22
Саяси ілімдер тарихы
3 тарау. ЕЖЕЛГІ РИМДЕГІ САЯСИ ІЛІМДЕР
Көне Римдегі саяси ілімдер де өз тарихи тамырын
тереңнен алады. Антикалық Римдегі саяси ілімдер тари-
хын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады:
1. патшалық (б.э.д. 754-510 жж.) кезең;
2. республикалық (б.э.д. 28-509 жж.) кезең;
3. императорлық (б.э.д. 27-476 жж.) кезең.
Біздің дәуіріміздің 395 жылы Рим империясы екі им-
перияға бөлініп кетті. Батыс Рим – астанасы Рим қаласы,
Шығыс Рим – астанасы Константинополь, ал соңғысы
1453 жылы толық мемлекеттілігінен айырылды.
Көне Римдегі саяси ілімдердің қалыптасуы Патри-
цийлер мен байыған плебейлер, оптиматтар, мен попу-
лярлар, ерікті азаматтар мен құлдар арасында күшті
таптық күреспен бірге қатар дамып жүріп жатты.
Осының барлығы да кейіннен Рим билеушілерін билік
монополиясын бөлісуге итермеледі. Соның бірі Римнің
алтыншы императоры Сервий Туллийдің плебейлерді
«рим халқының» санатына қосуымен аяқталды. Бірақ
оларды мүлкіне қарай бірнеше разрядтарға бөлді. Нә-
тижесінде плебейлер халық жиналысына қатысу және
жер иесі атану құқығына ие болды. Плебейлер мен па-
трицийлер арасындағы теңдік үшін күрес ұзаққа созыл-
ды. Осы жолда көптеген рим консулдары мен халық
трибундары реформа жасауға тырысты, бірақ олардың
әрекеті нәтижесіз, өздерінің өлімімен аяқталды.
Өздерінің бағдарламасында рим реформаторлары
Сократ, Платон, Аристотельдің мемлекет, заңдар және
саясат пен саясаткерлер туралы идеяларын пайдаланды
23
3-тарау. Ежелгі Римдегі саяси ілімдер
және соған арқа сүйеді. Әсіресе, рим ойшылдары саясат
пен құқықты дамытуда ерекше рөл атқарды. Солардың
бірегейі – Цицерон.
Марк Туллий Цицерон
Достарыңызбен бөлісу: |