Кіріспе Микробиологияның даму тарихы



бет49/69
Дата18.12.2023
өлшемі206,68 Kb.
#197486
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция

Ферментативтік қасиеті. Тұрақсыз, сондықтан диагностикалық маңызы жоқ.
Токсинтүзуі. Эндотоксин түзеді, ол туберкулин деп аталады. Оны 1890 жылы Р.Кох анықтаған. Туберкулиннің аллергендік қасиеті бар. Ол сау организмге әсер етпейді. Оның әсері жұқтырылған организмде білінеді, сондықтан туберкулинді аллергиялық пробалар қоюда қолданады (реакция Манту ) туберкулинді сиыр туберкулезінің микобактериясынан дайындайды.
Антигендік қасиеті. Туберкулез мибактериясының антигеніне қарсы өте аз мөлшерде қарсы дене бөлінеді, сондықтан ол диагностика үшін қолданылмайды.
Қоршаған орта факторына төзімділігі. Туберкулез микобактериясы ең төзімді бактерия. 100 градус температурада 5 минуттан кейін өледі. Ультракүлгін сәулесі бірнеше сағаттан кейін өлтіреді. Кептірілген қақырықта 10 айға дейін сақталады. Төмен температурада көпке дейін сақталады. Дезинфекциялаушы ерітінділер сулема,карбол қышқылы 5% 1 тәуліктен кейін өлтіреді. Олар хлорамин мен хлорлы әкке сезімтал.
Жануарлар қабылдаушылығы. Жануарлар мен құстар адамдарға қарағанда сирек ауырады. Тәжірибелік жануарлардан кроликтер сезімтал.
Инфекция көзі. Адам.
Таралу жолдары. Ауа түйіршіктері, ауа шаңдары, сәбилер плацента арқылы жұқтыруы мүмкін.
Патогенез. Туберкулез ауруы көптеген клиникалық формаларымен сипатталады. Көбінесе өкпе формасы кездеседі. Өкпеден тыс: асқазан және ішек туберкулезі, бүйрек, сүйек, ми қабаттары туберкулезі, т.б. Ауа түйіршіктері арқылы жұққанда өкпе зақымданады. Өкпеде төмпешік (бугорок ) tubercul пайда болады, оның ішінде микобактериялар болады. Организмнің қорғаныс күші жақсы болса, төмпешік қатып қалады, одан бактериялар шықпайды. Бұны << очаг Гона >> деп атайды. (жабық процесс). Организм қолайсыз жағдайға ұшырап, қорғаныс күші азайғанда төмпешік еріп, оның ішінен бактериялар шығып, басқа аймақтарды зақымдайды. Каверна пайда болады – ашық процесс, кейде өлімге тіреледі. Көбінесе туберкулез созылмалы түрде болады. Тұрмыс және жұмыс жағдайлары да маңызды роль атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет