14 тақырып - Жылуоқшаулағыш материалдар мен бұйымдары Жоспар
1 Жалпы мәліметтер 2 Жылуоқшаулағыш материалдардың түрлері Үйлер мен ғимараттардың қоршаулық конструкциялардың және өнеркәсіптік пен энергетикалық жабдықтарын жылулауға қолданатын материалдарды жылу өткізгіштік коэффициенті төмен және тығыздықтары шамалы 600 кг/м3 асық болмайды. Жылуоқшаулағыш материалдарды қолдану құрылыс саласындағы техникалық прогресстің бір бағыты болып саналады.
Жылуоқшаулағыш материаладрдың түрлері:
Минералдық мақта және одан жасалынатын бұйымдар көлемі бойынша жылу қоршағыштық материалдар ішінде құрылыста ең көп қолданатыны.
Минералдық мақта бұйымдары. Минералдық мақтадан жылу қоршағыштық бұйымдар жасау үшін органикалық байланыстырушаларды жиі қолданады.
Шыны мақтасы жасанды минералдық талшықты материалдырының бір түрі. Оны алу үшін шыны сынықтарын немесе кәдімгі шыны алуға жарамды табиғи тау жыныстарын қолданады.