25
3-тарау. Ежелгі Римдегі саяси ілімдер
ойлап тапқан нұсқаулары, мемлекет және заңдар түгел
бағынады деп түсінді.
Стоиктердің келесі өкілі –
Эпиктет.
Ол
қоғамдағы
адамдар әрқайсысы өзіне тағдырдан келген істермен ғана
шұғылдануы керек дей келе, байлық пен құлдық жүйені
қатаң сынады. Құл ұстау адамгершілікке жатпайтын жат
қылық деді. «Өзіңе тілемеген жаман істі өзгеге де тілеме.
Егер саған құл болу ұнамаса,
онда өзгені де құлдықта
ұстама» деген.
Марк Аврелий Антонин
мемлекет пен құқық туралы
ойды дамыта түсті. Император-стоик қоғамдағы адам-
дардың заң алдында барлығының
бірдей және жауапты
болуымен қатар, қол астындағылардың ерікті азат болуын
қалады.
Стоиктердің саяси ойлары кейіннен рим саяси
құқығының негізін қалады.
Тақырыпқа қатысты ұғымдар мен түсініктер:
патша,
император,
республика, билік, плебейлер, патрицийлер,
мемлекет, заң, саясат, құқық, сана, аристократия, демократия.
Достарыңызбен бөлісу: