Кірісп е Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет2/14
Дата22.11.2019
өлшемі1,22 Mb.
#52290
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
722 (1)


Саяси ілімдер тарихы
Демокрит (б.э.д. 460–370 жж.) өзінің саяси ойларын-
да  алғаш  рет  адам  мен  адамзат  және  қоғамның  дамуы 
әлемдік даму үдерісінің табиғи жалғасы деп қарастырды. 
Осылайша  адамзат  қоғамы  прогрессивті  эволюциялық 
өзгерістерден  кейін  өзінің  қалыпты  жағдайынан  шықты. 
Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда  полис,  қоғам  және  заң-
намалар  қолдан  жасалған,  ол  табиғаттан  алынбаған. 
Сондықтан  да  олардың  пайда  болу  үдерісінің  өзі  қажет-
тіліктен  туылған,  яғни  кездейсоқ  процесс  емес  деп  көр-
сетеді. Осыдан да болар Демокрит үшін табиғи және қол-
дан  жасалған  дүниенің  байланысы  саясат  пен  этикалық 
нормалардағы  өлшеммен  анықталады.  Сондықтан  да 
ол  адам  табиғатына  қарсы  келетін  дүниенің  барлығын 
әділетсіз деп қабылдайды.
Демокрит  үшін  мемлекетте  әділеттілік  пен  жалпыға 
бірдей  мамыражай  жағдай  қалыптастыру  керек.  Мемле-
кеттік мүдде барлығынан да жоғары тұруы керек, ал аза-
маттар мемлекеттік құрылым мен басқаруды жетілдіруге 
ат  салысуы  тиіс  деген.  Демокрит  «жақсы  басқарудағы 
мемлекет – зор қорған, өйткені ол жалпы тұтастықтың не-
гізі, егер де ол өлсе, онымен бірге барлығы да өледі» дейді. 
Мемлекеттілікті  дамыту  барлық  мемлекет  тұрғындары-
ның  ісі,  олардың  бір-біріне  өзара  көмегі  мен  туысқанды-
ғында. Қоғамдағы азамат соғысы екі жаққа бірдей тиімсіз. 
Қоғамдағы  тепе-теңдікті  ұстап  тұруда  мүліктік  жағынан 
алшақтық  болмау  керек,  өйткені  мемлекеттегі  әлеумет-  
тік тұрақтылыққа кері әсер етеді деп санайды. 
Демокрит үшін ел басқару ісі ол тек аристократияның 
үлесі.  «Ақымақтар  үшін  бағынышта  болу  абзал,  өйткені 
ел басқару тек жайсаңдардың үлесі. Әдеп бойынша заңға, 
билікке,  ақылы  асқандарға  бағыну  керек,  ақымақтардың 
қол  астында  болу  қандай  қасірет»  деген  екен.  Ақымақ 
азаматтарға  биік  мансап  беруге  болмайды,  өйткені  олар 
әдепсіз және топас болады дейді Демокрит. Ел басқару ісінде 

17
2-тарау. Көне Грекиядағы саяси ілімдер тарихы
Демокрит тектілікке, көрегендікке және жауапкершілікке 
ерекше мән береді. Заңдар тек қарапайым адамдар үшін 
керек,  өйткені  олардың  арасындағы  қызғаныш  пен  бір-
біріне деген алауыздықтарды жою үшін, ал даналар үшін, 
қай  қоғамда  өмір  сүрсе  де,  олар  әділетті  болады,  себебі 
әділеттілік даналар үшін мызғымас қағида дейді. 
Сократ  (б.э.д.  469–399  жж.)  адамзат  тарихында  өш-
пес рухани із қалдырған танымал ойшыл. Өз заманында 
лайықты  бағасын  алып,  данагөй  атанған.  Софистермен 
болған  пікірталаста  ол  қарсыластарының  көптеген  идея-
ларын өзіне алып, кейінірек оларды дамытқан. 
Сократтың пікірінше мемлекет басқару ісін практика-
да істі білетін іскер адамдар айналысуы керек. Ал теория-
лық деңгейде мемлекетті басқарудың адамгершілік мәнін 
ашу  керек  деп  түсінді.  Билікті  ұдайы  сынағаны  үшін 
Сократ бірнеше рет қудаланды. 399 жылы қарсыластары 
оны  дінсіз,  заңды  бұзушы  ретінде  өлім  жазасына  кескен 
болатын.  Сонда  Сократтың  жақтаушылары  оны  түрме 
қызметшісіне  пара  беріп  шығарып  алмақ  әрекет  етеді. 
Сол кезде Сократ «Мен өзім жұрттан заңдылықты талап 
етемін,  енді  қалайша  өзім  заңсыз  әрекетке  бармақпын» 
деп өлім жазасына мойын ұсынады. 
Кейінірек Сократтың ілімдері Платон мен Аристотель 
сияқты заманының ғұламаларына үлкен серпіліс әкелді.
Платон  (б.э.д.  427–347  жж.)  антикалық  дәуірде  өмір 
сүрген, философия мен саясаттану және саяси ілімдерде 
өшпес із қалдырған ғұлама. 
Платон Афинадағы атақты отбасында дүниеге келген. 
Жас шағында (407–399 жж.) Сократтан дәріс алған, кейін-
нен  оған  сол  дәрістері  керемет  әсер  етіп,  болашағына 
жол ашқан. Сократтың өлімінен кейін ол Афина қаласын 
тастап, ұзақ уақыт ел аралап саяхат жасайды. 387 жылы 
Афинаға қайта келіп өзінің Академиясын (Академ – жер 
аты) ашады.

18
Саяси ілімдер тарихы
Платонның алғашқы кезеңдегі еңбектерінде («Аполо-
гия Сократа», «Протогор», «Критон») Сократқа еліктеуші-
лік басымдау болады. Сократ сияқты ол рационалды идея-
ға көбірек беріледі. Ал кейінірек жазылған («Мемлекет», 
«Саясаткер»,  «Софист»,  «Парменид»  және  «Заңдар»)  ең-
бектерінде діни-мифологиялық сарын көбірек кездеседі. 
Платонның ойларындағы басты идея екі әлем жайлы. 
Біріншісі  –  идеялар  әлемі,  екіншісі  –  құбылыстар  әлемі. 
Идеялар  әлемі  Платон  үшін  ол  –  нағыз  болмыс,  яғни 
құдайдан  түскен  жарлықтар,  ал  құбылыстар  әлемі  –  ол 
болмыстың кері құбылмалы көшірмесі.
Платон  жердегі  қалыптасқан  саяси  өмір  мен  саясат 
және мемлекет туралы айтқанда оны барынша идеялар 
әлеміне  жақындатуға  тырысты.  Біріншіден,  азаматтар 
арасындағы  еңбек  бөлінісінің  қатаң  сақталуын,  сондай-
ақ  иерархиялық  деңгейлердің  де  сақталуын  талап  етті. 
Полистерде билік – басқарушылар, әскер – ел қорғаушы-
лар, қолөнершілер мен шаруалар, яғни өндірушілер болу 
керек  деп  қарастырды.  Мемлекеттегі  еңбек  бөлінісінің 
мұндай  схемасы  адам  жанының  үш  бастауына  сәйкес 
келеді  деп  түсіндірді:  саналылық,  жанкештілік  және 
іскерлік. 
Екіншіден,  мұндай  қатаң  әлеуметтік  сословияларды 
қалыптастыру  мемлекет  үшін  де  пайдалы,  өйткені  ол 
тәртіпке жауап береді деп түсіндірді. Мемлекет басында-
ғылар математика мен философияны оқытып үйретумен 
қатар бұқара халыққа «ізгілік ойларды» да үйретуге тиісті. 
Адамдар  туылғаннан  барлығы  бірдей  болмағанымен 
де,  олар  бір-біріне  көмектесіп  қол  ұшын  беру  керек  деп 
көрсеткен. 
Үшіншіден,  ол  аристократиялық  басқару  формасын 
жақтады.  Аристократияны  ол  қоғамның  ізгі  жақсылары 
деп  түсіндірді.  Платон  аристократиялық  басқару  фор-
масына олигархия, тирания және демократиялық басқару 

19
2-тарау. Көне Грекиядағы саяси ілімдер тарихы
формаларын  қарсы  қойды.  Олардың  барлығына  өзінше 
анықтама береді. 
Платон  демократияға  «демократия  қысқа  мерзімге 
арналған  халық  билігі.  Биліктен  шаршаған  халық  қайта-
дан бір тиранды таққа отырғызады...» деп анықтама береді.
Платон «Мемлекет» еңбегінде жеке меншікке шектеу 
қояды.  Өйткені  шектен  тыс  байлық  қоғамға  алауыздық 
әкеледі, сондықтан да байлық орташа болуы керек дейді. 
«Заңдар»  еңбегінде  Платон  мемлекеттің  екі  құры-
лымы  туралы  айтады:  біріншісі  –  барлығының  үстінен 
билеушілер  қадағалайтын,  екіншісі  –  билеушілер  үшін 
де  заң  жазылған  мемлекет.  Ал,  бұл  жерде  Платон  заң 
үстем  болатын  мемлекет  туралы  айтады.  Осы  «Заңдар» 
еңбегінде  Платон  «заңды  сыйламаған,  құрметтемеген 
елдің  болашағы  жоқ»  деген  пікір  айтады.  Заңды  жүзеге 
асыруда  Платон  сот  жүйесіне  жүгінеді,  ол  үшін  соттар-
дың қызметін жақсарту керек дейді. 
Платон өзінің идеялық көзқарасында идеалист болды.  
Аристотель (б.э.д. 384–322 жж.) аралығында өмір сүр-
ген  антикалық  дәуірдің  көрнекті  ғалымы.  Аристотельдің 
саяси-құқықтық  тақырыпта  жазылған  бірнеше  еңбектері 
бар: «Саясат», «Афина саясаты», «Этика», «Риторика».
Аристотель  саясат  туралы  ғылымды  барынша  жан-
жақты  дамытуға  тырысты.  Саясатты  ол  этикамен  тығыз 
байланыстырды.  Аристотельдің  пікірінше,  саясаткердің 
адамгершілік  қасиеттері  басты  назарда  болуы  керек. 
Аристотель  де  Платон  сияқты  мемлекет  жайлы  ой  қозға-
ғанда, мемлекеттік мүддені барлық басқа құндылықтардың 
бәрінен жоғары қойды. 
Аристотель үшін мемлекет – табиғи дамудың жемісі. 
Мемлекеттің  пайда  болуын  ол  отбасылық  жағдаймен, 
яғни  отбасының  пайда  болуымен  салыстырады.  Жеке 
тұлғаның  саяси-әлеуметтік  дамуы  полистерден  (қала 
мемлекеттер)  басталады.  Жеке  тұлғаның  саяси  өмірге 

20
Саяси ілімдер тарихы
араласуы  және  қалыптасуы  осы  полистердегі  саяси 
жағдайға тікелей байланысты деп түсіндіреді. 
Платонмен  салыстырғанда  Аристотель  жеке  меншік-
ке  ерекше  көңіл  бөлді.  Өйткені,  меншік  иесі  болу  адам-
ның табиғатынан және өзіне деген махаббатынан шығады 
деп  көрсетеді.  Қоғамдағы  барлық  теңсіздіктер  меншікке 
байланысты дей отырып, Аристотель өз пікіріне қарама-
қайшы  пікір  айтады.  Қоғамдағы  саяси-әлеуметтік 
қайшылықтар осы мүлік теңсіздігіне және қоғамдағы орта 
таптың орны мен рөліне байланысты дейді.
Аристотельдің ойынша, мемлекеттің басты мақсаты – 
орта тапты қалыптастыру және сол орта тап мемлекеттегі 
саяси-әлеуметтік тұрақтылық кепілі болады. 
Мемлекеттің басқару формасына келгенде Аристотель 
оны «дұрыс», яғни көпшілікке пайда, жақсылық әкелетін 
түрін:  монархия,  аристократия,  полития  және  соны-
мен  қатар  «бұрыс»  басқару  –  тирания,  олигархия  және 
демократияны көрсетеді.
Аристотель идеалды-озық мемлекет ретінде полития-
ны  ұсынады.  Полития  оның  пікірінше,  басқарудың  ең 
жақсы  элементтері,  яғни  аристократия,  олигархия  және 
демократиядан тұрады. Аристотельдің бұл тұжырымын-
да үлкен мән бар, өйткені ол аристократтардан қашанда 
ізгілік есіп тұратынын, олигархтар қоғамда жұмыс орнын 
қалыптастырушылар,  ал  демократия  халықпен  санасу 
деп тұжырымдайды. Бірақ Аристотель де Платон сияқты 
демократиялық басқару формасына қарсы болды. Себебі, 
егер  демократия  қадағалаусыз  болса,  онда  ол  қоғамды 
тығырыққа апаратын жол деп көретеді. Жалпы мемлекетті 
басқаруда, байлық жинауда және билікті жүзеге асыруда 
орташа болу керек, яғни орта тапқа арқа сүйеу керек деп 
ескертеді. 

21
2-тарау. Көне Грекиядағы саяси ілімдер тарихы
Тақырыпқа қатысты ұғымдар мен түсініктер: мемлекет, 
аристократия, олигархия, эллинизм, саясат, деспотия, полития, 
демократия, республика, империя. 
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар: 
1.  Көне  Грекиядағы  саяси  ілімдер  тарихының  ерекшелігі 
неде?
2. Платонның «жетілген мемлекеті» қалай деп аталады?
3.  Аристотель  мен  Платон  идеяларындағы  орта  таптың 
негізгі рөлі қандай? 
4. Аристотельдің іліміндегі тоталитарлық режимнің  негізгі 
белгілерін атаңыз.
Әдебиеттер:
1. Античная культура и современная наука. – М. 1985.
2.  Антология  мировой  политической  мысли:  в  5  т.  –  М.: 
Мысль, 1997.
3. Аристотель. Политика. – М., 1972.
4. История политических и правовых учений / под ред. В.П. 
Малахова, Н.В. Михайловой. – М., 2007.
5. Рассолов М.М. История политических и правовых учений. 
– М., 2010.
Реферат тақырыптары:
1. Демокрит – демократия туралы. 
2. Платонның идеалдық мемлекеті.
3. Платон – құқықтық мемлекеттің негізін қалаушы.
4. Аристотель – мемлекет басқару туралы. 
5. Гераклиттің саяси көзқарастары.

22
Саяси ілімдер тарихы
3 тарау. ЕЖЕЛГІ РИМДЕГІ САЯСИ ІЛІМДЕР
Көне  Римдегі  саяси  ілімдер  де  өз  тарихи  тамырын 
тереңнен  алады.  Антикалық  Римдегі  саяси  ілімдер  тари-
хын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады: 
1. патшалық (б.э.д. 754-510 жж.) кезең; 
2. республикалық (б.э.д. 28-509 жж.) кезең; 
3. императорлық (б.э.д. 27-476 жж.) кезең. 
Біздің дәуіріміздің 395 жылы Рим империясы екі им-
перияға бөлініп кетті. Батыс Рим – астанасы Рим қаласы, 
Шығыс  Рим  –  астанасы  Константинополь,  ал  соңғысы 
1453 жылы толық мемлекеттілігінен айырылды. 
Көне  Римдегі  саяси  ілімдердің  қалыптасуы  Патри-
цийлер  мен  байыған  плебейлер,  оптиматтар,  мен  попу-
лярлар,  ерікті  азаматтар  мен  құлдар  арасында  күшті 
таптық  күреспен  бірге  қатар  дамып  жүріп  жатты. 
Осының  барлығы  да  кейіннен  Рим  билеушілерін  билік 
монополиясын  бөлісуге  итермеледі.  Соның  бірі  Римнің 
алтыншы  императоры  Сервий  Туллийдің  плебейлерді 
«рим  халқының»  санатына  қосуымен  аяқталды.  Бірақ 
оларды  мүлкіне  қарай  бірнеше  разрядтарға  бөлді.  Нә-
тижесінде  плебейлер  халық  жиналысына  қатысу  және 
жер  иесі  атану  құқығына  ие  болды.  Плебейлер  мен  па-
трицийлер  арасындағы  теңдік  үшін  күрес  ұзаққа  созыл-
ды.  Осы  жолда  көптеген  рим  консулдары  мен  халық 
трибундары  реформа  жасауға  тырысты,  бірақ  олардың 
әрекеті нәтижесіз, өздерінің өлімімен аяқталды. 
Өздерінің  бағдарламасында  рим  реформаторлары 
Сократ,  Платон,  Аристотельдің  мемлекет,  заңдар  және 
саясат  пен  саясаткерлер  туралы  идеяларын  пайдаланды 

23
3-тарау. Ежелгі Римдегі саяси ілімдер
және  соған  арқа  сүйеді.  Әсіресе,  рим  ойшылдары  саясат 
пен  құқықты  дамытуда  ерекше  рөл  атқарды.  Солардың 
бірегейі – Цицерон. 
Марк  Туллий  Цицерон  (б.э.д.  106–493  жж.)  атақты 
заңгер,  мемлекет  қайраткері,  ойшыл.  Ол  өз  шығарма-
шылығында  мемлекет  пен  құқық  мәселелерін  қарастыр-
ды. «Мемлекет туралы», «Заңдар туралы», «Міндеткерлік 
туралы» атты еңбектердің авторы. 
Цицерон  мемлекетке  (respublika)  анықтама  бергенде 
оған  «халық  –  адамдардың  бей-берекетсіз,  мақсатсыз 
жиынтығы  емес,  керісінше  қоғамда  өз  ынтымағы  бар, 
ортақ  мақсаты  мен  құқығы  үшін  топтасқан  адамдар 
жиынтығы»  деп  баға  береді.  Осылайша  Цицерон  алғаш 
рет саяси ілімдер тарихында мемлекетке заң тұрғысынан 
анықтама берген ойшыл, ғұлама.
Цицерон  мемлекеттің  пайда  болуын  адамдар  ара-
сындағы өзара келісімділікпен түсіндіреді. Мемлекет пен 
құқық,  Цицеронның  пікірінше,  адамдардың  өз  қалаула-
ры  бойынша  пайда  болмайды,  ол  құдіреттің  (құдайдың 
қалауымен)  арқасында  болатын  іс.  Осының  барлығын 
түсініп  білу  үшін  үлкен  сана  иесі  болу  керек.  Жердегі 
болып  жатқан  барлық  үдерістер  жоғарыдағы  «саналы 
әрекет арқылы әділетті басқарылуы» тиіс деп көрсеткен. 
Сана  –  адам  жанының  ең  жоғарғы  сатысы.  Атақ-
құмарлық,  дүниеқоңыздық  және  мансапқорлық  сияқты 
«жан бүлікшілері» дана басшыларға жат қасиет, «парасат 
жайлаған жерде ешқашанда ашу-ыза мен бейбастылыққа 
жол болмайды» деген пікір білдірген.
Цицерон  көне  грек  философтары  сияқты  мемлекет 
басқару  формасының  үш  түрін  көрсетеді:  патша  билігі, 
оптиматтар  (аристократия)  және  халық  билігі  (демо-
кратия).  Патша  осы  көрсетілген  формаларды  пайдала-
нып мемлекетті ұтымды басқарса мемлекет дұрыс дами-
ды  дейді.  Патша  егерде  жеке-дара  басқарып,  өктемдікке 

24
Саяси ілімдер тарихы
берілсе, оның арты тиранияға алып келеді, ал оптиматтар 
билігі тек байлар мен игі жақсылардың жиынына айналады 
деп  ескертеді.  Сонымен  қатар,  Цицерон  «жағымсыз» 
басқару деп демократияны көрсетеді, өйткені ол «тобыр-
дың  ақылсыздығы  мен  озбырлығына  алып  келеді»  деп 
ескертеді.  Сондықтан  да,  оның  ойынша,  басқарудың  ең 
озық түрі – аралас басқару формасы деп тұжырымдайды. 
Ақылды  мемлекет  басшысына  мемлекеттегі  көптеген 
мәселелердің  алдын  алу  керек  деп  ескертеді.  Мемлекет 
басшысына  алдын  болжай  білетін  көрегендік  қасиет  пен 
өз ісіне деген жауапкершілікті басты талап етіп қояды. 
Цицерон  табиғи  заңдарға  ерекше  мән  береді.  Ол 
табиғи заңдар барлық заңдардан бұрын пайда болғанын 
атап  өтеді.  Сонымен  қатар,  мемлекеттегі  қабылданған 
заңдар  сол  елдің  менталитетіне  сәйкес  болуы  керек  деп 
ескертеді. 
Рим  стоиктерінің  саяси  көзқарастары  Рим  империя-
сының  әлемдік  державаға  айналған  тұсына  сай  келеді. 
Олар өз идеяларында космополитизм мен адамның адам-
гершілік жағынан өзін-өзі дамыту мәселелерін қозғады. 
Луций Анней Сенека (б.э.д. 3–65 жж.) император Не-
ронның тәрбиешісі, мемлекет қайраткері, сенатор болған. 
Сенека  рухани  идея  бостандығы  үшін  күресті.  Ол 
адамдардың  қай  әлеуметтік  статусқа  жататындығына 
қарамай  олар  рухани  жағынан  азат  болуы  керек  деп 
есептейді. «Тіпті құлдың өзі де рухани азат адам, тек оның 
тәні ғана құлдықта» деген. Құлдық жүйені Сенека жоққа 
шығармайды,  бірақ  ол  құл  иелерінен  құлдарға  адам-
гершілікпен  қарауын  сұрайды.  Ол  барлық  адамдар  тағ-
дыр  алдында  бірдей  дәрежеде  «құл»  деп  есептейді.  Оны 
ол  «біреулер  құлқынның  құлы,  біреулер  дүниенің  құлы. 
Ең ауыр құлдық – өз еркімен құлдыққа мойын ұсыну» деп 
түсіндіреді. 
Сенека  өзінің  табиғи-құқықтық  тұжырымдамасын 
«тағдыр  заңдарына»  таңып  қояды.  Бұл  заңға  адамзаттың 

25
3-тарау. Ежелгі Римдегі саяси ілімдер
ойлап  тапқан  нұсқаулары,  мемлекет  және  заңдар  түгел 
бағынады деп түсінді. 
Стоиктердің  келесі  өкілі  –  Эпиктет.  Ол  қоғамдағы 
адамдар әрқайсысы өзіне тағдырдан келген істермен ғана 
шұғылдануы керек дей келе, байлық пен құлдық жүйені 
қатаң сынады. Құл ұстау адамгершілікке жатпайтын жат 
қылық деді. «Өзіңе тілемеген жаман істі өзгеге де тілеме. 
Егер  саған  құл  болу  ұнамаса,  онда  өзгені  де  құлдықта 
ұстама» деген. 
Марк Аврелий Антонин мемлекет пен құқық туралы 
ойды  дамыта  түсті.  Император-стоик  қоғамдағы  адам-
дардың  заң  алдында  барлығының  бірдей  және  жауапты 
болуымен қатар, қол астындағылардың ерікті азат болуын 
қалады. 
Стоиктердің  саяси  ойлары  кейіннен  рим  саяси 
құқығының негізін қалады. 
Тақырыпқа  қатысты  ұғымдар  мен  түсініктер:  патша, 
император,  республика,  билік,  плебейлер,  патрицийлер, 
мемлекет, заң, саясат, құқық, сана, аристократия, демократия. 
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар: 
1. Ежелгі Римдегі саяси ілімдерге сипаттама беріңіз.
2.  Цицерон  идеяларындағы  құқықтық  мемлекеттің  қоғам-
дағы орны қандай?
3.  Марк  Тулий  Цицеронның  «Мемлекет  туралы»  және 
«Заңдар туралы» еңбектерінің мәні неде?
Әдебиеттер:
1. Синайский В.И. История источников римского права. – 
Варшава, 1911.
2. Трубецкой Е.Н. Религиозно-общественный идеал запад-
ного христианства в V в. – М., 1892.
3. Утченко С.Л. Политические учения Древнего Рима III-I вв. 
до н.э. – М., 1977.
4. Утченко С.Л. Цицерон и его время. – М., 1972.

26
Саяси ілімдер тарихы
5.  Цицерон  Марк  Туллий.  Диалоги.  О  государстве.  О 
законах. – М., 1996.
Реферат тақырыптары:
1.  Таптар  мен  түрлі  әлеуметтік  топтардың  теке-тіресуі 
Ежелгі  Римдегі  саяси  идеологиялардың  түрлі  бағыттарының 
қалыптасуының қайнар көзі ретінде.
2. Римдегі саяси мектептер.
3. Цицерон – мемлекеттің түрлері мен құлдықтың табиғаты 
туралы.
4. Цицеронның саяси көзқарасы.
5. Римдік стоиктер: фатализм ілімі.

27
4-тарау. Ортағасырдағы Батыс Еуропадағы 
саяси ілімдерге жалпы сипаттама
4 тарау. ОРТАҒАСЫРДАҒЫ БАТЫС ЕУРОПАДАҒЫ 
САЯСИ ІЛІМДЕРГЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Батыс  Еуропа  тарихында  ортағасыр  тарихы  ең  ұзақ 
кезеңді  (V–XVI)  қамтиды.  Батыстағы  саяси-құқықтық 
идеялардың  қалыптасуы  үлкен  таптық  қайшылықтарға 
толы,  құқықтық  институттардың  пайда  болуымен  және 
мемлекеттік  тәртіптердің  қалыптасу  процесімен  қатар 
жүрді. 
Ортағасырда  Батыстағы  саяси  ойлар  ылғи  өзгеріп, 
дамып  отырды.  Қоғамдағы  сол  өзгерістер  кейіннен  ескі 
құрлықтағы  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  өзге-
рістердің, сондай-ақ, феодалдық қатынастардың дамуына 
әкеліп соқты. 
Батыстағы  саяси  ойлардың  дамуы  мен  қалыптасуын 
үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең – ерте феодалдық 
(V–XI  ғғ).  Бұл  уақытта  қоғамда  феодалдық  қатынастар 
енді  ғана  қалыптасып,  жаңа  қоғамдық-экономикалық 
формацияның негізі қаланған уақыт еді. Осы уақытта ірі 
мемлекеттік  құрылымдар  қалыптасып,  монархиялық 
билік  орнады  және  сол  ірі  мемлекеттер  кейіннен  ұсақ 
конгломераттарға бөлшектеніп кетті. 
Екінші  кезең  –  феодалдық  қатынастардың  шарықтап 
дамыған  (XI–XV  ғғ.)  тұсына  және  орталықтандырылған 
сословиелік-монархияның орнауына тұспа-тұс келеді. 
Үшінші  кезең  –  (XVғасырдың  аяғы  –  XII  бас  кезі) 
феодализмнің  аяғы,  капиталистік  қатынастардың  енді 
пайда бола бастаған кезі, сондай-ақ, монархиялық биліктің 
көпшілігі  абсолюттік  монархияға  ұласып  үлгерген  тұсы-
мен сипатталады. 

28
Саяси ілімдер тарихы
Ортағасырлық  Батыстағы  саяси  ілімдердің  қалып-
тасуына  христиан  дінінің,  соның  ішінде  рим-католик 
шіркеуінің ықпалы өте күшті болды. Христиан діні Батыс-
та тұтастай христиандық мәдениеттің қалыптасуына тіке-
лей  әсер  етті.  Осыдан  барып  белгілі  библиялық  «Құдай-
дан  басқаның  билігі  жоқ,  барлық  билік  тек  құдайдан» 
деген  қағиданы  ұстанды  және  ол  феодалдық  қоғамның 
басты идеологиясына айналды. 
Батыс  Еуропаның  ортағасырлық  саяси  тарихында 
мемлекеттік билік үшін рим-католиктік шіркеуі, папство 
мен зайырлы феодалдар арасында қатаң тартыс жүрді. 
Ортағасырлық Еуропаның саяси және рухани өмірін-
де  папство  өзінің  шарықтау  шегіне  ХІІІ  ғасырда  жетті. 
Оның ерекше дамуына үлкен үлес қосқан доминикандық 
монах,  теолог-ғалым  Фома  Аквинский  (Аквинат,  1225–
1274  жж.).  Фома  Аквинскийдің  еңбектері  сол  замандағы 
шіркеу  билігінің  ресми  идеологиясына  айналған  еді. 
Негізгі  еңбектері  «Билеушінің  басқаруы  туралы»  (1265–
1266 жж.), «Теология жиынтығы» (1266–1274 жж.).
Фома  Аквинский  өз  саяси  доктринасының  негізі  етіп 
Аристотельдің  идеяларын  қабылдады.  Әсіресе,  оған 
Аристотельдің  мемлекет  туралы  идеясы  құба-құп  келді. 
Аквинский  Аристотельдің  «адам  саяси  хайуан»  ұғымын 
басты назарға ала отырып, адамдардың әу бастан бірігіп 
мемлекет құруға ұмтылысы олардың табиғатынан, өйткені 
адамдар жеке-жеке жүріп өз қажеттілігін қамтамасыз ете 
алмайды,  сондықтан  да  олар  мемлекет  құруға  ынталы 
болды дейді. Мемлекеттің пайда болуы құдайдың әлемді 
жаратқанымен  пара-пар.  Әлемді  жаратпастан  бұрын 
құдай жерде тәртіп пен біркелкілікті орнатты. Монархта 
осы  жолды  қайталайды.  Әуелі  мемлекеттің  құрылымын 
анықтап  алғаннан  кейін,  тәртіп  пен  басқаруды  жүзеге 
асырады деп тұжырымдайды.
Мемлекеттің мақсаты  –  «жалпыға  жайлы»  адамдарға 
лайықты  өмір  сүру  мүмкіндігін  қалыптастыру.  Аквинат 

29

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет