Практикалық тапсырма №4. Әйнектің сынығын жасау
Corel Draw графикалық редакторын іске қосып, кез-келген суретті импорттаймыз: Файл → Импорт командасы арқылы (148-сурет).
Импортталған суреттің үстіне Bezier (Кривая Безье) инструментінің көмегімен үшбұрыш сызамыз (149-сурет).
148-сурет 149-сурет Сызылған үшбұрыштан әйнектің сынығын жасаймыз.
Pick (Выбор) құрал-сайманының көмегімен үшбұрышты белгілеп: Effect → Extrude → Edit (Эффекты → Экструзия → Изменить) командасының көмегімен келесі параметрлерді беріңдер (150-сурет).
Жоғарыдағы параметрлер берілсе, онда Apply батырмасын басыңыз.
Pick (Выбор) құрал-сайманының көмегімен үшбұрышты белгілеп: Arrange → Break Extrude Group Apart (Расположение → Разделить группу экструзии). Нәтижесінде үшбұрыш өзінің көлемінен бөлектенеді, бірақ бұл әрекет байқалмайды.
FillTool (Заливка) құрал-сайманының көмегімен көлемді үшбұрышты бояңыз. Outline Tool (Обводка) құрал-сайманының ішінен No Outline (Удалить обводку) құрал-сайманын таңдап алыңыз, сонда көлемді үшбұрыштың жиегі алынады (151-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |