Конрад Аденауэр атындағы Қор


Германия үкіметінің шикізаттық стратегиясы



Pdf көрінісі
бет166/178
Дата06.02.2022
өлшемі11,11 Mb.
#80747
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   178
Байланысты:
Book KAZ final

Германия үкіметінің шикізаттық стратегиясы
Германия 2010 жылы неміс экономикасына металдар мен минералдар-
дың жеткізілуіне кепілдік беретін шикізат стратегиясын қабылдады. Тех-
нология саласында дамыған елдердің бірі бола отырып, Германия өз 
өнеркәсібі үшін шикізаттың үлкен қорларын қажет етеді. Мысалы, сирек 
кездесетін металдар негізінен Қытайдан импортталады. Бұл шикізат 
стратегиясы импорттық тәуелділіктен туындаған тәуекелдерді азайтуға 
мүмкіндік беретін және шикізатты үздіксіз қамтамасыз ету мен әртарап-
тандыру мақсатында қабылданды.


324
Қазақстан экономикасының трансформациясы
Германияның шикізаттық стратегиясының негізгі құралдарының бірі 
Федералдық үкімет германиялық экономиканы қолдауға және шикізат-
пен өнеркәсіпті қамтамасыз етуге бағытталған «шикізаттық серіктестік» 
болып табылады 
1
. Қазіргі уақытта Моңғолиямен (2011), Қазақстанмен 
(2012), Перу (2014), сонымен қатар саяси ниеттер түрінде серіктестік туралы 
келісім Чилимен де жасалған. Оңтүстік Африкамен тауар серіктестігінің 
мүмкіндіктері де зерттелуде 
2
.
Неміс үкіметі, әдетте, минералды ресурстарды барлау мен игеруге, 
басқаруға қолдау көрсетуге және инвестициялау үшін қолайлы жағдай-
лар жасауға және тиісінше, пайдалы қазбаларға өздерінің инвестиция-
ларына жәрдемдесуге уәде береді. Негізгі инфрақұрылымды құру және 
дамыту, шикізат пен ресурстардың тиімділігін арттыру, сондай-ақ ұлттық 
және халықаралық деңгейлерде тауар секторындағы ашықтықты арттыру 
әдетте негізгі уағдаластықтардың бірі болып табылады. Көбінесе барлау 
мен өндіруге экологиялық және әлеуметтік стандарттарды енгізу, шикізат 
секторындағы заңнамалық базаны және әкімшілік шарттарды жетілдіру, 
сондай-ақ шикізат саласындағы қызметкерлерді оқыту және біліктілігін 
арттыру серіктестікті толықтырады.
Екіжақты шикізаттық серіктестіктер серіктес елдердің үкіметтері мен 
кәсіпкерлері тарапынан қолдау тауып, жобаларды іске асыруда олардың 
қызметін бақылайды. Осылайша, Германия жағынан осындай әріптестік 
туралы келісімдер бойынша жобаларды іске асыруды ең алдымен Феде-
ралды экономика және технологиялар министрлігі, 
сондай-ақ Сыртқы 
істер министрлігі, Экономикалық ынтымақтастық және даму министрлігі, 
Экология министрлігі үйлестіреді. Ал іскерлік жағынан – Германия феде-
ралдық өнеркәсіп одағы 
3
қадағалайды.
1
BMWi (Bundesministerium f
ü
r Wirtschaft und Technologie) (2010): Rohstoffstrategie der 
Bundesregierung. Sicherung einer nachhaltigen Rohstoffversorgung Deutschlands mit 
nichtenergetischen mineralischen Rohstoffen. Berlin.
2
http://dip21.bundestag.de/dip21/btd/17/134/1713434.pdf.
3
https://www.umweltbundesamt.de/sites/default/files/medien/1968/dokumente/2017–02–01_
rohpolress_ka_6_rohstoffpartnerschaften.pdf.


325
Германияның шикізаттық стратегиясы және Қазақстанның экономикалық саясатының 
бөлігі ретіндегі Германия мен Қазақстанның шикізаттық серіктестігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет