Кіріспе Микробиологияның даму тарихы


Жануарлардың қабылдаушылығы



бет41/69
Дата18.12.2023
өлшемі177,17 Kb.
#197487
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция (копия)

Жануарлардың қабылдаушылығы. Көптеген сальмонеллалар адамдарда, жануарларда және құстарда аурулар қоздырады.


Іш сүзегі, паратиф А және В.


Инфекция көзі. Ауру адам және бактериятасымалдаушы.
Таралу жолдары. Инфекция қоздырғыштары адам нәжістерімен ластанған заттар арқылы, қол арқылы, су және тамақтар арқылы тарайды. Сонымен қатар шыбындар да таратады. Таралу жолына байланысты тұрмыстық, су және тамақ арқылы жұғу түрлері болады.
Патогенез. Ауыз арқылы жұғады. Ауыз қуысынан микроорганизмдер асқазанға түседі, онда асқазан сөлі мен фементтердің әсерінен бұзылады. Қалған сальмонеллалар аш ішекке түсіп, одан ішектің лимфоидті тіңдерінен өтіп, бүкіл инкубациялық кезеңде көбейеді. Осы кезеңнің соңында қоздырғыштар лимфаға және қанға түсіп, бүкіл организмге жайылады (бактериемия). Бұл кезде олар ішкі мүшелердің лимфоидті тінінде, макрофагтарда, бауырда, талақта, жілік майында орналасады. Сальмонеллдер өтте жиналып, көбейеді, себебі өт бактерияларға жақсы қоректік орта. Аш ішекке қайтадан өтіп, арнайы іш сүзегінің жарасын тудырады. Бактеремия кезінде кейбір бактериялар бұзылып, эндотоксин шығып, интоксикация пайда болады: қызу көтеріледі, әлсіздік, бас ауруы, т.б..
2 – ші, 3 – ші аптада салмонеллар организімнен зәр, нәжіс, сілекей арқылы бөлініп шығады. Сауығу кезеңінде (реконволесценция) организм қоздырғыштан арылып, фагоцитарлық белсенділігі артады, қанды қарсы денелер пайда болады.
Ауру бактерия тасымалдаушы болып қалуы да мүмкін.
Иммунитет. Аурудан кейін имунитет қалады. Аурудын қайталануы сирек. Ауру кезеңінде қанды қарсы денелер пайда болып, қансарысуда көпке дейін сақталады.
Алдын – алу шаралары. Жеке гигиена және санитарлы – гигиеналық шаралар : су көзін бақылау, азық – түліктерді жәна қоғамдық тамақтану мекемелерін бақылау.
Арнайы шаралар. Химиялық вакциналар, анатоксин, Vi - антигені бар спирті вакцина, ошақта арумен жанасқан адамдарға іш сүзегіне қарсы бактериофаг.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет