Жоба қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының нормативтік қаулысы 2020 жылғы № Нұр-Сұлтан қаласы


«Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау тәжірибесі туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 13



бет27/31
Дата11.04.2022
өлшемі153,14 Kb.
#138799
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
proekt popravok v np po uk i upk kaz

36. «Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау тәжірибесі туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 13 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 18; 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) бүкіл мәтін бойынша «наразылықтар», «наразылығы», «наразылық», «наразылықты», «наразылықта», «наразылықтарды», «наразылықпен» деген сөздер тиісінше «өтінішхаттар», «өтінішхаты», «өтінішхат», «өтінішхатты», «өтінішхатта», «өтінішхаттарды», «өтінішхатпен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-тармақтағы бесінші және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«ҚПК-нің 415-бабының үшінші бөлігінде көрсетілгендерді қоспағанда, бірінші сатыдағы соттардың қаулыларына шағым жасалған жағдайда, ҚПК-де белгіленген мерзімде апелляциялық сатыға жеке шағым немесе прокурордың өтінішхаты, сондай-ақ шағымдану, дау айту нысанасына қатысты бөлінген материалдар жіберілуге тиіс.
Апелляциялық сатыға бірінші сатыдағы соттың іс түпкілікті шешілгенге дейін сот талқылауы кезінде шығарылған қаулыларына жеке шағымдар немесе прокурордың өтінішхаттары келіп түскен кезде, олар бойынша апелляциялық сатының шешімі бірінші сатыдағы сотта істі одан әрі қарауға елеулі әсер етуі мүмкін болғандықтан, оларды қисынды мерзімде (келіп түскен сәттен бастап 10 тәулікке дейінгі мерзімде) жедел қарауды қамтамасыз ету қажет.»;

3) 2-тармақта:


бірінші абзацтағы «наразылық келтірудің» деген сөздер «прокурордың өтінішхат келтіруінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «наразылық келтіруге» деген сөздер «прокурордың өтінішхат келтіруіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«ҚПК-нің 419-бабы жәбірленушінің шағымына немесе прокурордың өтінішхатына сотталған (ақталған) адамның жағдайын нашарлатуға бағытталған жаңа талаптармен толықтырулар беруге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруді көздемейді.»;

4) 3-тармақтың екінші абзацындағы «наразылық білдірудің» деген сөздер «прокурордың өтінішхат келтіруінің» деген сөздермен ауыстырылсын;


5) 6-тармақтың бірінші абзацындағы екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:


«Қылмыстық сот ісін жүргізу саласына тартылған адамдардың құқықтарын сақтау және кеңейту, апелляциялық сатыдағы соттардың қалыпты жұмысын және процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы соттардың сот төрелігін жүзеге асыру процесін оңайлату мақсатында ақпараттық технологияларды, атап айтқанда істерді қашықтықтан қарауды қолдану құқығы бар. Онлайн-процестер сот отырысының электрондық хаттамасында тіркелуге тиіс.»;

6) 7-тармақтың екінші абзацындағы «қатысу құқығын» деген сөздерден кейін «оның тікелей қатысуымен не оның қашықтықтан қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып» деген сөздермен толықтырылсын;


7) 8-тармақтың төртінші абзацындағы «наразылық білдірілмеген» деген сөздер «прокурордың өтінішхаты келтірілмеген» деген сөздермен ауыстырылсын;


8) 9-тармақта:


екінші сөйлем алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Егер ауырлығы орташа, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адамның әрекеті сот үкімімен қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс ретінде сараланса, қылмыстық іс апелляциялық сатыдағы сотта алқалы түрде қаралуға тиіс.»;

9) 11-тармақтағы «ҚІЖК-нің 429-бабының 5-бөлігінің ережелерін және 7-бабының түсіндірмелерінің мағынасын негізге ала отырып,» деген сөздер «ҚПК-нің 429-бабының бесінші бөлігінде көрсетілген» деген сөздермен ауыстырылсын;


10) 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:


«Сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылған, бірақ апелляциялық сатының сот отырысында істі қарауға қатысушы прокурор қолдамаған прокурордың өтінішхаты өтінішхатта баяндалған себептер бойынша үкімнің (қаулының) күшін жою немесе өзгерту туралы шешім қабылдау үшін негіз бола алмайды.
Прокурордың сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы дәлелдері жоқ өтінішхаты дәл сондай жағдайларда жалпы тәртіппен қаралуға жатады.»;

11) 20-тармақтың екінші абзацындағы «наразылық келтірсе» деген сөз «өтінішхат келтірсе» деген сөздермен ауыстырылсын;


12) 27-тармақтағы «жас балалары бар әйелдердің» деген сөздер «жас балалары бар әйелдердің және жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің» деген сөздермен ауыстырылсын;


13) 33-тармақта:


екінші абзацта:
«, сондай-ақ бірінші сатыдағы сот қабылдаған шешімді» деген сөздер алып тасталсын;
«наразылық білдірген» деген сөздер «өтінішхат келтірген» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзац «бөлігінде» деген сөзден кейін «ҚПК-нің 443-бабы үшінші бөлігінің талаптарына сай болуы,» деген сөздермен толықтырылсын;


14) 34-тармақта үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ҚПК-нің 444-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы оның толық мәтіні жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді. Қаулының толық мәтіні, егер оны жариялауға ешкім келмесе, жария етілмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда қаулы жария ету үшін көрсетілген күні заңды күшіне енеді. Апелляциялық қаулыны орындау кезінде туындайтын күмәндар мен түсініксіздіктерді ҚПК-нің 476-бабының 17) тармағына сәйкес оны шығарған сот қарайды.»;


15) 35-тармақтағы «алқа төрағасы» деген сөздер «облыстық немесе оған теңестірілген соттың төрағасы» деген сөздермен ауыстырылсын;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет