Казахстан



Pdf көрінісі
бет33/86
Дата06.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#195374
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   86
Байланысты:
дек. Нейрохирургия
Лекция-СД-2курс-каз, Макро- мен микропрепаратар №1, Лейкозы
Диагностика 
А. Ашық бас ми жарақатының диагностикасы науқастың 
шағымдары, анамнезі, неврологиялық, офтальмологиялық, ото- 
неврологиялық қараулардың нәтижелері, құралды тексерудің 
объективті әдістері, (рентгенологиялық, компьютерлі- томография- 
лық, ЯМР, эхоэнцефалоскопия, ЭЭГ, церебралды ангиография) 
жарақат каналын тексеру және қан мен жұлын-ми сұйықтығын 
зерттеу арқылы негізделеді. 
Б. Ашық бас ми жарақаты кезінде хирургиялық тексеру үлкен 
маңызға ие. Бұл кезде бассүйек жабынының зақымдалу сипатын 
міндетті түрде анықтау қажет, жараны зерттеп, оның көлемі мен 
түрін сипаттау керек.Бөліністің сипаты мен егер бассүйек 
деформациясы болса оның жиектерін сипаттау керек. 
Мидың қатты қабықшасы, сүйектің және апоневроздың 
бүтіндігін бағалау маңызды. Жарады милық детриттің және 
жұлын-ми сұйықтығының болуы өтпелі жарақаттың абсолютті 
белгісі болып табылады. Нүктелі жарақат кезінде жараны қарау 
қиынға соғады. Соған байланысты, жараны зондпен тексереді, осы 
арқылы мидың қатты қабықшасы мен сүйектің зақымдалғанын 
анықтауға болады. 
В. Интракраниалды бөгде затты және бассүйек зақымдалуын 
көру мақсатында краниографияны 4 стандартты проекцияда 
түсіреді. Ерекше ескертетін жайт, қазіргі кездегі жарақаттанулар- 
дың 1/3 рентген контрастсыз бөгде заттармен салынады. 
Емі. 
Операциялық емді қажет ететін зақымдалулар: 
А. Бастың сырылған жарасы. Жараны мұқият біріншілік 
хирургиялық өңдеуден өткізіп, біріншілік тігіс салу. 
Б. Бассүйектерінің сынықтары: 


77 
1. 1 см-ден көп тереңдікте енген сынықтар, көбінесе мұндай 
зақымдалулар бас ми жарақатымен жүреді және жарақаттың 
кейінгі эпилепсияның дамуына әкеледі. Операция әдісі енбелі 
сынықтың көлеміне, орналасуына және қосымша ми соғылуының 
ауырлығына байланысты. Мидың салыстырмалы жеңіл соғылуы 
кезінде жергілікгі жансыздандыру жүргізіледі. Ал ауыр соғылуы 
кезінде оны жалпы жансыздандырумен жүргізеді. Бастың жұмсақ 
ұлпаларын енбелі сынықтын түрі мен көлеміне байланысты таға 
тәрізді, S-тәріздес және түзу сызықты тіліктермен ажыратылады. 
Алдымен тері-апоневроздық, сосын сүйек қабықшасын сыдырады. 
Еңбелі сынықтың бүйірінен бір фрезалық тесік салып, сол арқылы 
тістеуікпен сынған сүйектің енбелі бөлшектерін алып тастайды. 
Сүйек қабықшасымен байланысқан ірі сынықтарды орнынан 
шамалы көтеріп, бастапқы орнына қалдыруға болады. Бұл 
сынықтардың қайталап енуін болдырмау үшін сүйек жиектеріне 
тігіспен бекітеді; 
2. 
Ашық 
жарықшақты, 
енбелі 
сынықтар. 
Сүйек 
жарықшақтарын алып тастау, жара каналын санациялап, мұқият 
гемостаз жасаған соң, сүйек деффектісінің имегін доғалап, өткір 
қырларын алып тастайды. Операцияны остеомиелит, энцефалит 
секілді асқынуларды болдырмау мақсатында біріншілік тігіс 
салумен аяқтайды; 
3. Тамырлық канал арқылы өткен сынықтар. Мысалы, 
ортаңғы менингеалық артерияның тесілуі эпидуралық гематома- 
ның түзілуіне әкеледі. 
В. Оқтан болған жарақаттар: 
1. Бастың оқтан болған жарақатына хирургиялық өңдеу егер 
жәбірленушіде тірілу мүмкіндігі болған жағдайда жасалады. 
Мүмкін болса оң жарықшақтарын, сондай-ақ сүйек пен ми 
ұлпаларының өмір сүруге қабілетсіз аймақтарын алып тастап, жара 
қуысына санация жүргізіледі де мидың қатты қабықшасының 
бүтіндігін қалпына келтіреді; 
2.
Егер сүйектің тесіліп сынуы болса, бассүйекке сүйек 
пластикалық трепанация жасайды, қалған барлық жағдайда 
резекциялық краниотомия жасалады. Мидың қатты қабықшасын 
ашуға көрсеткіш ретінде түсінің өзгеруі, пульсациясының болмауы 


78 
жатады. Қабықшаны "Н"- тәріздес тілікпен ашады да милық 
детриттер мен қан ұйыңдыларын жуған соң жарақат каналының 
бастапқы бөлігінен ірі сүйектік фрагменттерді алып тастайды; 
3.
Металдың жарықшақтарды штифт-магнит көмегімен, ал 
магнитсіз бүтендікті заттарды жарақат каналына фибринтромбинді 
қосындыны толтыру арқылы, түзілген ұйындының арасында 
бөтендікті зат та қосылады және алған кезде бөтен текті зат қоса 
алынады. 
Г. Енген жарақат. Балаларда өтпелі жарақат көбінесе көз 
қуысының 
медиалды 
бұрышы 
аймағында 
орналасыда. 
Зақымдаушы зат бассүйек қуысына еніп, ауыр неврологиялық 
симптоматика, оның ішінде гемипарез және эндокриндік 
бұзылыстар шақыруы мүмкін. Өтпелі бөтен объектіні визуалды 
бақылау арқылы тек қана операция уақытында алу керек, өйткені 
қан кету жағдайы мүмкін. 
Д. Эпидуралдық гематомалар. Гематома орналасқан аймаққа 
сүйек-пластикалық немесе резекциялық трепанация жасалады. А. 
Meningea media бассүйек қуысына енген жер: (самай сүйек 
қабыршағы) хирургтың мұқият бақылауында болуы керек. 
Сүйектік дефект жасаған соң электросорғышы, шпател және 
көлемді жуудың көмегі арқылы сұйық қан мен оның ұйындыларын 
толық алып тастайды қан кету көзін тауып, мұқият гемостаз 
жасайды. Операцияны егер декомпрессияға көрсеткіш болмаса, 
онда сүйек жапырақшасын орнына қойып жараны қабаттап тігу 
және гематома алынған қуысқа дренаж қоюмен аяқтайды. 
Е. Субдуралдық гематома. Гематома орналасқан аймақта 
бастың жұмсақ ұлпаларына таға тәріздес тілік және сүйекке 
пластикалық 
немесе 
резекциялық 
трепанация 
жасалады. 
Трепанациялық тесіктен кернеліп көгерген, пульсацияланбайтын 
немесе әлсіз пульсацияланатын мидың қатты қабықшасы көрінеді. 
Оны крестәріздес немесе жарты ай тәріздес тілікпен ашқан соң, 
субдуралдық жиналған сұйық қан мен оның ұйындыларын 
аспиратор, шпатель және жуу арқылы алып тастайды. Қан кету 
көзін тауып мұқият гемостаз жасалады. Соңғы жылдары 
субдуралдық гематоманы әсіресе, жеделдеу кезінде кішкене тесік 
жасау арқылы эндоскопиялық тәсілмен алып тастау қолданылады. 


79 
Отаны егер, декомпрессияға көрсеткіш болмаса мидың қатты 
қабықшасын тігіп, сүйек жапырақшасын орнына салып, жараны 
қабаттап тігу арқылы аяқтауға болады. Гематоманың рецидивін 
болдырмау және ұлпалық бөліністерге жол салу үшін гематома 
түзілген жерге бір тәулікке дренаждық түтікше қалдырады. 
Ж. Ми ішілік гематома. Операциялық емдеуге мидың 
дислокациясы мен компрессиясын туғызатын үлкен гематомалар 
жатады. Операция көрсеткішіндегі сұрақты шешуші мақсатта КТГ, 
ЭХО, ЭЭГ, ангиография, нейтроофтальмологиялық, сондай-ақ 
науқастың жағдайына қарап анықтаймыз. Гематоманы фрезалық 
немесе сүйек-пластикалық трепанациялы тесікпен ми ішілік 
гематоманы пункциялау арқылы аспирациялайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет