Көктем аруы сценарий 2020ж Күні



бет3/4
Дата25.04.2020
өлшемі48,8 Kb.
#64632
түріСценарий
1   2   3   4
Байланысты:
Көктем аруы сценарий
Көктем аруы сценарий
1 Жүргізуші:

-Сонымен, сайысымыз бес сынақтан тұрады:



  1. «Мен қазақтың қызымын» – сайыстың алғашқы кезеңінде арулар өз-өздерін таныстыруы қажет;



  1. «Білім мен дәстүр» кезеңінде арулар салт-дәстүрге қатысты қойылған сұрақтарға жан-жақты, толық жауап беруге тиісті;

  2. «Ойлай білген оя да біледі» – арулар ою-өрнек өнерін көрсетеді;

  3. «Қыз көркі – шаш» – сайыстың бұл кезеңінде арулар шашты халықтық тәсілмен күтуге байланысты жарнама жасайды;

  4. Шығармашылық сайыс.

 

2 Жүргізуші:

-Сонымен, қатысушы қыздарға ақ жол тілеп, сайысымызды бастаймыз. Сайыскерлер реті алдын-ала жасалған жеребе бойынша мынадай.

-Сайысымыздың алғашқы кезеңі – «Мен қазақтың қызымын» атты таныстыру кезеңі.

 

1 Жүргізуші:

-Жас ару – жас ғұмырдың талғамысың,

Қуантқан әрбір үйді арманысың.

Дәл бүгін қанат қомдап сыналарда

Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқын, – дей келе сұрақ – жауап бөліміне шақырамыз. Қоржыннан сұрақтарды алып кезекпен жауап бересіздер.



 

Сұрақтар:

  1. Түйенің сүті (шұбат)

  2. Жүннен жасалған бұйым (киіз)

  3. Сәндік бұйым жасайтын адам (зергер)

  4. Ұлыс күні жасалатын тағам (Наурыз көже)

  5. Балаға байланысты қазақ халқының мерекелері (шілдехана, сүндет той, тілашар)

  6. Адамның 12 жылда бір келетін жас мөлшерінің өлшемі (мүшел жас)

  7. Қазақ халқының ұлттық ойындары (күрес, аударыспақ, бәйге, теңге алу)

  8. Тыйым сөздердің бірнешеуін айт.

  9. Қазақ халқының ұлттық киімдері (шапан, сәукеле)

  10. Ана туралы екі мақал айт.

  11. «Байғазы» деген не? (балалардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, заттай сыйлық)

  12. Қазақ халқының тарихында қандай хандар өткен? (Абылай, Әбілқайыр, Тәуке, Жәңгір)

  13. Қазақ халқының тарихында қандай батырлар өткен? (Қабанбай, Бөгенбей, Кенесары)

  14. Қазақ халқының тарихында қандай билер өткен? (Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би)

  15. «Айдар» деген не? (Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, өріп қояды. Ер балаға жасалады)

  16. «Базарлық» деген не? (Алыс сапарға, саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі)

 

2 Жүргізуші:

-Қазақ халқында өрнекті әшекеймен істелетін қолөнер түрлері көптеп саналады. Солардың ішінде ел арасына көп тараған түрі – ою-өрнек өнері. Сайыстың «Ойлай білген оя да біледі» кезеңінде аруларымыз саусақтарын айыстырып, шеберліктерін көрсетуге тиісті.



 

1 Жүргізуші:

Шеберлерім өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата-баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,

Біз айтайық төрелігін соңынан.

Кезекті ою-өрнек кезеңіне берейік.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет