Жоба қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының нормативтік қаулысы 2020 жылғы № Нұр-Сұлтан қаласы


«Сот үкімі туралы» 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 4



бет26/31
Дата11.04.2022
өлшемі153,14 Kb.
#138799
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
proekt popravok v np po uk i upk kaz

35. «Сот үкімі туралы» 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 4:



  1. 15-тармақтың екінші абзацындағы «жазалау шарасы» деген сөздер «негізгі жазаның, сондай-ақ қосымша жазаның түрі мен мөлшері» деген сөздермен ауыстырылсын;

  2. 36-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ҚПК-нің 173-бабында көзделген жәбірленушілердің кейбір санаттарына өтемақыны «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 131-VI Заңының (бұдан әрі – Қор туралы заң) ережелеріне сәйкес қылмыстық қудалау органының шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүргізеді. Сотталушыға регрестік талаптар бойынша Жәбірленушілерге өтемақы қорынан (бұдан әрі - Қор) өтемақы ретінде төленген ақшаны қайтару туралы, Қорға мәжбүрлі төлемдерді өндіріп алу туралы шешім және олардың мөлшері де айыптау үкімінің қарар бөлігінде көрсетілуі тиіс. Мәжбүрлі төлем мөлшері ҚК-нің 98-1, 98-2-баптарында көзделген тәртіппен айқындалады және 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.»;

3) мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:


«36-1. Сотталған адамдардан Қорға мәжбүрлі төлемді өндіріп алуды сот ҚК-нің 98-1 және 98-2-баптарының және Қор туралы заңның нормаларына сәйкес жүзеге асыруы тиіс.
Мәжбүрлі төлемді өндіріп алу сот әрбір айыптау үкімін шығарған кезде және әрбір сотталған адамнан, оның ішінде адамдар тобы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде де міндетті болып табылады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы кезінде сотталған адамнан неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтың тиісті санатына сәйкес келетін мәжбүрлі төлем өндіріп алынады.
ҚК-нің 58-бабының алтыншы бөлігінің қағидаларына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша жаза тағайындаған кезде сот екі үкім бойынша бір мәжбүрлі төлем өндіру туралы шешім қабылдауы тиіс. Егер бірінші үкім бойынша адам неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық бойынша сотталып, одан тиісті мәжбүрлі төлем өндірілген болса, онда соңғы үкіммен мәжбүрлі төлем қайтадан өндірілмейді. Егер соңғы үкім бойынша адам неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық бойынша сотталатын болса, онда мәжбүрлі төлем сомасы сол қылмыстық құқық бұзушылық санатына сәйкес бірінші үкім бойынша өндірілген төлем есепке алына отырып өндіріледі.
Мәжбүрлі төлем қандай да бір ерекшеліктерсіз өндіріп алынады. Қылмыстық заң мәжбүрлі төлемнен босату үшін негіздерді қамтымайды. Мәжбүрлі төлемді өндіріп алу үшін іс бойынша жәбірленушінің бар-жоғы, азаматтық талап қою, не оның жоқтығы, залалды өтеу және өзге де мән-жайлар құқықтық маңызға ие емес.
Мәжбүрлі төлем 2018 жылғы 30 маусымнан кейін жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша жүргізіледі.
Мәжбүрлі төлемнің мөлшерін анықтау кезінде қылмыстық әрекет жасалған кезде қолданылған айлық есептік көрсеткішті (АЕК) негізге алу керек.
Егер бірінші сатыдағы сот айыптау үкімін шығару кезінде сотталған адамнан мәжбүрлі төлемді өндіріп алмаған жағдайда, апелляциялық сатыдағы сот оны прокурордың өтінішхаты (наразылығы) немесе жәбірленушінің шағымы бойынша өндіруге құқылы.».;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет