ғасырдың бас кезі) мемлекет қайраткері, би, ойшыл,
жырау. Керей мен Жәнібек хандардың ақылшысы болған.
Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария өзенінің жағасын
мекендеген.
42
Саяси ілімдер тарихы
Асан Қайғы ұсақ хандықтардың басын біріктіріп, іргелі
ел етпек болған Жәнібек пен Керей хандарды жақтайды.
Ал қазақ хандығының негізі қаланған кезде, Асан Қайғы
жаңа мемлекеттің жаршысы, басты идеологына айналды.
Билік басындағылардың асау мінезін сынап, Асан
Қайғы оларды сабырлыққа шақырады. Сабырлық парасат
пен ізгіліктен тұрады. Билеуші ең алдымен – ізгілік иесі
деп көрсетеді.
Жырау емес, ол би, ол қазақ мемлекеттілігінің негізін
қалаған саяси қайраткер. Мемлекеттің басты белгісі
территориясы – жері болса, бұл мәселені Асан Қайғы
жаңа Жерұйық деген ұғыммен жалғастырады. Жерұйық
ұғымын елдің басты ұранына айналдырады. Сонымен
қатар, ол елді бірлікке шақырып, ел тұтастығын үндеген.
Асан Қайғы бірлік хақында былай деген «Қарындасты
жамандап, туысты қайдан табасың».
Асан Қайғы әлеуметтік мәселелерге де араласып, қо-
ғамда билеушілерді әділеттілікке шақырып отырған.
Хан мен билер қасқанда,
Халық қайтіп күн көрер.
Онда халық түнерер,
Халыққа қысым күш берер,
Халықтың кегі күшке енер – деп ескертіп отырған.
Қазақ топырағында артында өшпес із қалдырған тұлға
– Мұхаммед Хайдар Дулати (1499–1551 жж.). Мұхаммед
Хайдар Дулати тарихшы-ғұлама, мемлекет қайраткері
және де «Тарих-и-Рашиди» еңбегінің авторы. Кітап сол
заманның мәдени-тарихи, саяси өмірін сипаттаған жазба
мәдениеттің үлгісі.
Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» кіта-
бында мемлекетті басқаруда мынандай бірнеше шарт
айтады:
- белгілі бір істі шешкенде патша өзін көпшіліктің
бірі ретінде, ал басқаны өзіне әкім ретінде қоюы керек, өзі
43
6-тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі саяси ойлар
құптамаған үкімді ол басқаның қабыл алуын лайық деп
санамасын;
- «мұсылманның шартын орындауды патша ғибадат
санасын. Пайғамбар бұйырды, мүмүннің көңілін шат-
тыққа бөлеу – адамдардың барлық ғибадаттарымен тең».
Мұсылман патша ұдайы мұсылмандардың мұқтажын
өтеуге дайын болуы керек;
- патша халықты риза ету үшін үкімінде әлсіздік
байқатпауға және алдамауға тиіс. Кез келген адамды риза
ету үшін хақ (шындық) және шариғатқа қарсы іс жаса-
мауы керек;
- патша елге төнген қауіптен қамсыз қалмауға тиіс, ол
әмір мен басқарушының билігі мәңгі игілік пен бақыттың
құралы екенін нақты білуі керек;
- патша менменсіп һәм тәкаппарланып халықты
жәбірлеп, өзінен шошытпауға тиіс, қол астындағылар-
ға, әлсіздерге игілік пен шапағат жасап, қара халықтың
сүйіспеншілігіне бөленуге ұмтылуы керек;
- патша, не әкім парасатты болуы керек. Патша болып
жатқан оқиғаларға, терең үңіліп қарауы керек, һәм әркім
даналық, ақыл, ақиқат алдында оларды тудырған себепті
айқындап даналық көзбен олардың зардабын көре білуі
тиіс. Егер олар кәдекілгі іс болса, шариғат жолымен
шешуге міндетті, ал егер мәселе шиеленісіп кеткен болса,
онда оны парасаттылық нұрымен ұғуға тиіс.
Мұхаммед Хайдар Дулати шығармасындағы парасат-
тылық пен ізгілік мәселелері одан кейінгі ойшылдарға да
үлкен азық болды.
Қазақ қоғамындағы бізге жеткен аса маңызды алғашқы
саяси-құқықтық құжат – «Жеті Жарғы» (ХVІІ–ХVIII ғғ.)
саналады. «Жеті Жарғыда» нормалар тізбесі, қазақ қоға-
мындағы діннің рөлі, әлеуметтік топтар мен саяси ұйым-
ның саяси-құқықтық белгілерінің сипаты беріледі. Ең
ықпалды саяси күш – ақсүйектер тұқымы (төрелер) болып
табылды. «Жеті Жарғыда» көрсетілгендей, сұлтан – жоғары
44
Саяси ілімдер тарихы
билікті, үкіметті білдіреді, ал X ғасырдан бастап ол билікке
ие дербес тұлғаны білдіреді. Ақсүйектерге жатпайтын
халықтың қалған бөлігі «қара-сүйек» деп аталып, рулар
мен тайпаларға бөлінді.
Олардың арасында сот, әкімшілік және әскери билік-
ке ие және сұлтандармен бірге мемлекет мәселелерін
басқаруға қатысқан бидің (қазының) алатын орны маңыз-
ды болды.
Сұлтанның билігі ылғи да абсолютті сипатта болған
жоқ, тек Қасым ханның тұсында ғана бір орталыққа
бағынған, күшті биліктің болғанын байқаймыз. Тәуке
хан басқарған кезде бүкіл қазақ хандығының үш жүзі-
нің аумағы оған құқықтық бағынышта және оның саяси
ықпалында болды. Ол қайтыс болғаннан кейін әр түрлі
дерек көздерінен кездестіргеніміздей, хандардың саяси
билігінің әлсірегені байқалады.
Сөйтіп, XVIII ғасырға дейін қазақ даласындағы саяси
ойлардың эволюциясында рухани әдет-ғұрыптың сақта-
луы мен дамуы байқалады. Сол заманның тарихшыла-
ры билеушінің моральдық қасиеттері мен саясаткерлер
бойында парасатқа ерекше мән береді. Осылайша олар
көзі ашық, адамгершілігі мол билеуші басқарып отырған
мемлекеттің мінсіз үлгісін әзірлеуге тырысады. Сонымен
қатар, тарихшы ғұламалар мемлекеттің саяси, әкімшілік
құрылымымен қатар қоғамдағы болып жатқан саяси
оқиғалардың барысын сипаттайды.
Қазақ хандығы тұсындағы саяси ойлар біріншіден,
қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік мәселелерді заң
нормалары арқылы шешуге байланысты билер инсти-
тутын қалыптастырды. Билер институты сондай-ақ, мем-
лекеттегі соғыс пен бейбітшілік мәселелерін де қарас-
тырды. Екіншіден, елдің тұтастығы мен егемендігі туралы
идеясының негізін қалады. Үшіншіден, қазақ хандығы-
ның іргетасы қаланды және мемлекеттілік жайлы ұғым
қалыптасты.
45
6-тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі саяси ойлар
Тақырыпқа қатысты ұғымдар мен түсініктер: Қазақ
хандығы, Жерұйық, төре, би, сұлтан, мұсылман, патша, билік,
парасаттылық, ізгілік, рулар мен тайпалар, Жеті Жарғы,
Есімханның ескі жолы, Қасымханның қасқа жолы.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1. Қазақ хандығының пайда болуының алғышарттарын атап
беріңіз.
2. Асан Қайғы. «Жерұйық» тұжырымдамасының саяси мәні.
3. Асан Қайғының елдік санасын қалай түсінесіз?
4. М.Х.Дулати шығармаларындағы ел мен жер, билік пен
саясат мәселелері.
5. Жеті Жарғының қазақ қоғамындағы әлеуметтік, құқықтық,
саяси мәні неде?
Әдебиеттер:
1. Әлемдік саясаттану антологиясы: 10 томдық. – Алматы,
2007.
2. Әбдіғалиев Б.Б., Жамалов Қ. Ж., Сатершинов Б.М. Саяси
ой тарихы. – Алматы, 2003.
3. Мұхаммед Хайдар Дулати. «Тарих-и Рашиди». – А., 2003.
4. Есім Ғ. Қазақ философиясының тарихы. – А., 2006.
Реферат тақырыптары:
1. Асан Қайғы қазақ хандығының алғашқы идеологы.
2. Асан Қайғы жырларындағы егемендік идеясы.
3. Асан Қайғы жырларындағы бірлік идеясы.
4. М.Х.Дулати қазақ хандығының қалыптасуы туралы.
5. Жеті жарғының қазақ қоғамындағы саяси-құқықтық қаты-
настарды реттеудегі орны мен мәні.
46
Саяси ілімдер тарихы
7 тарау. ҚАЙТА ӨРЛЕУ ЖӘНЕ ЖАҢА
ЗАМАНДАҒЫ САЯСИ ОЙ
Қайта өрлеу және Жаңа замандағы саяси ойлардың
басты ерекшелігі, бұған дейінгі саяси ойшылдар сияқты
«жақсы өмірді» аңсау мен тұлғаның сыртқы күштерге
деген тәуелділігі емес, керісінше, оларды мемлекет пен
оның пайда болу мәселесі қатты қызықтырды. Саяси ойлар
бірте-бірте діни және философиялық көзқарастардан
айырылып, сана болмыстың негізі ретінде қарастырылып,
заңдар оның құралына айналуы керек деген қағида бірін-
ші кезекке қойылды.
Қайта өрлеу және Жаңа заман дәуіріндегі реформа-
лық үрдістердің нәтижесінде әлеуметтік мәдениеттің жа-
ңаша үлгілері жасалды, олар өз заманындағы дамыған бү-
кіл өркениеттік құндылықтар қатарына енді. Бұл заман-
ның ойшылдары өздерінің мемлекет, құқық, заң сияқты
түсініктерін қалыптастыруда антикалық өркениеттің
рухани мұраларына сүйенеді. Антикалақ мұралар жаңа
мемлекеттің үлгілерін іздестіруге негіз болды. Өйткені
бұл үлгілер қайта өрлеу заманында өмір сүрген адамдарға
жаңа мәселелерді шешу үшін қажет болды.
Қайта өрлеу мен Жаңа заман ойшылдары дүниені
түсіндіруде адамның тағдыры, шыққан тегі, атағы, кон-
фессиялық статусы арқылы алдын-ала болжанбайды, ол
адамның қажырлығы, белсенділігі, игілікті істері арқылы
анықталуы тиіс деп түсіндірді. Азаматтылық, халық
игілігіне риясыз қызмет ету тұлғаның ең басты мақсатына
айналып, басты мәселесі ретінде қарастырылды. Бұл
түсінік теңдік пен әділеттілік ұстанымдарына сүйенеді,
47
7-тарау. Қайта өрлеу және Жаңа замандағы саяси ой
жеке адамның бас бостандығының кепілі іспеттес болып,
адамға тән табиғи бастамаларына сәйкес келді.
Азаматтық концепцияны зерделей келе, оны Ренес-
санс деп қарастыруымызға негіз бар. Бұл мәдени құбы-
лыс тұлғаны қайта қарауға мүмкіндік жасады. Тұлға-
ны бұрынғыдай тек діни тұрғыдан қарастырмай, қайта
керісінше, оның қоғамдағы рөлін барынша қарапайым
түрде түсіндіруге тырысты. Н. Макиавеллидің сөзімен
айтқанда, қоғам адамдарға қызмет ету керек деген ұстаным
– Жаңа заманның басты ұранына айналды.
Қайта өрлеу заманының көрнекті өкілдерінің бірі –
итальяндық ғалым Николло Макиавелли (1469–1527 жж.).
Николло Макиавелли саяси ойлар тарихында
көптеген еңбек жазып қалдырған. Соның ішіндегі ең
маңыздылары: «Патша», «Тит Ливийдің алғашқы он
кітабы туралы ой толғаныстар», «Флоренция тарихы»
және «Әскери өнер».
Ғалымның қарастырған мәселелерінің ішіндегі бастысы
деп мыналарды айтуға болады:
1. Саяси ғылымды қоғамтану ғылымдарының ішінде
дербес ғылым деп қарастыруы. Мемлекет пен құқық, тұлға
мен мемлекет, шіркеу мен адамдардың ара қатынастарын
зерттей келе, олардың қалай пайда болғанынына ерекше
көңіл бөледі, сонымен қатар, ол мемлекеттегі билік тің
ауысу мәселесіне, эволюциялық дамуына, басқарудың
формаларына ерекше ден қояды. Саясатты билік үшін
талас деп түсінген Н. Макиавелли қоғамдағы саяси өмірді
реалистік тұрғыдан түсіндіруге тырысып бақты. Ол
антикалық ойшылдар ізімен саяси ғылымның теологиядан
арасын ажыратып, қоғамдағы саяси үрдістер табиғи
қалыпты жағдай деп түсіндірді.
2. Н. Макиавелли мемлекеттің пайда болуын қоғам-
дағы саяси ұйым ретінде қарастырды. Жалпы ол саяси
ойлар тарихында алғаш рет қолданысқа «мемлекет» ұғы-
48
Саяси ілімдер тарихы
мын ендірді. Сондай-ақ, антикалық ойшылдар дәстүрі-
мен ол мемлекетті басқарудың алты үлгісін жасайды,
үшеуі «формасы жағынан халыққа жағымды» (монархия,
аристократия, демократия), үшеуі «жағымсыз» (тирания,
олигархия, охлократия). Сонымен бірге ол мемлекет
басшыларының ауысуы қоғамда ешбір діни наным-
сенімдерге байланысты емес деп түсіндірді. Макиавелли-
дің пікірінше, басқарудың ең озық үлгісі аралас басқару
(монархия, аристократия, демократия осылардың әр
қайсысы қоғамдағы тұрақтылықты ұстап тұруға мүдделі
болуы керек).
3. Жеке тұлғаға саналы, ерікті, өз құқығы үшін күресуге
мүмкіндігі бар белсенді деп қарады. Тұлғаның жеке
белсенділігі қоғаммен тікелей байланысты деп түсіндірді.
Қоғам неғұрлым тұрақты, гармониялы түрде дамыса,
тұлға да соншалықты белсенді болмақ. Ол адамның жеке
мүмкіндігіне ерекше көңіл бөледі. Адам неғұрлым қор-
ғансыз болса, оның солғұрлым өмірге құмарлығы, өмір
үшін арпалысы күшейе түседі, нәтижесінде мемлекет пен
діннің, адамгершілік қатынастардың дамуына алып келеді
деп түсіндіреді.
4. Саясат пен құқықтан моральдың ара-жігін ажыра-
тып берді. Саясат пен құқық христиандық догмалық және
моральдық ұстанымдарға еш уақытта бағынбайды. Ол
өмірдегі тәжірибе мен практикаға, соның ішінде, күшке
байланысты деп түсіндіреді.
Саясаттағы азаматтық концепция идеясын одан әрі
жалғастырушы ойшылдардың бір ағылшын ғалымы –
Томас Гоббс (1588–1679 жж.). Ол өз ой-тұжырымдарын
«Левиафан немесе материя, форма және мемлекет билігі»
деген ғылыми еңбегінде тұжырымдады. Жоғарғы билік
пен ізгілікті мемлекет оның еңбегіндегі басты идея. Ол
Англиядағы монархиялық билікті барынша арашалап
алуға тырысты, бірақ, соған қарамастан биліктің құдайдан
49
7-тарау. Қайта өрлеу және Жаңа замандағы саяси ой
екенін жоққа шығарды. Сондай-ақ, ол монархиялық
биліктің қайнар көзі – қоғамдық келісімде жатыр деп
түсіндірді.
«Левиафан» еңбегінде ол мемлекетке дейінгі жағдайды
мағынасыз, көріксіз, хаос түрінде, жанжалдық жағдайда
болды деп түсіндіреді. Бұл жағдайдан шығудың ең басты
жолы – қоғамдық келісім деп есептеді. Қоғамдық келісім
патшамен оның қол астындағылар арасында жасалуы
керек. Қарапайым халық сыртқы және ішкі жаулардан
қорғану үшін өздерінің барлық табиғи құқықтарын
монархқа беруге тиіс деп түсінді. Ал патша өз тарапынан
халықты басқалардан қорғай алатындай заң кепілі болуын
қалады. Тек сонда ғана қоғамда тұрақтылық пен даму
болады деп түсіндірді. Патша осы талаптарды түгел
орындаған жағдайда ғана оның қол астындағылары оған
түгелдей бағынуға тиісті, ал егер де ол өз қызметін дұрыс
орындамаған жағдайда, халық оны орнынан алып тастауға,
яғни тақтан тайдыруға құқылы деп есептеді.
Жаңа заман ойшылдарының келесі бір өкілі –
ағылшын философы Джон Локк (1632–1704 жж.).
Ол өз заманында азаматтық концепция идеясын өте
нақты жеткізе білген ойшыл. Дж. Локк саяси ойлар
тарихында – либерализмнің негізін қалаушы. Ол алғаш
рет төмендегідей ұғымдарға анықтама берген: тұлға,
мемлекет, қоғам. Локктың пікірінше, кез келген адам
туылғанынан «өмір сүру, ерікті болу және де меншік
иесі болу» сияқты табиғи құқықтарға ие. Әсіресе,
Дж. Локктың меншікке деген көзқарасы ерекше болған.
Ол оны екі жол арқылы түсіндіреді.
Біріншіден, меншігі бар кісі өзін, отбасын күнделікті
тұрмысқа жетерлік дүниелермен қамтамасыз ете алады.
Ал тұрмысы жақсы адам өзінің дамуына тікелей мүмкін-
дік жасайды, қоғамда еркін болады. Екіншіден, меншік
иесі болған адам жеке тұлға ретінде толық қалыптасады.
50
Саяси ілімдер тарихы
Мемлекет, билік туралы Дж. Локктың көзқарасы да
өте ұтымды. Мемлекетті ол тұрақты саяси институт ретінде
қарастырады. Ал билікті Т. Гоббспен салыстырғанда шек-
теу керек деп түсіндіреді. Ол мемлекет пен қоғам арасын
бөліп қарастырады. Мемлекет қоғамға бағыну керек, егер
де оларды бұрынғы билік қанағаттандырмаса, қоғам жаңа
мемлекеттік билік пен мемлекет жасауға мүмкіндігі бар
дейді. Сондай-ақ, ол билікті бөлу принципін жақтаған.
Оның пайымдауынша, билік заң шығарушы, атқарушы
болып бөлінуі керек. Заң шығарушы билік мемлекеттің
басты саясатын айқындайды. Ал атқарушы билік тек парла-
мент шешімдерін жүзеге асырушы орган деп түсіндіреді.
Осы заманның көрнекті өкілдерінің бірі, француз-
дың ағартушы ғалымы – Шарль Луи Монтескье (1689–
1755 жж.). Ол саяси ойлар тарихында өзінше таңба қал-
дырған ғұлама, ғалым.
Ш.Л. Монтескье «Заңдар рухы» еңбегінде екі мәселеге
ерекше назар аударады, біріншісі «Заңдар рухы» болса,
екіншісі «Басқару образы». Ол одан әрі осы еңбегінде
«Көптеген заттар адамдар өміріне тікелей әсер етеді:
соның ішінде климат, дін, заңдар, мемлекетті басқару
қағидаттары, өткен тарих, әдет-ғұрыптар, осының бар-
лығы жинала келіп сол халықтың рухын айқындайды» деп
есептейді.
Монтескье, сонымен қатар, Дж. Локктың саяси ойла-
рын одан әрі қарай жалғастырады. Билікті асыра пайда-
лану адам табиғатының негізінде жатқандықтан, ол оны,
яғни билікті шектеу мәселесін қарастырады. Сөйтіп, ол
билікті заң шағарушы, атқарушы, сот билігі деп үшке
бөледі және оларды бір-бірінен тәуелсіз институт деп
таниды, сонымен қатар, ол билік арасындағы тежеу жүйе-
сінің механизмін қарастырады. Осылайша, саяси ілімдер
тарихында Ш.Л. Монтескье биліктің бөліну теориясын
жасады.
51
7-тарау. Қайта өрлеу және Жаңа замандағы саяси ой
Француз ағартушысы, ұсақ буржуазияның идеологы
Жан Жак Руссоға келетін болсақ, ең алдымен оның
азаматтық концепциясын қарастыруға болады. Оның
саяси теориясындағы негізгі мәселе – халық егемендігі.
Ж.Ж.Руссо халықты «Тұтас моральдық дене» немесе
«Қоғамдық Адам» деп мойындап, оның тұтастығы мен
еріктілігін қолдайды. Бірақ өмірдің дамуына байланысты
халық бірте-бірте үлкен қауымдастыққа бірігуінің арқа-
сында қоғамда теңсіздікке душар болды деп есептейді.
Теңсіздіктің негізінде жатқан мәселе, ол меншікке бай-
ланысты деп, қоғамдық меншікті жақтаған, ал теңдікке
жету жолы қоғамдық келісімге келу деп түсіндіреді.
Сонымен қатар, Ж.Ж.Руссо мемлекетті басқару ісін-
де демократияның көне түрі – тікелей демократияны
қолдаған. Ол тек тікелей демократия тұсында ғана
халық билік субъектісіне айналады деген. Ал сайланбалы
демократия ол тек көзбаяушылық, яғни сайланбалы
демократия – құлдық деп түсінген. Депутаттар билікке
қолы жеткен соң халыққа берген уәдесін ұмытып кетеді
деп есептейді.
Жалпы, кейіннен Жан Жак Руссоның саяси концеп-
циялары Француз революциясы көсемдерінің іс-әре-
кеттерінде көрініс тапты және олардың әлеуметтік док-
триналарына айналды.
Жаңа заман ойшылдары жасаған мемлекетті түбірі-
мен қайта өзгерту арқылы әділетті қоғамдық құрылысқа
өту туралы ойлары көптеген жаңа бағыттардың пайда
болуына түрткі болуымен қатар олардың көзқарастарына
теориялық негіз жасады.
Азаматтық концепцияның жарқын идеяларының
көрінісі – қазіргі еуропалық мемлекеттердегі саяси
жүйенің негізін қалады. Бірақ Еуропа құрлығындағы
«ескі» унитарлық мемлекеттердегі қалыптасқан саяси
құрылымдар бірте-бірте өзінің дамуында кейбір әлсіз
52
Саяси ілімдер тарихы
тұстарын көрсете бастады. Ал осы саяси үрдістерді дер
кезінде байқаған Америка Құрама Штаттарының «негі-
зін қалаушы әкелері» жаңа мемлекеттің негізіне теория
мен практиканы керемет ұштастыра білді. Мемлекет-
тің тұрақты да, қарқынды дамуына тікелей әсер ететін
бірден бір алғышарт ретінде демократиялық ұстанымдар
мен саяси плюрализм, саяси консенсус екендігін олар
жақсы білді және де осы идеялардың негізгі теориясын
қалыптастырды.
Солардың бірі – республикандық Джеймс Мэдисон
(1751–1836 жж.).
Джеймс Мэдисон – биліктің субъектісі халық, ал
сайлау оның ажырамас бөлігі, республика мемлекеттің
ең жақсы түрі деген идеяны жақтады. Бірақ ол көпшілік
фракциясынан әрдайым сақ болуға шақырды, саяси ше-
шім қабылдағанда олар азшылықтың пікірін аяққа тап-
тауы мүмкін деп ескертеді.
Дж. Мэдисоның тағы да бір саяси ғылымға қосқан үлесі
– билік қатынастарындағы тежеу мен тепе-теңдік жүйесін
қалыптастырды. Ш.Л. Монтескье биліктің бөліну теория-
сын жасағанмен, оның тежеу механизімін көрсете білген
жоқ. Тежеу мен тепе-теңдік жүйесі АҚШ саяси жүйесінде
әлі күнге дейін қызмет атқарып келеді.
Тақырыпқа қатысты түсініктер мен ұғымдар: мемлекет,
қоғам, жеке тұлға, саяси ұйым, саясат, құқық, парламент,
республика.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Азаматтық қоғам концепциясының пайда болу алғы-
шарттарын атаңыз.
2. Макиавеллизм дегеніміз не?
3. Дж.Локк либералистік идеяның негізін қалаушы.
4. Ж.Ж.Руссоның халық егемендігі идеясын қалай түсінесіз?
5. Ш.Л.Монтескье биліктің бөліну теориясының негізін
қалаушы.
53
7-тарау. Қайта өрлеу және Жаңа замандағы саяси ой
Әдебиеттер:
1. Алексеев А.С. Макиавелли как политический мыслитель.
– М,1980.
2. История политических и правовых учений. Средние века
и Возрождение. – М, 1986.
3. Макиавелли Н. Государь. Рассуждения о первой декаде
Тита Ливия. О военном искусстве. – М., 1996.
4. Руссо Ж.Ж. Трактаты. – М., 1969.
5. Эльфонд И.Я. Политические учения эпохи Возрождения
и Реформации. (Франция). – Саратов, 1991.
Реферат тақырыптары:
1. Н. Макиавеллидің «Патша ағзам» еңбегіндегі ел бірлігі
мен тұтастығы және мемлекет басшысы туралы ойлары.
2. Т. Гоббстың саяси ойлары.
3. Дж. Локк либерализмнің негізін қалаушы.
4. Ш. Монтескьенің саяси ойлары.
5. Ж.Ж. Руссоның «халық егемендігі» идеясы.
54
Саяси ілімдер тарихы
8 тарау. XVII ҒАСЫРДАҒЫ ГОЛЛАНДИЯНЫҢ
САЯСИ ІЛІМДЕРІ
Голландия – Еуропа құрлығындағы испандық фео-
далдық-монархиялық мемлекеттен өз тәуелсіздігін алып
өзін республика деп жариялаған мемлекет.
Жас егеменді буржуазиялық республиканың саяси
өмірі қиын тартыспен өтіп жатты, өйткені Еуропада
сол заманда өмір сүріп жатқан мемлекеттер негізінен
монархиялық басқару формасында болатын. Тек XVІІ
ғасырдың екінші жартысында Англиядағы буржуазиялық
революциядан кейін ғана Голландия республикасының
саяси жағдайы біршама жақсарып тұрақтанды. Дегенмен,
ішкі саясатта ел ішіндегі екі партия – республикалық
(буржуазиялық бағытты қолдаушы) және оранжистер (ескі
консервативтік бағытты қолдаушы) билік үшін тартысқа
түсті.
Елдің діни өмірінде католиктік бағыттағы кальвинис-
тер ерекше мәнге ие болды. Кальвинистер елді Испан езгі-
сіне қарсы ұйымдастыруда негізгі идеологиялық бағытты
басқарған болатын. Ел тәуелсіздігінен кейін кальвинистік
шіркеу бұқара арасындағы беделінен айырылғысы кел-
меді. Сол себептен де енді олар республикандықтармен
саяси тартысқа түсті. Басты идеологиялық қайшылық
– қоғамдағы либералистік идеология төңірегінде қа-
лыптасты. Қоғамда жаңа буржуазиялық идеологияны
жақтаушылар пайда бола бастады. Солардың негізгі өкіл-
дерінің қатарына голландиялық ойшылдар Гуго Гроций
және Барух Спиноза жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |