185
Тіршілік
әкем үш күн жер бауырлап, жатып қалыпты. Қабырғасы қайысып, нәр
сызбапты. Не деген қатыгезбін, әкем байғұсты қалай қинағанмын?!
Бірақ, кейін күйеубаласын жақсы көріп кетті. Әкем әңгіме-дүкен
құрғанды
жақсы көретін, іштарта әңгімелесетін, майдандағы, өмірдегі
әңгімелерін жырдай ғып айтатын.
Тойға келгендер тарап, айдалада қалғандай құлазып тұрғанмын.
«Сен неге тұрсың, жинаспайсың ба?» деген сөзбен бірге тиген шапалақ
алғашқы жан жарасы екенін, тірлігімде әлі талай жан жарасынан ауы-
ратынымды білген жоқпын... Қызғаныш деген «науқасқа» шалдыққан
адамның дауасын таба алмай қиналатынымды да білмедім...
Толып
жатқан тергеулердің, даттаулардың астында, бала-шағаға сездірмей,
жетімсіз тірліктің құрсауында бір мұңайып, бір жасып өмір дегенің өте
берді...
Сонымен болар іс болды, бір іс тындырдық. «Ендігісін, бір Аллам
ғана біледі» деп тартып кеттік... Отбасылық өмірдің қиыншылықтары
басталды. Әкем маған ренжіп көмектесуін қойды. Тұрмысқа шыққан
жерім тақыр кедей. Өзіміз студентпіз. Асекең біресе түнделетіп нан
зауытта, біресе аула сыпырушы т. б. жұмыстарды істеп күн көре
бастадық. Пәтерақы,
жол ақы дегендерді бөліп қойып, қалғанын тамақ
етеміз. Азын-аулақ стипендиямыз бар. Талай рет ішерге ас болмай,
суық пәтерде (времянкасы біреудің) бүрісіп отырған күндер болды.
«С любимым в шалаше рай» дейді ғой орыстар. Қалай дегенмен де
шындықты «сананы тұрмыс билейді» деп Маркс айтқан екен, махаббат
та сол тұрмыстың көлеңкесінде көлегейлене бастады. Бірақ, бәріне
төздім, көндім, адалдықтан аттамадым, «сабыр түбі сары алтын» де-
гендей сол «атбасындай алтынды» күте бердім. Күндер өтіп жатты...
«Жастық-ай» деп еске аламын.
«Ермек деген дос жігіт үйленетін болды, соның «шашбауын көтеріп»,
келін апарамыз ауылға», – деп Асекең сабақтан шыға салысымен ала
жөнелді. Таңерең орыннан тұра сала нәр сызбай,
сабақтан кешікпейік
деп шаба жөнелгеміз. Қыс мезгілі болатын. Отырған көлігіміз де ескі
екен, әр жерінен жел гулеп тұрды. Барлық студенттерше жұқалтаң
киінгенмін, әбден тоңғаным сонша, қол-аяғым қимылдамай қалды,
әрі ашпын. Ермек пен Толқын (Толқын ол кезде ауыл шаруашылығы
институтының студенті болатын, қазір егер біреу ұнамаса тілін қадап,
түйреп-түйреп алатын юморист, кәдімгі «Тамашаның» ауылдағы
кейіп кері, сары қарын бәйбіше)
неке қию рәсімдерін өткізіп, ырду-
дырдумен «Ақшиге» келіп жеткенде менің еш күш-қуатым қалмаған
болатын. Мұқаш деген досымыздың шешесі Мөржан апа мені көріп.