Ойыл көздің жасы еді.
(Асан)
Құладың құстың қоры еді,
Аққу құс ару төре еді.
(Асан)
Алғашқы тармақтан екі түрлі сыр аңғаруға болар еді. Асан жырау Ойылдың сыртқы қалпын ғана мөлдіреген көз жасы деп суреттеуі мүмкін. Яки, “қызғыштай болған есіл ер” дегендей туған даланың тутамдай жеріне де селқос қарай алмайтын жырау жүрегінің мөлдір махаббаты-лап еткен жалыны. Себебі балығы тулап, құсы қиқулап, төрт түлігі жамырап, жаны рахат тапқан құтты мекен, құнарлы қоныс үшін талай найзалар шарт сынып, талай тағдырлар үзілген.
Бұл жер үшін бабалар қаны, аналар көз жасы тамған. Қалай суреттесе де жеті қат жүрек түбінен шымырлап шығар осы бір идеяны Асан ойылды көз жасына балау арқылы бір ауыз сөзбен бірегей жеткізген, сезімді селт еткізер әуелі сурет жасаған. Ал, екінші мысалды жырау құладын мен аққуды салыстыра шендестіру арқылы аққуды – төреге, құладынды – құстың қорына балап барып, таным-түсінікті тереңдете түседі.
Енді мына шумаққа назар аударайық:
Тоқал торы ат жайлаған,
Тобығына тандық ала байлаған,
Хандар шыққан төбе еді,
Қабырғадан бүтін шыққан
Достарыңызбен бөлісу: |