Асқар таумен тең едім.
(Шал ақын)
Шал ақын бұл үзіндінің алғашқы тармағында Атығай, Қарауылдың кені едім десе, екінші тармақта Асқар тау едім дейді. Алғашқы тармақтан бір ғана айырмасы таудың жалғаумен және “тау” мен “едім” арасында “тең” сөзінің қыстырыла келуі. Академик Қ.Жұмалиев дәл осы тектес мысалды (“Бақытың баста тұрғанда, Асқар таумен тең едік” Қ.Жұмалиев. Аталған еңбегі 220-бет) “тең” сөзі арқылы жасалатын метафора түрі ретінде қарастырған. Демек,Қ.Жұмалиев мысалы да, біз келтірген тармақ та “тең”сөзі мен “едім”, “едің” көмекші етістіктердің тіркесе келуі арқылы жасалған метафоралар. XV-XVІІІ ғасырлардағы ақын, жыраулар мұрасындағы метафора түрлерін тап басып, айқын тану үшін әркез олардың сыртқы формасына ғана емес, ішкі мазмұнына назар аударамыз. Қ.Жұмалиев айтқандай “Олар (еді, едім т.б.) бір нәрсені екінші нәрсеге балауға – метафора жасауға көмектесіп тұр ма, әлде жай өздерінің грамматикалық қызметін атқара ма, міне, осы жағына қарау керек” (Қ.Жұмалиев. Әдебиет теориясы. А., 1969, 116-117-беттер). Сөз жоқ, біз қарастырған Шал ақын тармағы (“Асқар таумен тең” едім) метафора жасауға ықпал етіп тұр.
Ақын, жыраулар шығармаларындағы метафора түрлері әр алуан.
Мысалы, ақын, жырау өзін тура бір нәрсеге, не құбылысқа тән қасиетті өз бойына дарыта суреттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |