№19 Практикалық жұмыс. Мәтінмен жұмыс жасау
Text (Текст) құрал-сайманын таңдап алып - a_Concepto TitulBroken қаріп түрін және мөлшерін 72 пункт етіп алыңыз (224-сурет).
224-сурет
Shape(Форма) құрал-сайманын таңдап алып, мәтіннің ұштарын ұзартамыз. Ол үшін ең алдымен мәтінді Pick (Выбор) құрал-сайманымен белгілеп, мәтінге тышқанның оң жақ батырмасын басып, Convert To Curves (Перевести в кривые) командасын таңдап алыңыз.
Енді Shape(Форма) құрал-сайманымен жұмыс істей беруге болады. Нәтижесі төменде көрсетілген (225-сурет).
225-сурет
Енді бояуға көшейік. Бояудың ашық көк түсін таңдап алу керек.
Texture Fill Dialog (Диалоговое окно текстурной заливки) құрал-сайманын алып, ашылған сұхбат терезеде текстура кітапханасынан – Samples 6, текстураның ішінен - Oatmeal түрін таңдап алыңыз (226-сурет). Нәтижесі 227- суретте көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |