Кафедра Философия



бет19/22
Дата01.04.2017
өлшемі3,41 Mb.
#13081
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Сабақ мақсаты:

Адам мәселесінің 20-ғасырда философияда орталық орын алу себептерін және философиялық антропологияның теориялық негізін қарастыру; адамды зерттеудегі философиялық антропологияның жетістіктері мен сәтсіздіктерін ашу; құндылықтар мәселесіне және олардың өмірлік әрекетін реттеудегі ролі.



Семинар сабағының жоспары:

1. Қазіргі философиялық антропологияның пайда болуының әлеуметтік-тарихи жағдайлары және оның негізгі өкілдері: М.Шелер, А.Гелен, Х.Плесснер.

2. М.Шелер бойынша антропологиялық ілімдердің типтері және адамды әртүрлі анықтау.

3. Адам мәдениетті жасаушы және мәдениет туындысы.



4. Философиялық анропологиядағы құндылықтар мәселесі. Аксиологиялық дағдарыс мәселесі.

Бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Философиялық антропология дегеніміз не?

  2. Ежелгі грек философтарының қайсысы адам мәселесін өзінің қарастыруының ортасы етті.

  3. Философиялық антропологияның басты өкілдерін атаңыз.

  4. "Индивид", "Жекелік", "Жеке тұлға", "Адам" ұғымдарының мазмұндарындағы айырмашылықты көрсетіңіз.

  5. Антропосоциогенез ұғымы нені белгілейді?

  6. Жеке тұлғаны қалыптастыратын негізгі факторлар қандай?

  7. Жалпы қабылданған тәртіп нормаларын бұзатын адамдарды жеке тұлға деп атауға бола ма (қылмыскерлер, нашақорлар т.т.).

  8. Жеке тұлғаның құрылымына қандай элементтер кіреді?

  9. Адам әрекетінің қозғаушы факторы қандай?

Негізгі ұғымдар (глоссарий)

Философиялық антропология - кең мағынада - адам табиғаты және мәні туралы философиялық ілім; тар мағынада - 20ғ. 20-жылдарында пайда болған, негізін салушы М.Шелер саналатын, философиялық бағыт. Бұл тұрғыда, философиялық антропология жаңа методологиялық тұжырымдамалармен емес, ең алдымен өзінің объектісімен - өз болмысы, өз мәдениеті арасындағы адам арқылы айырықшаланады. Қазіргі батыс философтарының антропологиялық көзқарастарын мынаған саялауға болады: адам болмысының, адам жекелігінің, шығармашылық мүмкіндіктерінің негіздері мен сфераларын анықтауға тырысу, сол арқылы және содан адам табиғатын, сонымен қатар қоршаған дүниенің мәні мен мағынасын түсіндіру. Философиялық антропологияның мынадай бағыттарын шығаруға болады: биологиялық, мәдени, діни, педагогикалық және т.б.

Адам - тіршіліктің жердегі ең жоғарғы сатысын, қоғамдық-тарихи дамудың нәтижесі әрі субъектін, табиғи және әлеуметтік, материалды және рухани белгілер жиынтығы мен бірлігін белгілейтін ұғым.

Индивид - адам тегінің дербес өкілін белгілейтін ұғым.

Жеке тұлға - әлеуметтік сипаттары бар, ерекше әлеуметтік белгілер мен рольдер атқаратын, қоғамдағы және дүниедегі өзінің орнын саналы сезінетін және өз іс-әрекетіне жауапты адам.

Жекелік - тек өзіне ғана тән қайталанбас белгілері мен сипаттары бар адам, индивид.

Құндылықтар - адамдардың қоғамдық-тарихи әрекеті жүйесіндегі жағымды мағыналы ерекше әлеуметтік феномен. Құндылық - белгілі қоғамдық жағымдылық, нәрселердің, құбылыстардың адамдар әрекетінің мақсаты және құралы ретіндегі қызметі.

Аксиология - құндылықтарды зерттейтін философиялық пән.

Жаттану - әртүрлі гуманитарлық ғылымдарда қолданылантын ұғым. Маркстік философияда жаттану деп адам әрекетінің және оның нәтижелерінің адамға дұшпан, дербес күшке объективті айналуы және адамды бағындыруы айтылады. Қазіргі батыстық философиялық ойлауда жаттану - адамның өзінің мәніне қарама-қарсылығы, тасталғандық сезім, бейтарап, жау дүниеде қажет еместігін көрсететін объективті жағдай. Тар мағынада, жаттану деп заттардың адамға үйлесімділігі, тауарлық - ақша қатынастарының, техника мен технологияның адамға қожалығын айтамыз, кең мағынада - жаттану дегеніміз адамдардың барлық әлеуметтік қатынастарының жиынтығының сапалық сипаты.
Мәнжазба тақырыптары:

1. Қазіргі философиялық антропологияның идеялық көздері - Фихте, Кант ілімдері.

2. Құндылықтардың адам өміріндегі ролі және қазіргі аксиологиялық дағдарыс.

3. Сүйіспеншілік - құндылық ретінде.

4. Қажеттіктер адам әрекетінің қозғаушы күші ретінде.

5. Философиялық антропология және фрейдизм.

6. Э.Фромм ілімі және философиялық антропология.

7. Адам табиғат әлемінде.

8. Философиялық антропология өмір мағынасы туралы.

9. Жеке тұлға, қоғам, мәдениет.

10. Жеке тұлға өтпелі қоғамда: мәселелері мен қайшылықтар.

11. Адам әрекетінің детерминанттары - қажеттіктер, мүдделер, құндылықтар және олардың өзара байланысы.


Тест сұрақтары:

1. Дұрыс пікірді көрсетіңіз:

1) адам және оның іс-әрекеті биологиялық заңдармен анықталады;

2) адам - әлеуметтік жан, оған биологиялық факторлар әсер етпейді;

3) шешуші рольді инстинктер атқарады;

4) адамда саналылық пен бейсаналылық тең;

5) адам ең алдымен әлеуметтік жан, бірақ оның іс-әрекетіне биологиялық факторлар да әсер етеді;

2. Төмендегі көрсетілген қағидалардың ішіндегі тұрпайы - әлеуметтанулық қағиданы көрсетіңіз:

1) адам және оның іс-әрекеті биологиялық заңдармен анықталады;

2) адам - әлеуметтік жан, оған биологиялық факторлар ешқандай әсер етпейді;

3) адам әректінде шешуші рольді инстинктер атқарады;

4) адамда саналылық пен байсаналылық тең;

5) адам әрекетін оның генотипі толық анықталады;

3. Дұрыс жауап табыңыз:

1) индивид және жеке тұлға - тепе-тең ұғымдар;

2) индивид - адам тегінің өкілі ретінде типтік сапалар иесі; ал жеке тұлға - әлеуметтенген адам;

3) индивид - антропологиялық ұғым, ал жеке тұлға - әлеуметтік ұғым;

4) жеке тұлғада дүниеге көзқарас пен өзіндік сана бар, ал индивидте жоқ;

5) жеке тұлға - қоғамдық дамыған адам;

4. Жеке тұлғаның ең дәл анықтамасын табыңыз:

1) жеке тұлға - бұл биологиялық пен әлеуметтіктің, материалдық пен руханилықтың, психикалық пен физикалықтың бірлігіндегі адам;

2) жеке тұлға - жағымды сипатталатын ұғым;

3) жеке тұлға - аса қабілетті адам;

4) жеке тұлға - бұл қандай да болмасын әлеуметтік роль атқаратын адам;

5)"Жеке тұлға" ұғымы "Мен" ұғымына тепе-тең;

5. Адамның мәнін маркстік философия қай тұрғыдан түсіндіреді:

1) биологиялық;

2) теологиялық;

3) әлеуметтік-еңбектік;

4) субъективтік;

5) экзистенциалистік.

6. Адамның әлеуметтік қалыптасу процесін қай ұғым бейнелейді:

1) антропосоциогенез;

2) антропоцентризм;

3) евгеника;

4) генетика;

5) антропоморфизм.

7.Құндылықтарды зерттейтін философиялық ілім қалай аталады:

1) этика;

2) эстетика;

3) аксиология;

4) антропология;

5) герменевтика,

8. Ф.Энгельстің көзқарасы бойынша антропосоциогенездің шешуші факторы қандай:

1) отты пайдалану;

2) еңбек;

3) жердегі климаттық жағдайлар;

4) космостың әсерлері;

5) құдайлар ісі;

9. Адам болмысының басты негіздерін зерттейтін философиялық бөлім қала й аталады:

1) эпистемология;

2) эстетика;

3) философиялық антропология;

4) логика;

5) әлеуметтану.

10. Философиялық антропологияның 20-ғасырдағы негізін салушы болып кім саналады:

1) Л.Витгенштейн;

2) М.Шелер;

3) М.Хайдеггер;

4) Б.Рассел;

5) Г.Маркузе.

Әдебиеттер:


  1. Философия тарихы. Оқу құралы. - Алматы, 1999.

  2. Философиялық сөздік. - Алматы, 1996.

  3. Қ.Әбішев. Философия. Оқулық. - Алматы, 1999, 2000.

  4. Нысанбаев Ә.Н., Әбжанов Т.Адамға қарай бет бұрсақ. - Алматы, 1997.

15 - тақырып: Қоғам жүйе ретінде

Сабақтың мақсаты:

Қоғамды анықтаудың әртүрлі тұрғысын қарастырып, олардың мәнді айырмашылықтарын ашу; қоғамдық дамудың формациялық және өркениеттік концепциялаарының мазмұнын көрсету; қоғамның құрылымдық элементтерін талдап, ерекшеліктері мен өзара байланысын ашу; қазіргі заманның глобальді мәселелеріне, оларды шешу жолдарына және "Шығыс" пен "Батыс" өзара қарым-қатынасына ерекше назар аудару.


Семинар сабақтарының жоспары:

Бірінші сабақ. Қоғам ұғымы және теориялар.

  1. Қоғам ұғымы. Қоғамды әртүрлі тұрғыдан анықтау.

  2. Қоғам дамуының натуралистік концепциялары.

  3. Әлеуметтанудағы географиялық бағыт.

  4. Қоғам дамуының идеалистік концепциялары.

  5. Формациялық көзқарастың басты идеялары.

  6. Қоғам дамуының өркениеттік концепциялары.


Екінші сабақ. Қоғам жүйе ретінде және оның құрылымы.

1. Қоғамның экономикалық саласы және оның құрылымы.

2. Әлеуметтік сала және оның құрылымы.

3. Саяси сала және оның құрылымы.

4. Қоғамның рухани саласы және оның құрылымы.

Бақылауға арналған сұрақтар:

1. "Қоғам" ұғымының әртүрлі мағынада қолдану мысалдарын келтіріңіз.

2. Философиялық тұрғыдан қоғам дегеніміз не?

3. Фатализм мен волюнтаризм дегеніміз не?

4. Маркстік қоғамдық-экономикалық формациялар теорияның басты ұғымдары қандай?

5. Қоғам әруақытта прогрессивтік бағытта дами ма?



6. Қазіргі глобальді мәселелердің қайсысы, сіздің ойыңызша, ең бастысы және неліктен?

  1. Мәдениет дегеніміз не?

  2. Қазіргі Қазақстанды неліктен транзиттік қоғам деп жиі атайды?

  3. Қоғамдық өмірдің негізгі салалары қандай?

Негізгі ұғымдар ( глоссарий ):

Қоғам - адамдардың біріккен практикалық әрекетінде қалыптасатын, белгілі тарихи ортада өмір сүретін қоғамдық қатынастар жүйесі. Сонымен, қоғам дегеніміз индивидтердің барлық өзара байланыстары мен қатынастары.

Әлеуметтанудағы географиялық бағыт - халықтар мен елдердің дамуында олардың географиялық жағдайы мен қоршаған табиғи орта басты роль атқарады деп есептейтін натуралистік ілімдер.

Фатализм - адамның әрбір ісі мен әрекеті алдын-ала жазмышпен , тағдырмен анықталған деп санайтын көзқарас.

Волюнтаризм - болмыстың жоғары бастамасы ретінде ерікті қарастыратын философиялық ілім. Тұрпайы түсінудің түрі - қоғамдық жүйенің тарихи процесінің жүзеге асуындағы объективті заңдары мойындамайтын, барлығы да адам еркінде деп пайымдау.

Қоғамдық келісім теориясы - адамдардың табиғи жағдайының орнына барлығы қабылдайтын, келісілген билік, яғни саяси ұжым - мемлекеттің пайда болуы жайында концепция. Қоғамдық келісімнің мәні - адамдардың өзара қауіпсіздігі үшін, меншік кепілі және басқа да пайда үшін өздерінің еркімен өз бостандығын шектеуі. Қоғамдық келісім теориясының белгілі өкілдері - Руссо, Гоббс, Кант.

Қоғамдық-экономикалық формация - тарихты материалистік пайымдаудың бастапқы және орталық ұғымы. Бұл - қоғамдағы басым өндірістік қатынастар заңдары бойынша қызметін атқаратын және дамитын қоғамдық тарихи тип, әлеуметтік организм. Бұл ұғым маркстік әлеуметтік философияның шешуші ұғымдарының бірі. Тарихи бес қоғамдық-экономикалық формация орын алады: ол - алғашқы қауым, құл иеленушілік феодализм, капитализм, коммунизм.

Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар - материалдық өндірістің екі жағын сипаттайтын категориялар. Өндіргіш күштер - материалдық құндылықтарды жасауға қолданылатын, белсенді, өзгертуші факторлар. Бұған еңбек құралдары мен осы құралдарды іске қосатын адамдардың өзі жатады. Өндірістік қатынастар - материалдық өндіріс процесінде адамдар арасында пайда болатын қатынастар.

Базис және қондырғы - қоғамдық-экономикалық формацияның негізгі элементтері. Базис дегеніміз - қоғамдағы билікті және басым экономикалық қатынастардың жиынтығы. Қондырғы дегеніміз - идеялардың (саяси, құқықтық, моральдік, көркемдік, философиялық), мекемелердің және қатынастардың жиынтығы. Жалпы алғанда, қондырғы базиске қызмет етеді, оның дамуына көмектеседі, алайда бұл процесті механикалық және догматикалық емес, диалектикалық тұрғыдан пайымдау қажет.

Мәдениет - адамдардың материалдық және рухани әрекетінің жиынтығы мен нәтижелер жүйесі, және белгілі қоғамның өмір сүру тәсілі.

Өркениет - әдетте мәдениеттің синонимі ретінде қолданылатын ұғым, бірақ оның белгілі даму деңгейін көрсетеді, ең алдымен техникалық дамуды белгілейді. Осы тұрғыдан, мынадай теңеу орынды: техника өркениеттің денесі, тәні, ал мәдениет - оның жаны, рухы.

Саяси жүйе - билік жөніндегі қоғамдағы қатынастарды реттейтін идеялар, мекемелер, ұйымдар, сонымен қатар нормалар жүйесі. Саяси жүйенің басты элементі - мемлекет. Саяси жүйенің пайда болу, өмір сүру және даму ерекшеліктері мен қызмет заңдылықтарын саясаттану ғылымы зерттейді.

Мораль - басты қызметі адамдардың бір біріне, адамның қоғамға қатынастарын ерекше нормалар, құндылықтар, идеялар мен принциптер арқылы реттеуге бағытталған қоғамдық сананың және шындықты рухани меңгерудің формасы. Моральді зерттейтін философиялық ғылым - этика.

Дін - ең жалпы түрде, бұл дүниенің және болмыстың табиғаттан жоғары құдіретті бастамасына сенуге негізделген дүниеге көзқарас пен адамдардың әрекет тәсілінің түрі.

Өнер - ерекшелігі шындықты көркем бейне арқылы тануда және әсемдік заңдылықтары бойынша жүзеге асатын адам әрекетін көрсететін қоғамдық сананың түрі. Эстетикалық сананың көрінісі ретінде өнерді зерттейтін философиялық ғылым - эстетика.

Ғылым - шындықты теориялық бейнелеудің жоғары түрі. Ғылым - арнайы қоғамдық әрекет арқылы алынатын және қолдану бойынша практикалық қоғамдық күшке айналатын, шындықтағы мәнді байланыс туралы объективті динамикалық дамушы білімдер жүйесі.

Қазіргі заманғы глобальді мәселелер - барлық адамзатқа қатысы бар және тек барлық адамзаттың бірігіп шеше алатын мәселелер жүйесі. Бұған демографиялық, экологиялық, азық-түліктік, ішкі заттық, энергетикалық, ядролық соғыс және т.б. жатады.

Мәнжазба тақырыптары:

  1. Қоғам жүйе ретінде.

  2. Қоғамдық дамудың формациялық, өркениеттік және мәдениеттік концепциялары.

  3. Қоғамдық болмыс пен қоғамдық сана диалектикасы.

  4. Қоғам және табиғат: өзара байланыс мәселесі.

  5. Қоғам дамушы жүйе ретінде: эволюция және революция.

  6. Қазақ ағартушылары: А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлихановтың әлеуметтік-философиялық көзқарастары.

  7. Ұлттық даму және ұлттық өзіндік сана.

  8. Қазіргі глобальді мәселелер және оларды шешу жолдары.

  9. Техника философиясы.

  10. Философия және ғылым.

  11. Қазіргі қоғамдығы діннің орны мен ролі.

  12. Мәдениет философиясы.

  13. Қазіргі Қазақстан транзиттік қоғам ретінде: қиындықтар, мәселелер және қайшылықтар.

  14. "Батыс" және "Шығыс" - диалог па әлде өркениеттік қарсылық па?


Тест сұрақтары:

1. Көрсетілген элементтердің қайсысы өндірістік қатынастардың мазмұнын құрайды:

1) әділеттік қатынастар; 2) қаржылық қатынастар; 3) меншіктік қатынастар; 4) тұтыну қатынастары; 5) құқықтық қатынастар;

2. Тарихты материалистік пайымдау принципін кім қалыптастырған:

1) К.Маркс; 2) Г.В.Ф.Гегель; 3) Э.Гуссерль; 4) В.И.Ленин; 5) К.Ясперс;

3. Төменде көрсетілген элементтердің қайсысы қоғамның саяси жүйесіне жатады:

1)мемлекет; 2)отбасы; 3)халық мәдениеті; 4)өнер; 5)мораль;

4. Мораль қоғам өмірінің қай саласына жатады:

1)саяси; 2)экономикалық; 3)демографиялық; 4)әлеуметтік; 5)рухани;

5. Қоғам базисі дегеніміз не?

1)материалды игіліктер өндіру; 2)өндірістік тәсіл; 3)өндіргіш күштер; 4)өндірістік қатынастар жүйесі; 5)мәдени дәстүрлер мен нормалар;

6. Адам әрекеті алдын-ала берілген тағдыр, жазмышпен анықталады деп санайтын көзқарас қалай аталады:

1)волюнтаризм; 2)фатализм; 3)детерминизм; 4)субъективизм; 5)эсхатология.

7. Көрсетілген мәселелердің қайсысы глобальді болып саналады:

1)экологиялық; 2)элементарлық бөлшектер физикасы; 3)әлем құрылымы туралы;

4)Қазақстандағы табиғатты қорғау; 5)тұрақтылықтың математикалық теориясы.

8.Қоғамдық сананың қай түрін этика зерттейді:

1)дін; 2)өнер; 3)саяси сана; 4)ғылым; 5)мораль.

9. Мәдениеттің ақыры туралы идеяны ХХ-ғасырда жариялаған кім:

1)А.Швейцер; 2)О.Шпенглер; 3)А.Шопенгауэр; 4)Л.Шестов; 5) Шри АуробиндоГхоил.

10. Адамға "ойнаушы адам" - деп анықтама берген кім:

1)Аристотель; 2)К.Юнг; 3)Ф.Ницше; 4)Л.Хейзинга; 5)К.Маркс.



Әдебиеттер:

  1. Проблема человека в западной философии – Общая ред. Ю.Н.Попова. М., «Прогресс», 1988.

  2. Г.Скирбек, Н.Гилье. История философии. – М.,Владос, 2001.

  3. П.В.Алексеев. Социальная философия. Учебное пособие – М., «Проспект», 2003.

  4. Философия. Часть первая. История философии. Учебное пособие – М., Юрист, 2001.

  5. Б.М.Марков. Философская антропология. Очерки истории и теории – Санкт-Петербург, 1997.

  6. Л.С.Николаева, С.И.Самыгин, Л.Д.Столяренко. Философия. Экзаменационные ответы для студентов вузов – Ростов-на-Дону, «Феникс», 2002.

  7. Современная западная философия. Словарь – М, 1991.

  8. Философия. Учебник – М, ТОН/ТОНЕ, 1998.

  9. Философский энциклопедический словарь – М,Советская энциклопедия, 1983.

  10. Әлеуметтік философия. Хрестоматия. - Алматы, 1999.

15 тақырып: Философиядағы құндылықтар мәселесі.

Сабақтың мақсаты:

Жас маманның философиялық мәдениетін қалыптастыру.

Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін, алдымен төмендегідей міндеттерді шешу қажет:

Студенттерге құндылықтардың мән жайын және олардың адам, қоғам өмірінде алатын орнын ашып көрсету; Философия тарихында көтерілген құндылық мәселесіне шолу жасай отырып, құндылықтардың философиялық мазмұнын ашу; Студенттердің ғылыми дүниетанымының, тұлғалық мәдениетінің қалыптасуындағы рухани құндылықтардың қызметін түсіндіру;



Студенттерге бүгінгі таңда тәуелсіздікті нығайту жолында, ұлттық құндылықтардың қажеттілік негіздерін, жанжақтылығын айту; Студенттерді құндылықтар философиясы бойынша алған білімдерін, әлеуметтік ортада, зерделі - тәжірибелік жолда жүзеге асыра білуге үйрету.

Семинар сабағының жоспары:

  1. Философиядағы құндылық түсінігі.

  2. Құндылықтар типологиясы.

  3. Құндылық сананың табиғаты, генезисі және статусы.

  4. Философиядағы абсолютті және салыстырмалы жалпы адамзаттық индивидуалды құндылықтар мәселесі.

Бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Құндылық дегеніміз не?

  2. Қоғамдық қатынастар мен құрылымдар жүйесінде құндылықтардың алатын орыны қандай?

  3. Құндылық пен бағалаудың мәні.

  4. Құндылықтар бағдарын қалай түсінесіз?.

  5. Адам өміріндегі құндылықтардың атқаратын рөлі қандай?

  6. Құндылықтар иерархиясын қалай түсінесіз?

  7. Антикалық философияда, құндылық мәселесін философия тұрғысында қарастырған қандай ойшылдар болды ?

  8. Дәстүрлі қоғам дамуындағы ұлттық құндылықтардың ерекшелігі неде?

  9. Материалдық құндылықтар деген ұғымды қалай түсінесіз?

  10. Рухани құндылықтарға не жатады?

  11. Құндылық пен қажеттіліктің адам өміріндегі ажырамас бірлігі неде?

Негізгі ұғымдар:

Аксиология - құндылық жаратылысы туралы, яғни құндылықтардың адам өміріндегі орны мен құрылымын, әлеуметтік - мәдени қызметтерін зерттейтін философиялық ілім.

Құндылық - адамның дүниеге қатынасы мен дүниедегі алатын орнын, қоғамдық қызметінің мәдени ерекшеліктерін түсіндіретін философиялық ұғым.

Құндылықтар - адамның өмірдегі рухани және материалдық қажетіліктерді өтеу жолындағы қалыпты мәндер.

Рухани құндылықтар – адам өмірінің рухани мәнін көрсететін ақыл - парасат, білім және т. б. мақсат болып табылатын игіліктер.

Қайырымдылық - адам мүдделерінің ортақтығын, бірлігін, алға қойған ізгі мұратқа жетуін (соған ұмтылысын ) білдіретін аксиологиялық ұғым.

Бақыт - идеалдылық, шынайылық, игілік секілді рухани және материалдық қажеттіліктердің жүзеге асуы, адамның тұлғалық қасиеттерінің өлшемі.

Игілік- адамның белгілі бір қажеттіліктерінің жүзеге асуын, адамдардың ортақ мүдделеріне, мақсаттары мен ниеттеріне сәйкес келетін нәрселер мен құбылыстарды белгілейтін аксиологиялық ұғым.

Идеалдылық- адамның белгілі мақсатты көздеген іс- әрекетінде пайда болатын обьективттік нақтылықтың субьективтік бейнесі.

Иерархия - тігінен алғанда жеке деңгейлер араларындағы тәртіптілікпен , жүйелілік пен және өзара іс- қимыл мен, байланыстар мен сипатталатын көп қатпарлы күрделі жүйелердің құрылымдық қатынастар типі.

Дәстүр - тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отыратын әдет- ғұрыптар, салт- сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез құлық қалыптары және т. б. қоғамда, ұлтта немесе жекелеген әлеуметтік топтарда ұзақ уақыт бойы сақталатын әлеуметтік- мәдени мұра құндылықтарының элементтері.

Материалдық құндылықтар - адамның өмір сүруіне қажетті игіліктер ( тұрмыс, материиалдық өндіріс , киім және т. б. ).

Құндылықтар бағдары дегеніміз - адам іс- әрекеттері мен адамдардың қоғамдық ынтымақтастығын нығайту ( оған рухани, ұлттық-дәстүр құндылықтары мен материалдық, саяси құндылықтар бағдарын жатқызуға болады).

Бағалау субьектісі дегеніміз - тұлға, әлеуметтік топ, қоғам.

Мәнжазба тақырыптары:

  1. Құндылық түрлері және олардың иерархиялық баиланысы.

  2. Ақиқат және құндылық.

  3. Тұлғалық қатынастардың, топтық және жалпы адамзаттық құндылықтары.

  4. Адам іс-әрекетін реттеу: нормалар, идеалдар,құндылықтар.

  5. Рухани құндылық адам өмірінің басты мағынасы ретінде.

  6. Ұлттық болмыс және дәстүр құндылықтарының баиланысы.

  7. Экзистенциалдық философиядағы адам және өмір құндылықтары.

  8. ХІХ- ХХ ғ. ғ.Батыс философиясындағы құндылықтар теориясы.

  9. Дәстүр құндылықтарының ұлтық мәдениеттің дамуындағы ролі.

10. Прагматизм философиясындағы құндылық бағдары.

Тест сүрақтары:

1. Төмендегі ілімдердің қайсысы құндылық түсінігін ашады?.

1) Аксиология; 2) Гносеология; 3) Онтология; 4) Антропология ; 5) Мәдениеттану ;

2. Көне Грек философиясында, құндылықтардың жиынтығы " ізгілік" ұғым қалай аталады ?

1) агатон; 2) аллегория; 3) филия; 4) аксиома; 5) агносия;

3. Тұлғалық құндылықтар қалай қалыптасады ?

1) тәрбие - білім беру, өмірлік тәжірибе жинақтау негізінде;

2) табиғатты игеру арқылы;

3) әлеуметтік дағдарыс жасау арқылы;

4) алдау, арбау арқылы;

5) зорлық зомбылық арқылы;

4. Сократтың түсіндіруінше ең басты рухани құндылық.

1) түсінік, білім, әділеттілік; 2) билік; 3) байлық; 4) лауазым; 5) ләззат;

5. Рухани құндылықтарға не жатады?.

1) игілік, ақиқат, әсемдік… 2) саяси…3) материалдық; 4) денсаулық; 5) әлеуметтік;

6. Философия тарихында құндылықты қайта бағалау проблемасын қойған кім ?

1) Ницше; 2) Аристотель; 3) Спиноза; 4) Декарт; 5) Маркс;

7. « Адам -- барлық заттардың өлшемі» деген қанатты сөздің авторы:

1) Протагор; 2) Сократ; 3) Демокрит; 4) Платон; 5) Аристотель;

8. Құндылықтық қатынастар жағдайындағы басты құндылық:

1) іскерлік; 2) билік; 3) идеология; 4) көзқарас; 5) шыншылдық;

9. Философия тарихында құндылыққа қатысты социологиялық концепцияның негізін салушы: 1) Вебер; 2) Аристотель; 3) Фейербах; 4) Кант; 5) Гегель;

10. Идеал ұғымы нені білдіреді ?

1) адам мұраты; 2) әдептілік; 3) қызмет ету; 4) тіршілік; 5) өнер;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет