Ньютон сақиналары- бірдей қалыңдық жолақтары деген атақ алған жұқа мөлдір ортада (пленкада) пайда болатын интерференциялық құбылыстардың бірі; яғни жарықтың шағылу және сыну заңдарының негізінде пайда болатын интерференциялық бейне. Ньютон сақиналары бақыланатын қондырғыда бұл бейне когерентті жарық сәулелерінің тербеліс амплитудаларының бөлінуінен пайда болады. Жұқа пластинка бетіне түскен толқын фронтының кішкене участкасын (ауданын) бөліп алып, соны қарастыралық. Бұл ауданға түскен сәуле фронтының энергиясы пластинканың ортамен шекараларында (үстінгі және астыңғы беттерінде) екі бөлікке бөлінеді, яғни бір бөлігі үстіңгі беттен шағылады және бір бөлігі пластинка ішіне өтеді. Өткен бөлік астыңғы беттен шағылып үстіңгі бетке қайтып оралады. Оралған сәуле үстіңгі беттен шағылған сәулемен кездесетін болады. Кездескен сәуленің бірі үстіңгі беттен шағылған болса, екіншісі пластинканы аралап келген сәуле болады, яғни әр түрлі жол жүрген сәулелер болады және бұлар өзара когерентті сәулелер . Осындай сәулелер кездескенде бұлар бірін-бірі күшейтуі немесе әлсіретуі мүмкін. Сәулелердің бірін-бірі әлсіретуі немесе күшейтуі сәулелердің жүрген жолдарының “оптикалық жол айырымына” байланысты болады.
Бірдей қалыңдық жолақтарын Ньютон келесі қондырғының көмегімен алды. Ол жазықпараллель шыны пластинканың үстіне жазық дөңес линза қойды.
Бұл жағдайда жарық сәулелерінің оптикалық жол айырмасы келесі формуламен анықталады:
,
мұндағы: - дөңес линзаның қисықтық радиусы, -Ньютон сақинасының радиусы.
Алынатын интерференциялық көрініс концентрлік ақ және қоңыр сақиналар түрінде болады.
Шағылған жарық үшін Ньютон қондырғысында алынатын ақ сақиналардың радиусын анықтайтын өрнек:
.
Шағылған жарық үшін Ньютон қондырғысында алынатын қоңыр сақиналардың радиусын анықтайтын өрнек.
.
Өткінші жарық үшін Ньютонның ақ сақиналарының радиусын анықтайтын өрнек:
.
Өткінші жарық үшін Ньютонның қоңыр сақиналарының радиусын анықтайтын өрнек:
.