Жоспар І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім Мотивация түсінігінің мәні және даму кезеңдері Бірінші және екінші қажеттілік Мотивацияның маңызды теориялары ІІІ. Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Кіріспе


Мотивацияның іс жүргізу теориясы былайша бөлінеді: үміттену теориясы, әділеттілік теориясы және Портер – Лоулер моделі



бет9/10
Дата20.10.2023
өлшемі154,5 Kb.
#187189
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Жансая Тфп-201К

Мотивацияның іс жүргізу теориясы былайша бөлінеді: үміттену теориясы, әділеттілік теориясы және Портер – Лоулер моделі.
Үміттену теориясы. Теория мынадай қағидаға негізделеді: белсенді қажеттіліктің болуы адамдардың мақсатқа жетуінің бірден бір себебі – мотивациясы болып саналмайды. Адам өзінің таңдап алған мінез –құлық типі өзін қанағаттандыратындығына және ойлаған мақсатына жеткізетіндігіне сенеді.
Үміттену – бұл жеке адамның белгілі бір оқиға ықтималдығын бағалауы. Көпшілік адамдар, мәселен, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жақсы жұмысқа араласатындығына және де, егер жақсылап жұмыс істейтін болса да қызметі жоғарылайтындығына үміттенеді.
Мотивация үміттену факторының: «еңбек шығыны – нәтижелері», «үміттену – нәтижелер – көтермелеу» және валенттілік («көтермелеуге қанағаттану») қызметі болып саналады.
Еңбек шығыны тарапынан үміттену – нәтижелер бұл жұмсалған күш – жігер мен алынған нәтиже арасындағы қатынас. Егер адамдар жұмсалған күш – жігер мен қол жеткен нәтижелер арасында тікелей байланыстың жоктығын сезінсе, ондаүміттену теориясы бойынша мотивация әлсірейтін болады. Мұндай өзара байланыстың жоқтығы жұмыскерлердің өзін - өзі дұрыс бағаламауынан, олардың даярлығының нашарлығынан немесе дұрыс баулымаудан немесе жұмыскерлердің өзіне бекітілген міндетті орындауына жеткілікті право берілмеуінен болуы мүмкін.
Нәтижелер тарапынан үміттену – көтермелеу – қол жеткен нәтижелерге жауап ретінде нақты көтермелеуді немесе мадақтауды үміттенуі.
Үміттену теориясындағы мотивацияны айқындайтын үшінші фактор – бұл валенттілік немесе мадақтаудың не көтермелеудің құндылығы. Валенттілік – белгілі бір көтермелеуге ие болғаннан кейін пайда болатын қанағаттану немесе қанағаттанбау дәрежесі. Әр түрлі адамдарда қажетсіну мен мадақтауды қабылдауы түрліше болатындықтан, қол жеткен нәтижеге жауап ретінде нақты көтермелеу құны шамалы болса, онда үміттену теориясы бойынша мұндай жағдайда еңбек әрекетінің мотивациясы әлсірейтін болады.
Егер жоғарыда аталған үш фактордың да мәні шамалы болса, онда мотивация әлсіз, еңбек нәтижесі төмен болады.Бұл фактордың ара қатынасы кестеде келтірілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет