Жоғары құқық мектебі



бет41/77
Дата06.04.2023
өлшемі172,84 Kb.
#173867
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   77
Байланысты:
103

7. Конкурстық міндеттемелер

1. Мемлекеттік сатып алу – сату шеңберінде тендер өткізу ережелері
2. Университеттің талапкері Темірханов және оның тума ағасы кәсіпкер Сартаев келесі шартпен бәстеседі. Темірханов университетке түскен жағдайда Сартаев Темірхановқа Университетке ресми түскен сәтінен бір ай мерзімде «Тойота» автокөлігін сыйлауға міндеттенеді. Темірханов түспеген жағдайда осы мерзімде ағасына 12 мың теңге төлеуі тиіс. Екінші емтиханды сәтсіз тапсырғаннан кейін тараптар арасында жасалған бәстесу Темірхановтың пайдасына емес екендігі айқын болды. Дегенмен, Сартаев бәстесу шарты бойынша оған тиісті соманы төлеуді талап еткен кезде, Темірханов Сартаевқа тек 5 мың теңге ғана төлейді. Қарыздың қалған бөлігін төлеу туралы міндетін Темірханов бұдан бұрын Сартаевқа сатқан «Панасоник» музыкалық орталығының құнын әлі төлемегенін, енді соны төлеуі туралы қарсы талаппен жабылуын талап етеді.
Істі шешіңіз.

Жазбаша орындауды тексеру, кеңес беру

- ҚР Азаматтық кодексі (ерекше бөлім) 1999 жылғы 1 шілде.
- Гражданское право. Часть особенная. Том 2. Отв. Ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин Алматы. Издательство КазГЮА. 2002.
Гражданский кодекс Республики Казахстан. Особенная часть. Екі томда. Комментарий. Ответственные редакторы М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. Алматы. Жеты Жарғы, 2008
- Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Книга 3: Договоры о выполнении работ и оказании услуг. Издание дополненное, исправленное. - М.: «Статут», 2002.
- Жайлин Ғ. А. Азаматтық құқық. Ерекше бөлім. Оқулық. 1 том.— Алматы, 2012.— 296 б.
- Қыстаубай Ө.С. Азаматтық құқық. Алматы, 2011 ж.



11 апта

8. Бірлескен қызметтен туындайтын міндеттемелер

1. Консорциалдық келісім шарт
2. Сиыр етін дайындау жөніндегі кәсіпкерлер, меншікті көлігінің болмауынан коммерциялық базарға жаңа сойылған етті тасымалдаудан қиындық көріп жүргендіктен, «Мерседес» автофургонының иесі кәсіпкер Жүнісовпен жай серіктестік шартын жасайды. 1 маусымда Жүнісов еттің көптігінен және серіктестіктің арнайы тоңазыту камералары болмағандықтан етті едәуір төмен бағамен өткізеді. Кәсіпкерлер Жүнісовтен олар тартқан шығынды өтеуін талап етеді. Ал соңғысы серіктестіктің барлық мүшелерінің мүдделерінде әрекет еткенін мәлімдеп, олай болмаса еттің көбі бұзылып кететіндігін көрсетіп, талаптарын орындаудан бас тартады.
Істі шешіңіз.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет