№5 КОНТЕКСТ
А.И.Левшин «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен даласының
сипаттамасы» еңбегінде:
«... Сұлтан Абылай тап сол кезде күн өткен сайын күшейе түсті.
Өзімен замандас
қырғыздардың (қазақтардың) қай-қайсысынан болса да қулығы мен тәжірибесі жағынан
артық, ақыл-парасаты жағынан әбден танымал, қол астындағы халықтың саны жағынан
қуатты әмірші. Үш жүзге өзінің Орыс мемлекетінің императорымен де,
Қытай
боғдыханымен де қарым-қатынасы арқасында даңқы артқан Абылайдың бойында Орта
жүздің билеушісі болуға қажетті құқықтың бәрі де сай еді. Өзінің артықшылықтарына
әбден сенімді ол өз жақтастарының бәрін де айбынымен,
салиқалы мінез-құлқымен
таңғалдыра қызықтырып,
өзіне тарта білетін, өзінің жауларын күш көрсете қорқыта
алатын, ал әрбір қалыптасқан нақты жағдайға қарай өзін бірде орыстардың қол астында,
бірде қытайлардың қол астында
болғандай ұстай білетін, бірақ іс жүзінде ешкімді
мойындамайтын тәуелсіз билеуші еді. Оның бұл қасиеті әсіресе 1771
жылдан кейін
ерекше айқын көрінді. Ол бұл кезде Ресейге сырттай болса да бағынышты сияқты болып
көріну туралы ойлауды да қойды, екіжүзділік жасамай-ақ, өзін нағыз дербес те тәуелсіз
ханмын деп атай бастады».
1. Ресейге ант бере отырып Қытаймен қарым-қатынас орнатудағы басты мақсаты:
A) Жоңғар хандығының құлауын тоқтатуға жол ашу
B) Ресей мен Қытай арасындағы сауданың дамуына жағдай жасау
C) Қытай тарапынан туындайтын қауіпке жол бермеуіне
D) Қазақстан мен Қытай арасындағы жерлерді бөлісу
2. Абылай хан қазақтардың бостандығын сақтап қалу үшін кіммен шартқа келді:
A) Жоңғар хандығы, Қырғыз елі
B) Ресей, Иран
C) Қытай, Ресей
D) Бұхар, Хиуа хандығы
3. XVIII ғ. бірінші жартысында Қазақ хандығына қауіп төндіріп,
шапқыншылық
жасаған:
A) Қытай
B) Жоңғария
C) Ресей
D) Иран
4. Абылай ханның билік еткен уақыты:
A) 1734-1771 ж.ж.
B) 1711-1771 ж.ж.
C) 1771-1781 ж.ж.
D) 1781-1815 ж.ж.
5. ІІ Екатерина Абылайды қай аймақтың ханы ретінде мойындады?
A) Үш жүздің
B) Орта жүздің
C) Ұлы жүздің
D) Кіші мен Орта жүздің