Кафедра меңгерушісі Джарасова Г. С



бет61/84
Дата24.04.2017
өлшемі10,11 Mb.
#15087
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   84

№16 Практикалық жұмыс. Windows жұмыс үстеліне батырма (значок) жасау


Батырма жасау мысалы ретінде қыздың суретін алдық (204-сурет).

Осы күйінде қажет форматқа экспорттауға болар еді, бірақ батырманың пішіні қыздың контурын қайталасын, ал фон мөлдір болсын. Сол үшін Eraser (Ластик) құрал-сайманын пайдаланып, артық жерлерді өшіріп тастаңыз (205-сурет)



204-сурет 205-сурет

Алдын-ала Eraser (Ластик) құрал-сайманының параметрлерін беріңіз (206- сурет).


206-сурет


Келесі қадам жұмыстың негізі болып табылады. Ол үшін File Export (Файл → Экспорт) командасын орындап, экспорттау үшін *.ico форматын алыңыз. Бірінші ашылған сұхбат терезеде ешқандай өзгеріс енгізбей, параметрлерін сол қалпында қалдырамыз. Ал келесі терезеде суретте көрсетілгендей параметрлерін береміз (207-сурет)

Ондағы Palette (Палитра) тізіміне Adaptive (Адаптивная) вариантын таңдап алған дұрыс. Dithering (Настройка растра) параматрін өзгертпеген жөн. Өйткені біздің жағдайда ол нәтижеге ешқандай өзгеріс келтірмейді. Colors (Количество цветов) бетінде ең үлкен мән (максималды) 256-ны беруге болады. Бұл мәнді батырманың файл мөлшеріне шектеу қойылса ғана, азайтуға болады. Осымен мысал дайын болып жұмыс үстеліне шығарылды (208- сурет)

207-сурет 208-сурет (нәтиже)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет