Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту



Pdf көрінісі
бет40/80
Дата29.10.2022
өлшемі6,28 Mb.
#155552
түріДиссертация
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   80
Байланысты:
ДИССЕРТАЦИЯ

«Проблема» метапәнінің
негізгі міндеті – білім алушыны ойлауға үйрету, 
ойлай білу, ойлауды ұйымдастыра және жүзеге асыра білу. Мұндай білікті 
қалыптастыру үшін, біріншіден, ойлауды әртүрлі жағдаяттарда 
ойтолғам 
жасау
және 
ойға шолу
сияқты ойлауды тұрақты түрде тәжірибеде қолдануы 
керек (ең алдымен, әрине, тапсырмаларды шешу арқылы), бұдан басқа 
ойлаудың өзіндік тәжірибесімен арақатынасын белгілеу мүмкін болатын ойлау 
үдерісінің сипаттамалары болуы керек. Бұл – әдеттегі нұсқаулар мен ережелер 
түріндегі білімнің ерекше типі. Баланың еркін ойлауын дамыту үшін «
Олай 
жаса, бұлай жаса
» 

деген тежеу болмау керек. Алайда ойлау туралы білімді 
тек нақты біліммен шектеуге болмайды [169]. 
 
Ойлау туралы білім 

ойланып отырған адамның өзінің зияткерлік 
дамуының деңгейін анықтауда сызбалар мен белгілеуші жүйесі бар білімнің 
қызықты типі. Осылайша, ойлау туралы білім 

бұл бір мезгілде 


69 
нұсқаулықтарды сипаттаумен қатар, нені және қалай істеудің қажеттілігі 
туралы білім, ол ойлаушы адамның өзін сипаттауды және оның ойлау 
үдерісіндегі қозғалыс формасын анықтауды қамтиды. 
Ойлау туралы білім 

бұл тек бұйрық беруші білім емес, сонымен бірге 
білім 

айна, оған адам қарай отырып, өзінің кім екендігін анықтайды, сонымен 
бірге кім болатынын жоспарлайды және бағдарлайды.
Проблемалық жағдайда ойлауды құру тапсырмаларды шешу үдерісінде 
ойлауды ұйымдастырудан ерекшеленеді. Қалыпты жағдайда оқушылар 
тапсырмаларды шешуде ойланып, дұрыс шешім жасай алады. Егер кенеттен 
оқыс жағдай болса, ойлау түрі де өзгереді. Демек проблемалық жағдайдағы 
ойлау мен қалыпты жағдайдағы ойлау екі түрлі болады [169,б. 382].
Бұл ретте келесі сұрақ туындайды: ойлау үдерісін құру туралы «жұмыс 
істемейтін» ережелер, нормалар мен білімдерден басқа, әрдайым бірегей және 
қайталанатын, тұрақты нәрсе болмайтын жағдайлардың мысалында ойлауға 
қалай үйретуге болады? Алайда аталған жағдайдың қалыпты емес жағдай, яғни 
оқыс жағдайда алдын ала дайындалған ұстанымдар мен ережелер жұмыс 
істемейтіні, сонымен бірге бұл жағдайда ойлаудың қолданыстағы ұстанымдары 
мен тәсілдері тұрғысында түсіну мен анықтаудың дұрыс еместігі анықталады – 
мұның бәрі ойлауды білдіреді.Сонымен, проблемалық жағдайда ойлау қабілетін 
үйрену 

жағдайдың қалыпсыздығын анықтау қабілетін қалыптастыру және 
онда ойлау барысын жүзеге асыру деген сөз.
«Проблема»
метапәнінің мазмұны ойлау қабілетінің дамуын және 
оқушының тұлғасын (субъектілігін) дамытуды қамтамасыз етеді, себебі адам 
проблемалық жағдайға түскенде, аталған жағдайды тек ойша ғана талдап 
қоймайды, сонымен бірге міндетті түрде проблеманы туындататын мәселе 
бойынша өзіндің көзқарасын қалыптастырады. Проблемалық жағдайда өзіндік 
көзқарасының пайда болуы және оны позицияға айналдыру тұлғаның өзін-өзі 
анықтау үдерісі болып табылады.
Аталған метапән дамытатын басқа маңызды қабілеттерді төмендегі
7-суреттен көре аламыз.
Сурет 7 

«Проблема» метапәні аясында дамитын қабілет түрлері 
Рефлексивті 
қабілет
Проблемалық 
ұйымдастырылған 
ойлау қабілеті
Түсіну 
қабілеті


70 
Оқушылар өте өзгеше және күрделі техниканы меңгереді. Яғни бір 
құбылысты бір мезгілде әртүрлі позициялар тұрғысында көре алады. Қарама-
қайшылықтар өрісін жалпы көру дұрыс ұйымдастырылған топтық 
коммуникация есебінен қамтамасыз етіледі. 
Сонымен «Проблема» метапәнінің жүру алгоритмі төмендегідей (сурет 8): 
Сурет 8 

«Проблема» метапәнінің жүру алгоритмі 
«Проблема» метапәні ойлау, коммуникация, әрекет ету, түсіну және 
рефлексия қабілеттерімен жұмыс істеуге ғана мүмкіндік бермейді, сонымен 
бірге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет