Қарамайлар мен пектер Құрылыста көбінесе таскөмірлік қарамайлар қолданылады. Олар кокс химиялық өндірісінде алынады. 1 т көмірді өңдегенде 700-750кг кокс, 300-350м3 кокс газы, 12-15л бензол, 3кг дейін аммиак және 30-40кг дейін шикі таскөмірлік смола (шикі қарамай) алынады.
Қарамайлық байланыстырғыш заттар екі топқа жіктеледі: шикі және айдалынған таскөмірлік қарамайлар.
Пек деп таскөмірлік шикі смоладан жеңіл майларды (қайнау температурасы 80ºС дейін), фенолдық фракцияны (180-210ºС), нафталиндер фракциясын (210-230ºС), антрациндік майды (360ºС дейін) шығара айдағаннан кейінгі қалатын қатты өнімді айтады. Ол жоғары молекулалық көмірсутектерінен және солардың туындыларынан, 8-30% дейінгі ұнтақдисперсті түріндегі бос көміртектен тұратын қара түсті аморфты қатты зат.
13 Тақырып - Полимерлі материалдар мен бұйымдары
Жоспар
1 Полимерлер
2 Құрылыстық пластмассалардың басты қасиеттері
Полимерлер деп молекуласы көп қайталанатын үзбелерден (түйіндерден) тұратын жоғары молекулалы қосындыны айтады.
Полимерлер алыну тәсілі бойынша тізбектік полимеризациялау және поликонденсациялау тәсілдерімен алынатын полимерлер тобына бөлінеді. Құрылыс бұйымдарын жасау үшін кеңінен қолданылатын полимерлерге полиэтилен, полипропилен, полиизобутилен, полистирол, поливинилхлорид, полиакрилаттар, полиуретандар, поливинилацетат және т.б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |