и др. «Ботаника» М., 1966г.

  8. Кудряшова З.И., Зубкович Г.И. «Курс лабораторных занятий по морфологии растений» Минск, 1970г.

  9. Барыкина Р.И. и др. «Практикум по анатомия растений» М., 1978г.

  10. А.Е. Васильев, Н.С. Воронин, А.Г. Еленевский, Т.И. Серебрякова, Н.И. Шорина «Ботаника морфология и анатомия растений»

  11. П.А. Генкель, Л.В. Кудряшов «Ботаника» 1952 ж.

  12. П.М. Жуковский «Ботаника» «Советская наука» 1949 ж.


Қосымша:


  1. Современная ботаника М., 1996.

  2. О.А. Гашкова «Практические занятия по общей ботанике» М, 1951 г.

  3. Л.Н. Дорохина, А.С. Нехлюдова «Руководство к лабороторным занятиям по ботанике с основами экологии» Москва «Просвещение» 1980 г.

  4. Н.А. Блукет, В.Т. Емцев «Ботаника с основами физиологии растений и микробиологии»

  5. В.Л. Комаров «Практический курс по анатомии растений»

  6. З.А. Чижевская «Практикум по общей ботанике»


2.6. Бағалау жөніндегі мәлімет
Пән бойынша білімді бағалау кестесі





Бағалау критериі

Бағалау түрі

Апталар

%

Бар-

лығы


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Үй тапсырмасы (СРСП)

2

30

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

Жеке жұмыс (реферат)

1

5

+




+




+




+













+










3

Бақылау жұмысы (тесттер)

5

10



















+



















+




4

Дәрістерге қатысу

0,5

7,5

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

5

Зертханалық сабақта белсенділік

0,5

7,5

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

6

Емтихан




40




7

Қортынды




100

Семестр барысында 7 және 15 жұмада 2 рет бақылау жүргізіледі. Рейтингтік бақылау бойынша студент максимальді түрде 60 балл жинай алады. Рейтингтік бақылау ағымдағы және аралық бақылау қортындысының нәтижесінде жиналған баллдардың суммасы нәтижесінде қойылады.

Тоқсан соңында пән бойынша емтихан түрінде аттестация жүргізіледі.

Студент емтихан қортындысында максимальді түрде 40 балл жинай алады.

Қортынды баға келесі формула бойынша есептелінеді:

U = [( Р1 +Р2 / 2 ]* 0,6 +Е * 0,4

Әріптік бағалау және оның балл күйіндегі сандық эквиваленті дұрыс жауаптардың % қатынасында есептелінеді.


Б а ға

Әріптік жүйе бойынша

Балл бойынша

Пайыздық (%)қатынаста

Дәстүрлі жүйе бойынша

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағатсыз


2.7. Курс саясаты мен іс-жосығы
Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс бойынша бағалау студенттердің тоқсан бойына сабаққа қатысуына, белсенділігіне байланысты қойылады. Дәріс сабақтарына белсенділік танытып, ал практикалық сабақта өз біліктілігін, тәжірибелерді жүргізу дағдысын, икемділігін көрсете білген жөн. Жоғарғы балл студенттің қойылған сұраққа толық жауап беруіне, үй жұмыстарын дұрыс орындағанда, тапсырмаларды уақыты тапсырғанда, практикалық жұмыстарды дұрыс, әрі толық орындаған жағдайда қойылады.


Сабаққа қатысу:

Студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Сабақ жіберілген жағдайда студент оның орнын ОҚК-де көрсетілген уақытта толық көлемде тапсыру қажет. Студент сабаққа кешікпеуі, сабақ үстінде сөйлеспеуі, сабақтан тыс материалдарды оқмауы, ұялы телефондарды пайдаланбауы тиіс. Аталған шарттар орнындалмаған жағдайда студенттердің баллдары кемітіледі.



Үй тапсырмасы:

Үй тапсырмасы мезгілінде және толық көлемде, өз деңгейінде, барлық сұрақтары қамтылып орындалуы тиіс. Уақытылы (көрсетілген аптада) тапсырылмаған жұмыс қабылданбайды.


Жеке тапсырмалар:

Жеке тоқсандық жұмыстар міндетті түрде орындалуы тиіс. Толық, әрі дұрыс орындалған жұмыс қорғалады, ал қате жұмыстар толықтыру мақсатында студенттерге қайтып беріледі.


2.8. Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары
2.8.1. 1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары (бақылау жұмысы)
Клетка” тақырыбы

Өсімдік клеткаларының бөліктері.

Әрбір бөлігінің функциясы.

Протоплазма мен ядроның құрлысы.

Вакуоля және клетка шырыны.

Клетка қабықшасы.

Клетка бөліктенінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері(протоплазма, ядро, клетка қабықшасы).

Өсімдік клеткасының жануар клеткасынан айырмашылығы

Ядроның құрылымдық элементтері, химиялық құрамы және атқаратын қызметтері

Цитоплазма органеллалары және олардың атқаратын қызметтері

Цитоплазмада плазмолиз құбылысының байқалу себебі

Пластидтердің қандай типтері бар

Лейкопласт өсімдіктің қандай мүшелерінде кездеседі және оның реңі қандай

Лейкопласттардың қандай түрлері бар

Хромопластың пигменттік құрамы қандай болады

Хромопласттың биологиялық маңызы неде

Хлоропласттың пигменттік құрамы, атқаратын қызметі қандай

Хлоропласттың мембраналық құрылысы қандай

Крахмал дәндерінің типтері қандай

Жай, күрделі және жартылай күрделі крахмал дәндері қалай пайда болады

Клетка шырыны дегеніміз не

Клеткада қымыздық қышқыл кальций кристалдарының пайда болуының биологиялық маңызы неде.



  1. Қымыздық қышқыл кальций кристалдарының түрін атаңыз

Крахмал дәндерінің құрлысы мен қасиеттері, олардың ерекшеліктері.

24.Алейрон дәндерінің қасиеттері, крахмал дәндерінің айырмашылығы.

25.Майлардың қасиеттері, маңызы.

26.Кристалдардың құрлысы, түрлері мен пішіні және биологиялық маңызы.



«Ұлпа» тақырыбы

  1. Ұлпа деген не?

  2. Алғашқы және соңғы меристемалар.

  3. Жабын ұлпаларының классификация.

  4. Жасмықшаның құрылыс ерекшеліктері.

  5. Механиқалық және өткізгіш ұлпалардың функциялары.

  6. Механиқалық ұлпалардың түрлері, олардың құрлысы мен айырмашылықтары.

  7. Механиқалық және өткізгіш ұлпалардың бір-бірінен айырмашылығы.

«Сабақ» тақырыбы

1.Сабақтың қызметі.

2.Даражарнақтылардың сабағының алғашқы анатомиялық құрлысы.

3.Қосжарнақтылардың сабағының соңғы анатомиялық құрлысы.

4.Қосжарнақтылардың сабағының соңғы анатомиялық құрлысының ерекшеліктері.

5.Үйеңкі /жөке ағашын алса да болады/ мен қарағай сабақтарының айырмашылығы.

6.Жылдық сақина, оның пайда болуы.
2.8.2. 8-15 апталардағы білімді тексеру сұрақтары
«Жапырақ» тақырыбы

1.Көлеңкеде, жарықта өсетін өсімдіктер.

2.Жапырақ бөлімдері.

3.Жапырақ қызметі.

4.Жай, күрделі жапырақ түрлері.

5.Телімді, тілімді, бөлімді жапырақ.

6.Гетерофилия мен метоморфоз.

7.Жапырақтың орналасуы.



«Гүл» тақырыбы

  1. Гүлдің құрлысы және оның атқаратын қызметтері.

  2. Гүл бөліктерінің орналасуы.

  3. Бір немесе қос гүлсерігі бар актинаморфты гүлдердің құрлысы.

  4. Әртүрлі типті күлтесі бар зигоморфты гүл.

  5. Біріккен желекті және дара желекті гүлдер.

  6. Түйіннің түрлерін мысалға келтіріп, атап бер.

  7. Гүлдің андроцейі мен генецейі.

  8. Насеком арқылы тозаңданатын өсімдіктер тозаңының желмен тозаңданатын өсімдіктер тозаңынан айырмашылығы.

  9. Тозаңның құрлысы.

  10. Тозаңдықтың құрлысы.

  11. Тұқым бүршігінің түрлері және оның құрлысы.

  12. Гүл бөлшектерінің орналасуының заңдылықтары.

«Гүлшоғыр» тақырыбы

1.Гүл шоғыры деген не?

2.Анықталмаған гүл шоғыры.

3.Анықталған гүл шоғыры.

4.Гүл шоғырларының негізгі түрлері.

5.Гүл шоғырының биологиялық маңызы.



«Тұқым және жеміс» тақырыбы

1.Даражарнақты және қосжарнақтылардың тұқымның құрлысы және ерекшеліктері.

2.Жеміс деген не?

3.Жеміс классификация.

4.Құрғақ және шырынды жеміс деп нені айтамыз?


3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ




Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Үй тапсырмасы (ОЖСӨЖ)

Студентердің ұйымда жұмыс істеу қабілетін арттыру

Әр аптада көрсетілген әдебиеттер

Әр апта сайын

2 балл (жалпы 30 балл)

Ауызша тексеру, жұмыстың орындалу барысын жазбаша тексеру

2

Жеке тапсырмалар (реферат)

Студентердің ұйымда жұмыс істеу қабілетін арттыру

Пән бойынша барлық әдебиет

1,3,5,7,12 апта

1 балл ( жалпы 5 балл)

Ауызша тексеру

3

Бақылау жұмысы (тесттер)

Ойлау қабылетін тексеру

Пән бойынша барлық әдебиет

7 және 14 апта

30 балл

Ауызша тексеру

5

Дәрістерге қатысу

Конспектілерді түгел жазу, тәртіпті котеру

Әр аптада көрсетілген әдебиеттер

Әр апта сайын

0,5 балл

( жалпы 7,5 балл)



Тексеру, жұмыстың орындалу барысын жазбаша тексеру

6

Зертханалық жұмықа белсенділік

Студентердің ұйымда жұмыс істеу қабілетін арттыру

Әр аптада көрсетілген әдебиеттер

Әр апта сайын

0,5 балл

( жалпы 7,5 балл)



Бақылау сұрақтарға жауап беру, суреттерін тексеру, микроскоппен жұмыс істеу

7

Емтихан

Білімді кешенді тексер







Тест

Тест сұрақтарына жауап беру (жазбаша)


4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ

В.В.Иванов атындағы биология және кафедрасы

Кафедра _____________________________тьютор Молдашева Гүлшекер Мырзаханқызы

(аты-жөні)

Пән Ботаника экология негіздерімен

(пән атауы)

Кредит саны_____2__________________________




п/п


Әдебиеттердің аты

Саны

Ескерту

Кітапханада

Кафедрада

Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі




1

2

3

4

5

6

7

1



Ағелеуов Е. “Ботаника: Өсімдіктер анатомиясы және морфологиясы”, А: Санат, 1998- 368 б

+

8










2


Боброва Т.А. “Ботаника”, М:терра,2000 –304 б.

+

6










3

Әмбетов Ә.Ә. “Ботаника”, А: РБК, 2000 – 508 б.

+

4










4

Ботаника курсының практикумы, А: Республикалық баспа кабинеті, 2000 – 236 б.

+

4










5

Ботаника с основами экологии, М: Просвещение, 1979-320б

+

5










6

Васильев А.Е, Н.С.Воронина, Еленевского А.Г.” ботаника: морфология и анатомия растения”, 1980 – 480 б.

+

5










7

Васильев А.Е, Н.С.Воронина, Еленевского А.Г.” ботаника: морфология и анатомия растения”, 1988 – 480 б.

+

15










8

Гашкова О.А. “Практические занятия по общей ботанике”, М:Просвещение, 1980

+

20










9

10


Генкель П.А. “ Ботаника” М: Учебно-педогогическое издательствоМинестерства просвещения РСФСР, 1952ж.

+

10










11

Дорохина Л.Н. “ руководство к лабораторным занятиям по ботанике с основами экологии”, М:просвещение, 1980

+

20










12

Дорохина Л.Н. “ Руководство к лабораторным занятиям по ботанике с основами экологии”, М:просвещение, 1986

+

20










13

Жизнь растений, 1 том

+

5










14

Жуковский П.А. “Ботаника”, М: высшая школа, 1964 – 667

+

8










15

Курс по общей ботанике, М: высшая школа, 1976 –272 б.

+













16

Курсанов Л.И. “ Анатомия и морфология растений”, 1 том, М, 1966

+

6










17

Мұсақұқлов Т “Ботаника”, А-А: Мектеп, 1975, 264 б.

+

5










18

Мәкенова М. “Ботаника”, 2002 ж.

+













19

Мәкенова М. “Ботаника курсының практикумы”, А: РБК, 2000 – 236 б.

+

4










20

Тихомиров Ф.К. “Ботаника” М:Высшая школа, 1984 – 397 б.

+

15










21

Тутаюк В.Х. “Анатомия и морфологгия растений”, М:Высшая школа, 1980 – 317 б.

+

15










22

Хржановский В.Г., Паноморенко С. “Практикум по курсу общей ботанике”, М: Высшая школа, 1979ж.

+

6










23

Хржановский В.Г. “Курс общей ботанике, М: Высшая школа, 1976 – 272 б.

+

6













Қосымша әдебиеттер
















24

Кудрявцев А.В. және т.б. “Ботаника с основами экологии”, 1979 ж.

+

4










25

Құрманбайұлы Ш “ Өсімдіктердің құрылымдық атауының орысша – қазақша, қазақша – орысша сөздігі”, А, 1997ж.

+

4










26

Методические разроботки по ботанике, А-А, 1978 – 68 б.

+













27

Розенштейн А.М. “ Самостоятельная работа учащихся по ботанике”, М:Просвещение, 1997 – 112 б.

+

5










28

СтрочковаА.В. “Учебно-методическое пособие к курсу общей ботаники”, М:Просвещение, 1997 – 112 б.

+

6










29

Терехин Э.С., Федоров Р.И. “Жизнь цветка”, 1972 ж.

+

5










30

Уеоргулин А. “Контрольная работа по ботанике” А-А:1988, 48 б.

+

4










31

Федоров А.А. “Атлас по описательной морфологии высших растений”, І,ІІ,ІІІ том.

+

4










32

Фогри К., “Основы экологии опыления”, М:Мир, 1982ж – 390 б.

+

4











5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ

Дәрістер №1

Дәрістің тақырыбы: Клетка туралы ілімнің тарихы

Қарастырылатын сұрақтар:



  1. Клетканың даму тарихы

  2. Клетка - тірі организмнің құрылымдық және функционалдық бірлігі.

  3. Барлық тірі организмдер клеткалардан тұрады.

Дәрістің мақсаты:

Кіріспе. Бұл дәрісте өсімдік әлемінің пайда болуы, дамуы, әртүрлі ортада тіршілік етуіне байланысты көлемі, формасы жағынан алуан түрлілігі туралы ғылыми деректерге сүйеніп түсінік беру. Қарапайым құрылысты және күрделі құрылысты өсімдіктердің арасындағы айырмашылыққа тоқталу.

Клетка - тірі организмнің құрылымдық және функционалдық бірлігі. Барлық тірі организмдер клеткалардан тұрады.

Тірі организмдердің клеткалық құрылымын зерттеу жұмыстары микроскоп деп аталатын оптикалық аспаптың жасалуымен байланысты жүргізілді.

XVI ғасырдың аяғымен XVII ғасырдың басында табиғат тану ғылымдары саласында оптикалық аспаппен тәжірибе жүргізу қаурыт дамыды. Оптикалық аспаптар жасағандардың алғашқылары голландтық шеберлер ағайынды Г а н с және З а х а р и у с Янсендер еді.

Микроскопты алғаш рет ғылыми жұмысқа пайдаланған ағылшын ғалымы Роберт Гук сол кездегі барлық жаратылыс танушылар сияқты физика, химия, ботаниканы жақсы меңгерген білгір маман болатын. Оның 1665 жылы шықққан “Микрография немесе өте майда денелерді үлкейтіп көрсететін шыны арқала зерттеу” деген еңбегінде микроскоптан көрінген ырғай, аскөк, қамыс өсімдіктері сабақтарының жұқа кесінділерін суреттеп, оған толық сипаттама берген. Ол тығын кесіндісіндегі ара ұясы іспеттес қуыстарға к л е т к а деген ұғым берді. Уақыт өте келе бұл ғылыми терминге айналды.

Өсімдіктер анатомиясы туралы тұңғыш еңбек жазған ағылшын ғалымы Н. Г р ю және италяндық ғалым М. М а л ь п и г и еді. Бұлар бір-біріне қатысынсыз өсімдіктер ұлпалары мен клеткаларының құрылымын зерттеп ол жөнінде М. Мальпиги 1671 жылы “өсімдіктер анатомиясы туралы мәлімет”, Н. Грю 1682 жылы “Өсімдіктер анатомиясының бастамасы” деген еңбектерін жазды. Ол кезде өсімдіктер клеткасының негізгі құрамдас бөлігі клетка қабықшасы болыптабылады деген ұғым басым болды. Осыған қарамастан 1881 жылы Роберт Браун клетка ядросын ашып, оның клетка тіршілігі үшін маңызды рол атқаратыны туралы келелі пікір айтты.

1839 жылы чех ғалымы Ян Пуркинье және оның шәкірттері клетка ішіндегі сұйықтықты зерттеп, оны “протоплазма” деп атаған.

Біртіндеп микроскоптық техниканың жетілдірілуіне байланысты тірі организмдердің клеткалық құрылымына көптеген жаңалықтар қосылды.

1834 жылы шыққан ботаника оқулығының авторы П.Ф. Горянинов: “Барлық тірі дүние клеткалардан тұрады және ол клеткадан пайда болады” деп тұжырымдаған.

1838 жылы М а т и а с Ш л е й д е н пияз клеткасы ядросының ядрошығын ашты. Клетка туралы өзіне дейінгі мәліметтерді жинақтапжәне өз зерттеулерінің нәтижесін пайдалана отырып ботаник М. Шлейден (1804-1881) және зоолог Т е о д о р Ш в а н м е н (1810-1882) бірге клетка теориясының негізін қалады. Клетка теориясының қағидалары Шлейденнің 1838 жылғы “Өсімдіктердің дамуы туралы деректер”, Шванның 1839 жылғы “Жануарлар мен өсімдіктердің құрылымы және өсуіндегі сәйкестік туралы микроскоптық зерттеулер” деген еңбектерінде баяндалады. Осы жылдан бастап клетка теориясының негізі қалыптасты.

Клетка теориясын Ф.Энгельс ғасырдағы жаратылыстану ғылымындағы жаңалықтың бірі болды деп жоғары бағалаған.

1840 жылы орыс ғалымы Н.И. Ж е л е з н о в (1816-1877) традесканция өсімдігінің түгін зерттеп, ондағы ядроның бөлінуін байқаған.

Орыс ғалымдары И. Д. Ч и с т я к о в (1874), Э. С т р а с б у р г е р (1875) клетканың кариокенез және митоз жолымен, 1892-1894 жылы В. И. Беляев оның редукциялық, яғни мейоз жолымен бөлінуін, 1898 жылы С. Г. Навашин гүлді өсімдіктердің қосарынан ұрықтануын ашты.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында өсімдіктер клеткасын зерттеу қарқынды дамыған кезең еді. Клетканың протопласт бөлімі митохондрия, Гольджи аппараты, т.б. клетка органеллаларының құрылысы, химиялық құрамы және қызметі туралы мәліметтер жинақталды. XX ғасырдың 50 жылдарында электрондық микроскоптың кең түрде қолданылуымен байланысты клетканың бұрын белгілі құрамдас бөліктерінің субмикроскоптық құрылымы зерттеліп, жаңа әсіресе құрылымдарын ашу жүзеге асырыла бастады.

Бақылау сұрақтары:


  1. Клетканың даму тарихы қай жылдардан баста бастау алған?

  2. Өсімдіктер анатомиясы туралы тұңғыш еңбек жазған ғалымды ата

  3. “Өсімдіктердің дамуы туралы деректер” қағиданы кім жазды?

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Агелеуов Е.А. «Ботаника», Алматы «Санат», 1998 ж.

  2. Әметов Ә.Ә. «Ботаника» Алматы «Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті», 2000 ж.

  3. Васильев А.Е. и др. «Ботаника» Москва «Просвещение», 1988 г.

  4. Хржановский В.Г. «Основы ботаники», 1969 ж.

  5. Мұсақұлов Т.М. «Ботаника», 1975 ж.

  6. Кудрявцев А.В. и др. «Ботаника с основами экологии», 1979 ж.

  7. Генкель П.А. «Ботаника» Москва «Учебно-педагогическое издательство Министерства просвещения РСФСР», 1952 ж.


Дәріс № 2

Дәрістің тақырыбы: Өсімдік жасушасының органеллалары

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Өсімдік жасушасының негізгі бөлімдері

  2. Цитоплазманың құрамы

  3. Туынды заттар

Дәрістің мақсаты:

Клетка құрылысы. Өсімдік клеткасындағы клетка бөліктеріне тоқтау. Ядро, цитоплазма, эндоплазмалық тор, митохондрияларға тоқталу, олардың формасына, атқаратын қызметіне, биологиялық ерекшеліктеріне, бір-бірімен қарым-қатынасы, клеткада жүретін зат алмасу процесіне қатынасын. Құрылысы мен құрамындағы ерекшеліктеріне көңіл бөлу. Паренхималық және прозенхималық клеткалар туралы айту. Рибосомалардың атқаратын қызметі туралы, оның клеткада жүретін заталмасу процесіне қатынасы туралы түсінік беру.


Өсімдік клеткасы негізгі 3 бөлімнен тұрады. Олар: клетканы сырт жағынан жауып тұратын біршама қатты және мықты көмірсутекті қабықша: протопласт (грекше протос – алғашқы, пластос - белгілі пішінге ие) – клетканың тірі бөлігі; вакуоль (латынша ваккус – бос деген сөзден алынған), ол әдетте клетка шырыны деп аталатын сұйық қосылыстармен толып тұратын кеңістік.

Клетка қабықшасы және вакуоль протопластың тіршілік әрекетінің нәтижесінде, клетка дамуының белгілі бір кезеңінде түзіледі. Протопласта және клетка шырынында (сирек клетка қабықшасында) белгілі бір пішінге ие болатын басқа заттар кездеседі. Оларды туынды заттар (кристалдар, крахмал дәндері, белок, май тамшылары және басқалар) деп атайды. Протопласт күрделі бөлік, органелла (немесе органоидтары) деп аталатын әр түрлі компоненттердің жиынтығынан тұрады. Олардың әрқайсысының бір-бірінен ажыратуға болатын өзіне тән құрылым, атқаратын қызметі бар. Клетка органеллаларына: ядро, пластидтер, митохондриялар, рибосомалар, эндоплазмалық ретикулум, диктиосомалар, пароксисомалар, лизосомалар жатады. Органеллалар, олардың өзара қарым-қатынасын жүзеге асыратын гиалоплазмаға батып тұрады. Гиалоплазма ядродан басқа органеллаларымен клетканың цитоплазмасын түзеді (мұны бұрын жәй ғана плазма деп атаған). Органеллалардың сандық қатынасы мен құрылым ерекшеліктері клеткалардың арнаулы қызмет атқаруға бейімделулеріне қарай өзгеріп отырады. Әр түрлі өсімдіктер мен жануарлар клекаларының органеллалары молекулалық құрылымы бойынша бір-біріне ұқсас, ал химиялық құрамы жағынан жақын, сондықтан да олардың атқаратын қызметі де ұқсас болып келеді. Осы тұрғыдан алғанда өсімдіктер мен жануарлардың негізгі тіршілік процестерінің көп ортақ жақтарының бар екендігі байқалады. Сонымен қатар олардың арасында елеулі айырмашылықтар да бар. Өсімдіктер клеткасының өзіне тән ерекшеліктері – оларда плазмодесмалармен жабдықталған клетка қабықшасының пластидтер және орталықта ірі вакуольдерінің болуы. Аталмыш ерекшеліктер тек өсімдіктер клеткасына тән нәрсе. Бұл олардың бір жерге бекініп тіршілік етуіне, қаңқасының болмай, автотрофты коректенуіне және оларда қалдық заттарды бөліп шығаратын жүйенің болмауына немесе нашар жетілуіне байланысты. Өсімдіктер клеткасында қабықша мен вакуольдің болуынан олар созылып өседі. Мұндай өсу барысында клетка көлемінің ұлғаюы протопластың емес, вакуоль мөлшерінің ұлғаюы есебінен жүреді. Жануарлар клеткасының тағы бір айырмашылығы – жоғарғы сатыдағы өсімдіктер клеткасында клетканың бөлінуіне қатысадтын центриольдің болмауы.

Өсімдіктер клеткасының пішіні мен мөлшері әр түрлі, ол клетканың өсімдік денесінде орналасуына және атқаратын қызметіне байланысты.

Жалпы пішініне қарай өсімдік клеткалары екі типке бөлінеді:



  1. Паренхималық клетка;

  2. Прозенхималық клетка;

Паренхималық (латынша – тең және грекше “энхима” –құйылған) клеткалар қабырғаларының диаметрі барлық бағыттарда бір-бірінен айырмашылықта болмайтын изодиаметрлі клеткалар. Бұған жапырақ клеткалары, жемістердің клеткалары мысал бола алады.

Прозенхималық (грекше “прос” – бір бағытқа қарай) клеткалардың ұзындығы енінен бірнеше есе артық, ұшы сүйір болады. Көптеген талшық беретін өсімдіктер зығыр, кенепшөптің, тін талшықтарының (прозенхималық клеткаларының) ұзындығы 20-40 мм, қалақайда 80 мм, ал қытай қалақайында (рами) – 220 мм. Прозенхималық клеткалардың ені бірнеше макрометрден аспайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет