Қаріп көлемін өзгерту
Мәтіндік объектінің қаріп (шрифт) көлемін өзгерту үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
Pick (Көрсеткіш) сайманының көмегімен мәтіндік объектіні таңдаңыз немесе мәтін бөлігін ерекшелеу үшін Text (Мәтін) сайманын таңдап алыңыз. Жекелеген сөзді жылдам ерекшелеу үшін тышқанды екі рет шертіңіз. Мәтіндік блоктың бәрін белгілеу үшін тышқан батырмасын үш рет шертіңіз.
Келтірілген әдістердің бірін пайдаланыңыз:
Қасиеттер панеліндегі ашылатын Font List (шрифтер тізімі) тізімінен қажетті кегльді таңдап алыңыз немесе енгізіңіз;
Text → Format Text (Мәтін → Мәтінді форматтау) меню командаларын орындаңыз немесе Ctrl+T пернелерінің комбинациясын пайдаланыңыз. Экранда Format Text диалогтық терезесі пайда болады. Character (Символ) бетшесінің Size (Өлшем) ашылатын тізімінен қажет кегльді бергеннен кейін, Ok батырмасын шертіңіз. Таңдап алынған мәтіннің кеглі өзгереді.
Ерекшелеудің тік және жатық маркерлерін жылжыта отырып, шрифтінің көлемін өзгертуге кеңес берілмейді (145-сурет). Бұл мақсат үшін тек бұрыштық маркерлерді пайдаланыңыз. Себебі, мұндай түрде шрифт мөлшерін өзгертіп, мәтіндік символдардың түпнұсқалық кескіні бұрмалануы – мәтіндік объектілердің сыртқы түрі баспаға шығару кезінде шрифтінің аз ғана айырмашылықтарының әсерінен келісімді болып шықпайды.
145-сурет
Интерлиньяж. Қатар аралық интервал немесе интерлиньяж, кернинг сияқты мақсатта қолданылады, яғни бос кеңістіктің үлкен көлемін қысқаша мәтінмен толтыру (146-сурет).
146-сурет
Кернинг сияқты, интерлиньяжды бірнеше әдіспен орнатуға болады.
Интерлиньяжды жылдам өзгерту үшін, Shape (Форма) сайманымен шерту арқылы, қажет мәтіндік объектіні ерекшелеп алыңыз. Объектіні төменгі бұрышында екі тілсызық пайда болады (147-сурет). Сол жақ бұрышта орналасқан тілсызықты шертіп, қатар аралық қашықтықты ұлғайту немесе кішірейту үшін, оны тігінен жылжытыңыз.
147-сурет
Format Text диалогтық терезесінде интерлиньяжды өзгерту үшін:
Pick сайманымен қажетті мәтіндік объектіні немесе мәтін бөлігін таңдап алыңыз.
Text → Format Text меню командаларын орындаңыз немесе Ctrl+T пернелерінің комбинацияларын басыңыз.
Пайда болған Format Text диалогтық терезеде Paragraph (Абзац) бетшесінде шертіңіз. Line (Қатар) мәтіндік ауданына, символ биіктігіне пайыздық қатынас түріндегі немесе пункт мәндері ретінде қатар аралық қашықтықты енгізіңіз. Интерлиньяжды баптау жұмысын аяқтау үшін Ok батырмасын басыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |