Кіріспе Микробиологияның даму тарихы


Иммунитет. Адамның туберкулезге қарсы табиғи иммунитеті болды, кейде қоздырғыш жұққанмен, ауру пайда болады. Алдын – алу шаралары



бет50/69
Дата18.12.2023
өлшемі206,68 Kb.
#197486
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция

Иммунитет. Адамның туберкулезге қарсы табиғи иммунитеті болды, кейде қоздырғыш жұққанмен, ауру пайда болады.
Алдын – алу шаралары. Уақытында ауруды анықтау, оқшаулау.
Арнайы алдын-алу шарасы – тірі БЦЖ вакцинасы қолданылады. Оны жаңа туған сәбилерге иыққа тері астына енгізеді. Ревакцинация 7 - 12 жаста әр 6 - 7 жылдан кейін қайталанады. 30 жасқа дейін.
Емі. Антибиотиктер: стрептомицин, рифампицин, ПАСК, фтивазид, т.б.
Микробиологиялық зерттеу.
Зерттеу мақсаты. Қоздырғышты анықтау.
Зерттеу материалы. 1. Қақырық (туберкулез өкпе, бронх)
2. плеврадан экссудат (туберкулез өкпе, плевра)
3. нәжіс ( ішек түрінде)
4. зәр (туберкулез бүйрек)
5. жұлын сұйықтығы ( туберкулезді менингит)
6. қан
Негізгі зерттеу әдісі. 1. Бактериологиялық
2. люминесценттік
3. бактериоскопиялық
4. биологиялық
5. аллергиялық
Қоректік орталар. 1. Левенштейн – Йенсен ортасы
2. жұмыртқа ортасы
3. Финна ІІ ортасы


Патогендік коринебактериялар. Күл қоздырғыштары.

Күл (дифтерия) қоздырғыштары Corynebacterium туыстығына жатады. Бұл туысқа адамдарға патогенді дифтерия таяқшалары, патогенді емес жалғандифтерия таяқшалары және дифтероидтар жатады.


Күл қоздырғыштарын 1883 жылы Т.Клебс анықтаған, ал таза түрде бөліп алған: 1884 жылы Ф.Леффлер.
Морфология. Күл таяқшалары жіңішке, қисық таяқшалар, көлемі 3 – 6* 0,3 – 0,5 мкм. Шеттері қалыңдау, оның ішінде волютин түйіршіктері болады (Бабеш - Эринст түйіршіктері.) Күл бактериялары қозғалмайды, спора және капсула түзбейді. Грам оң. Анилин бояуларымен жақсы боялады. Бояуға әдетте сілтілі метилен көгі мен күлгін кристалл қолданылады. Күл таяқшаларының айрықшылығы – олар полиморфты: яғни әртүрлі ұзын, қысқа, қисық, түзу, жуан т.б. Жағындыда қосақталып орналасады. Микроскопиялық зерттеуде жағындыдағы орналасуы мен волютин түйіршіктері дифференциялды – диагностикалық белгісі болып саналады.
Культивирлеу. Күл коринебактериялары факультативті анаэробтар. 35 – 37 градус температурада рН 7,4 – 7,8 өседі. Жәй қоректік орталарда көбейеді. Қан және сарысу орталарында культиверлейді. Негізгі өсіретін орталар – Клауберг, Бучин, Тинсдаль орталары. Күл коринебактериясы 3 биоварға бөлінеді:
1. гравис (gravis)
2. митис (mitig)
3.интермедиус (intermedius)
Биовар гравис - R – формалы, Клауберг ортасында шеттері қиылған, сұрғылт – қара түсті, ірі колониялар 2 – 3 мм түрінде өседі. Сорпада үгінді қабыршақ және түйіршік тұнба түзеді.
Биовар митис Клауберг ортасында S – формалы тегіс, қара түсті колония түрінде өседі. Сорпада біртегіс лайланады.
Биовар интермедиус аралық – Клауберг ортасында жалтыр, ұсақ қара түсті колония түрінде өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет