Тақырыбы: Бухгалтерлік баланс



Дата21.11.2022
өлшемі63,19 Kb.
#159158
Байланысты:
сро 6 апта бух учёт
Та ырып Ма жан Ж мабаевты «Педагогика» е бегіндегі т рбиені н, сро 1 русский

Alikhan Bokeikhan University


СӨЖ№1
Тақырыбы: Бухгалтерлік баланс

Орындаған: Игенбердинов Яасн


Топ: Э-101
Тексерген :Нурпеисова.А.З
Семей 2022
Жоспар:

  • Ғылым ретінде бухгалтерлік есептің мәнін зерттеу

  • Бухгалтерлік есептің негізін қарастыру, сипаттама беру, пәнді түсінуге қажет түсініктемелік аппаратпен таныстыру

  • Халықаралық бухгалтерлік есептің ҚР-дағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына әсерін қарастыру

1. Бухгалтерлік есеп (есеп жүргізу ретінде) дүниежүзіндегі кез келген бухгалтерияның іс жүзіндегі қызметінің мәнін айқындап, бағалауға мүмкіндік береді.


Қоғамның даму барысында бухгалтерлер үш міндетті шешеді:

  • есепті барынша ақпаратты, әрі дәл жасау;

  • оның қарапайым және арзан болуына қол жеткізу;

  • шаруашылық өміріндегі деректер жөнінде дер кезінде ақпарат алу.

Бухгалтерлік есептің пайда болып, қалыптасуын мынандай кезеңдерге бөлуге болады:

  • Ежелгі дүние

  • Ортағасырлық

  • Ренессанс пен қосарлы бухгалтерияның пайда болуы.

  • Ғылымның пайда болуы. ХІХғ.екінші жартысы.

  • ХХғ.- бухгалтерлік есептің үдемелі (интенсивті) дамуы.

  • Есеп және оның техникасы қашанда оның есептік регистірлерінің түрлеріне байланысыты.

Бухгалтерлік есеп пен шоттарды жүргізудің айырмашылығы – шоттарды жүргізу– бухгалтерлік есепті жүргізу процесі, шаруашылық операциясын тіркеу және есептік құжаттарды сақтау құралы. Бұл үдеріс – бухгалтерлік есептің бір ғана бөлігі. Бухгалтерлік есепке жүйелер дизайны, смета құру, шығындарды талдау, аудиторлық тексеру, табыс салығын есептеу және жоспарлау кіргізіледі.
Бухгалтерлік есеп – басқару ақпараттық жүйенің қаржылық орталығы. Ол басқару аппаратында да, сыртқы пайдаланушыларда да кәсіпорынның шаруашылық қызметінің толық көрінісінің бар болуына мүмкіндік береді.
2. Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынадай қызмет атқарады:
· болашақта (алдағы уақытта) пайдалану үшін ұйымда болып жатқан операцияларды тіркеп және оны өңдеп отырады;
· ұйымның қаржылық-ақпараттық мәліметін өңдейді, сондай-ақ оны керек уақытына дейін сақтайды;
· қаржылық-ақпараттық мәліметті пайдаланушыларға уақтылы беріп отырады, ал бұл ақпаратты пайдаланушылар осы деректер арқылы ұйымды басқару барысында түрлі шешім қабылдайды.
Бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдаланушылар және олардың ролі.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық-ақпараттық мәліметін пайдаланушыларды төмендегідей екі топқа бөліп қарастырады:
· ішкі пайдаланушылар;
· сыртқы пайдаланушылар
Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты.
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын барлық үдерістерді алдымен бақылап, орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтердің нәтижесінде өндірілген өнімдерді, олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттарды, қаржы-қаражаттарды сандық өлшемге келтіріп және оны арнаулы құжаттарға қарай реттеп, соңынан тіркеу жұмысын жүргізетіндігі бухгалтерлік есептің басты міндеті болып табылады.
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты – барлық кәсіпорындарда орындалатын операциялардың уақтылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау. Бухгалтерлік есептің басты ерекшелігі, ол тек қана бастапқы және арнайы құжаттарға жазылып тіркелген нақтылы көрсеткіштер негізінде жүргізіледі.
Кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың тиімділігі мен олардың заңдылығы, шығындардың орынсыз жүмсалынбауы, материалдық құндылықтардың қатаң тәртіппен ұқыпты да тиімді жұмсалынуы бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің міндеті болып табылады.
Қорыта келгенде, бухгалтерлік есептің негізгі басты мақсатына кәсіпорын жұмысының экономикалық тиімді тұрғыдан орындалуы, ұйымның өзін-өзі қаржыландыруы мен табыс (пайда) табуы жатқызылады.
3. Бухгалтерлік есеп пен есептілікті реформалау және Қахақстандағы ұйымдардың ҚЕХС-қа бірте-бірте өту үдерісі еліміздің егемендік алғаннан кейін бухгалтерлік есепке қатысты қабылданған ең алғашқы нормативтік құжат 26 желтоқсан 1995 жылғы №2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілді. Ол 1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Осы заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясының №3 Қаулысымен 1996 жылы 13 қарашада Бухгалтерлiк есепке алу стандарттарының бекiтілуі, ҚЕХС-ты толық және сөзсіз қабылдауға ауыспалы кезең болды [1, 154 б]. Алғашқы бухгалтерлік есеп туралы заңның қабылдануына дейін елімізде кеңес үкіметі кезінде қабылданған шоттар жоспары қолданылды, алайда нарықтық экономика жағдайында пайда болған объектілердің есепке алынуы үшін жаңа бухгалтерлік шоттар енгізілді. 1996 жылы 18 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы бекіткен № 6 «Субъект қызметтерi қаржы-шаруашылық бухгалтерлiк есеп шотының Бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссия қаулысы қабылданып, 1997 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді. 2002 жылдың 24 маусымынан бастап, «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығы «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» ҚР Заңы деп өзгертілді. Осы заң бухгалтерлік есеп пен есеп берудің барлық сауалдары бойынша кәсіпорын басшылары, бухгалтерлері мен басқа да лауазымды тұлғалары басшылыққа алуға міндетті нормаларды анықтады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 18 қыркүйегінде «Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы» № 438 бұйрығына сәйкес бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары қабылданды. 2003 жылдан бухгалтерлік есепті ҚЕХС сәйкес жүргізуге заңды түрде бекітілген кезеңдік өту басталды. 2005 жылдың 1 қаңтарынан ҚЕХС бойынша бірінші қаржылық есеп беруді Қазақстандық ірі компаниялар бастады. 2006 жылдан бастап, барлық қаржылық ұйымдар, ұлттық компаниялар және ірі акционерлік қоғамдар қаржылық есептілігін ҚЕХС сәйкес жасай бастады. Ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтер пайда болып, бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсті. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы ірі және жария мүдделі кәсіпорындарда халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалды.
Бухгалтерлік есепке алу жүйесін дамыту, өсіп және серпінді дамып келе жатқан мемлекет құруға маңызды жағдай болып табылады. Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру – қазіргі кездің басты талабы болып отырғаны да мәлім. Сонымен қоса еліміз Еуразия кеңістігіндегі елдермен тәжірибе алмасу арқылы бухгалтерлік есепті дамытып қана қоймай, оған өзінің тарапынан жаңа ұсыныстар енгізуге жол ашып, мақсатты да, мағыналы даму жолын алға қойып отыр. Бұл бағдарламада экономика, әлеуметтік, ішкі саясат және демократияның дамуы жан-жақты, толық қарастырылған, ендеше осындай мәселелерді шешудің басты нышандары-сонау есептілік жүйесі секілді жүйелерден бастау алады. Келесі бағыт-бағдарымыз 2050 болып тұр, яғни жарқыраған 30-дық. Бұл бағдарламада экономика, әлеуметтік, ішкі саясат және демократияның дамуы жан-жақты, толық қарастырылған, ендеше осындай мәселелерді шешудің басты нышандары - сонау есептілік жүйесі секілді жүйелерден бастау алады. Болашаққа деген талпыныс зор және нақты қандай қадамдар жасалыну керектігі өз шешімін тауып жатса, ХХІ ғасыр - шынында, Қазақстанның «алтын ғасыры» болатыны сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет