Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту



Pdf көрінісі
бет35/80
Дата29.10.2022
өлшемі6,28 Mb.
#155552
түріДиссертация
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   80
Байланысты:
ДИССЕРТАЦИЯ

Жоғары деңгей:
практикалық тапсырмаларды орындау кезінде 
тапсырманың мақсатын түсінеді, ол тапсырманы орындау жолдарын біледі, 
тапсырманы шығармашылықпен орындайды, қажетті ақпаратты жылдам әрі 
өздігінен таба алады, мұғалімнің кішігірім қолдауымен өз жұмысы бойынша 
қорытынды жасайды, өз шешіміне дәлелдемелер келтіруге қабілетті, әрекеттері 
нәтижелі, топ мүшелерімен келіссөздер жүргізе алады, олардың әрекетін 
ұйымдастыруға қабілетті, олардың пікірін тыңдайды және ол пікірге өз 
көзқарасын білдіреді. 
Орта деңгей: 
тапсырманың шартын түсінеді, оны орындауға 
қызығушылық туындайды, танымдық тапсырманы орындаудың дұрыс 
тәсілдерін таңдайды, бұрыннан орындап жүрген әрекеттерді қайталайды, 
қажетті ақпаратты дербес және топ мүшелерінің көмегімен таба алады, 
қорытынды жасайды, әрекеттері нәтижелі, топ мүшелерімен келіссөздер 
жүргізе алады, олардың пікірін тыңдайды, бірақ өз көзқарасын білдіру кезінде 
қиналады.
Төмен деңгей:
жұмыс жасау кезінде тез ойы бөлінгіш келеді, әрекеті 
ретсіз, әрдайым мұғалімнің бақылауын қажет етеді, тапсырманың шартын 
түсінуде, әрекетін жоспарлау және жүзеге асыруда, қажетті ақпаратты табу 


62 
кезінде, топпен жұмыс барысында (диалогты орната алмайды, топ мүшелерінің 
пікірін тыңдамайды) қиындықтарға тап болады.
Жоғарыда «метапән», «метапәндік тұрғыда оқыту» ұғымдары зерттелген 
ғылыми еңбектерге жасалған жан-жақты талдау және 1.1 тармақшасында 
метапәндік тұрғыда оқыту ұғымын талдаудан туындаған тұжырымдар бізге 
зерттеу проблемамыздың түйінді мәнін нақтылауға мүмкіндік берді. Біздің 
тұжырымдауымызша, 
бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда 
оқыту барысында метапәндік нәтижелері қалыптасқан оқушы
дегеніміз

мазмұндық, реттеушілік, когнитивтілік құрамдарына сәйкес теориялық ойлауы 
жетілген, ақпаратты қайта өңдеу дағдылары қалыптасқан, сыни және 
шығармашыл ойлайтын, реттеушілік біліктерін игерген оқыту үдерісінің 
субъектісі. 
Осы аталған оқушы тұлғасын қалыптастыру бастауыш білім беру пәндерін 
метапәндік тұрғыда оқыту негізінде жүзеге асады. 
Бұл келесі тарауда 
мазмұндалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет