Контекст тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата18.05.2023
өлшемі1,45 Mb.
#177090
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
№4 КОНТЕКСТ 
Суяб – Батыс түрік, кейін Түргеш, Қарлұқ қағанаттарының астанасы болған Суябта 
Түргеш қағандарының теңгелері шығарылды. Суяб әкімшілік орталығы ғана емес, бүкіл 
Шу алқабының ірі сауда қала болды. Деректерде Суяб қаласы туралы «онда түрлі 
елдердің саудагерлері аралас тұрған, ал қала тұрғындарының жартысы көпестер 
құрайды», -деп жазылған. Суяб теңгесі Х ғ. соңына дейін айналымда болды. 630 жылы 
Жетісуда болған будда монахы сипаттаған: «Мөлдір теңізден (Ыстықкөл) солтүстік-
батысқа қарай 500 ли жүргеннен кейін Суяб өзені бойындағы қалаға келдік. Бұл қаланың 
ауқымы 6-7 ли. Онда түрлі елдердің саудагерлері аралас тұрады. Суябтың тура 
батысында бірнеше ондаған жеке қалалар орналасқан. Олардың әрқайсысының 
ақсақалы бар. Олар бір-біріне тәуелді болмағанымен, бәрі де қағанға бағынады». 
1. Екі ғасыр бойы Суяб қай қағанаттың ордасы болды: 
A) Батыс Түрік қағанаты 
B) Түркеш қағанаты 
C) Қарлұқ қағанаты 
D) Түрік қағанаты 
2. Суяб қаласында болған будда монахы: 
A) Лю Бан 
B) Сыма Цянь 
C) Чжан Цянь 
D) Сюан Цзян 
3. Суяб қаласы қай өзен бойында орналасқан: 
A) Шу 
B) Талас 
C) Іле 
D) Ыстықкөл 
4. Суяб теңгесі қай уақытқа дейін пайдаланылды: 
A) X ғ. 
B) IX ғ. 
C) XIII ғ. 
D) XV ғ. 
5. Суяб қаласы орналасқан аймақ: 
A) Сарыарқа 
B) Ұлытау 
C) Үстірт 
D) Жетісу 


№5 КОНТЕКСТ 
А.И.Левшин «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен даласының 
сипаттамасы» еңбегінде: 
«... Сұлтан Абылай тап сол кезде күн өткен сайын күшейе түсті. Өзімен замандас 
қырғыздардың (қазақтардың) қай-қайсысынан болса да қулығы мен тәжірибесі жағынан 
артық, ақыл-парасаты жағынан әбден танымал, қол астындағы халықтың саны жағынан 
қуатты әмірші. Үш жүзге өзінің Орыс мемлекетінің императорымен де, Қытай 
боғдыханымен де қарым-қатынасы арқасында даңқы артқан Абылайдың бойында Орта 
жүздің билеушісі болуға қажетті құқықтың бәрі де сай еді. Өзінің артықшылықтарына 
әбден сенімді ол өз жақтастарының бәрін де айбынымен, салиқалы мінез-құлқымен 
таңғалдыра қызықтырып, өзіне тарта білетін, өзінің жауларын күш көрсете қорқыта 
алатын, ал әрбір қалыптасқан нақты жағдайға қарай өзін бірде орыстардың қол астында, 
бірде қытайлардың қол астында болғандай ұстай білетін, бірақ іс жүзінде ешкімді 
мойындамайтын тәуелсіз билеуші еді. Оның бұл қасиеті әсіресе 1771 жылдан кейін 
ерекше айқын көрінді. Ол бұл кезде Ресейге сырттай болса да бағынышты сияқты болып 
көріну туралы ойлауды да қойды, екіжүзділік жасамай-ақ, өзін нағыз дербес те тәуелсіз 
ханмын деп атай бастады». 
1. Ресейге ант бере отырып Қытаймен қарым-қатынас орнатудағы басты мақсаты: 
A) Жоңғар хандығының құлауын тоқтатуға жол ашу 
B) Ресей мен Қытай арасындағы сауданың дамуына жағдай жасау 
C) Қытай тарапынан туындайтын қауіпке жол бермеуіне
D) Қазақстан мен Қытай арасындағы жерлерді бөлісу 
2. Абылай хан қазақтардың бостандығын сақтап қалу үшін кіммен шартқа келді: 
A) Жоңғар хандығы, Қырғыз елі 
B) Ресей, Иран 
C) Қытай, Ресей 
D) Бұхар, Хиуа хандығы 
3. XVIII ғ. бірінші жартысында Қазақ хандығына қауіп төндіріп, шапқыншылық 
жасаған: 
A) Қытай 
B) Жоңғария 
C) Ресей 
D) Иран 
4. Абылай ханның билік еткен уақыты: 
A) 1734-1771 ж.ж. 
B) 1711-1771 ж.ж. 
C) 1771-1781 ж.ж. 
D) 1781-1815 ж.ж. 
5. ІІ Екатерина Абылайды қай аймақтың ханы ретінде мойындады? 
A) Үш жүздің 
B) Орта жүздің 
C) Ұлы жүздің 
D) Кіші мен Орта жүздің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет