Кафедра меңгерушісі Джарасова Г. С


Мәтінді импорттау және онымен жұмыс істеу



бет69/84
Дата24.04.2017
өлшемі10,11 Mb.
#15087
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   84

Мәтінді импорттау және онымен жұмыс істеу


Flash-фильмінің кадрларына орналастыратын үлкен көлемді мәтінді осы программада теру міндет емес. Flash программасында орфографияны тексеру мүмкіндігі қарастырылмаған. Мұндай жағдайда мәтінді MS Word редакторында теріп, алмасу буфері арқылы оны көшіріп қоюға болады.

Мәтінді көшіру


MS Word редакторында теріп немесе осы программада терілген мәтінді ашыңыз.

Flash-фильміне қойылатын мәтінді ерекшелеп, оны алмасу буферіне көшіріңіз (Edit – Copy (Түзету-көшіру, Правка -копировать)).

Flash программасына өтіп, - құралын таңдаңыз.

Мәтіндік блок құрып, Edit-Paste (Түзету-қою, правка-вставить) командаларын орындаңыз. Нәтижесінде мәтіндік блокқа алмасу буферіндегі мәтін қойылады. Мәтінді енгізу үшін Edit-Paste Spatial (Түзету- арнайы қою, правка-специальная вставка) командаларының мүмкіндіктерін пайдалануға болады. Бұл команданы орындағаннан кейін экранда Арнайы қою сұхбат терезесі (238-сурет) пайда болады. MS Word құжаты опциясын таңдағанда мәтін MS Word редакторында жасалған форматын сақтай отырып, кадрға қойылуға ыңғайланып, осы программамен байланыс орнатылады.



Мәтіндік блок құрылып, одан кейін толықтырылғаннан кейін ол мәтінмен әдеттегі Flash ортасындағы графикалық объект ретінде жұмыс істеуге болады.

238-сурет. Арнайы қою терезесі

Мәтінді графикалық объектіге түрлендіру


Мәтінге Flash технологиясындағы векторлық графиканың мүмкіндіктерін қолдану үшін оны әдеттегі графикалық объектіге түрлендіру қажет.

құралымен мәтінді ерекшелеңіз.



Modіfy- Break Apart (Түрлендіру Бөлу, Модификация Разбить) командасын орындаңыз. Мәтіннің әрбір символы графикалық объектіге түрленіп, бәрі де ерекшеленеді (239-сурет).

239-сурет. Графикалық объектіге түрленген мәтін


Мұндай Flash объектілеріне бояу ретінде растрлық бейнелерді пайдалануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет