73
адамзаттың болашағы туралы пікірталастарда әртүрлі қоғамдық-тарихи
топтардың соқтығысу, ойыны және күрес аймақтары болып табылады.
Сондықтан проблемалық оқу технологиясын меңгерген адам, біріншіден,
әртүрлі пікірлер мен олардың реңктерін аңғаруы және түсіне білуге қабілетті
болуы керек, әрекет және мақсатқа жету тәсілдерін ажырата білуі, әртүрлі
пікірді ұстанушылардың ситуацияны көре білуі және осы әртүрлі әрекеттерді
сызбалай білуі керек. Осылардың барлығы «Белгі» метапәнін оқытуда
меңгертіледі деп күтіледі. Екіншіден, пікірлердің логикалық мазмұнын қалпына
келтіріп үйрену керек және оларды пайымдау формасына алмастыра білуі
керек, әрбір пікірдің астарындағы дәстүрлер білімді ажырата білу керек. Бұл
«Білім» метапәніндегі мазмұнды меңгеруде негіз болады. Проблемалық
жағдаяттағы жұмыс адамның жағдаяттың мағынасын біртұтас түсінуін
қамтиды, содан кейін әрбір қадам сайын жағдайдан «айналып өтіп», бірізді
түрде оның әрбір элементтерін қалыптастыруды жүзеге асырады. Бір бүтін
нәрсенің элементтерін алдын-ала түсіну негізінде бірізді саналы ұғыну қабілеті
«Тапсырма» метапәнінің мазмұнын меңгеру есебінен қамтамасыз етіледі.
Әртүрлі пікірлер мен әртүрлі сәйкес келмейтін позициялар анықталғаннан
кейін, оларға алдын-ала логикалық талдау жүргізіледі және өзін-өзі анықтау
үдерістерін бастайтын өзіндік күрделі жұмыс басталады. Яғни, адамның
дүниетанымдық сенімділігі болмағанда, ол өзінің позициясын, өзінің
көзқарасын қалыптастыруы және өзінің пікір білдіру құқығына ие болуы қажет.
Адамды жағдайды біртұтас көруге және түсінуге үйрету, өзіндік позициясын
қалыптастыру және оны қорғай білуге үйрету
бұл «Проблема» метапәнінің
негізгі міндеті. Өзіндік позициясының негізінде қалыптасқан тұлға суперадам
позициясына көтерілуі және өзіне жауапкершілікті алуы қажет, яғни әртүрлі
бөлінген және қарама-қарсы қойылған позициялар мен бөлінген білімді
бірлесіп ұйымдастыратын миссияны орындауы керек.
Бұл жағдайда қарама-қарсы және бөлінген позициялардың біртұтастығын
түсінуді қалыптастыруға бағытталған белгілі тұлғалық дүниетанымдық
позицияны алу қабілеті сөзсіз, барлық басқа метапәндерде жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: