Кенесары Қасымұлы - аса көрнекті мемлекет қайраткері.
Кенесары Қасымұлы - аса көрнекті мемлекет қайраткері.
Көтерілістің болашақ басшысы Кенесары бала кезінен-ақ ат құлағында ойнады, құралайды көзге атқан мерген болды. Қанжығасы қанды ғажайып аңшылығымен қара қылды қақ жарған әділдігімен, ерік-жігері, қажымас қайратымен және жүрек жұтқан батылдығымен, қайтпас қайсар қаһармандығымен тaнылды. Оның бойында ұйымдастырушылық және әскери қолбасшылық таланты мол болатын.
XIX ғасырдың орта кезіндегі орыс зерттеушілерінің бірі Л. Майер «Кенесарыға көзсіз ерлік тән еді» деп жазды.
Замандастарының сипаттауына қарағанда, ол ашық жүзді, орта бойлы және жауырыны қақпақтай төртпақ тұлғалы болған. Аз сөйлеп, көп тыңдайтын, өзін-өзі аса байсалды ұстай білетін. Әңгімелескен адамының пікіріне әрқашан мұқият назар аударатын. Қонақжай қасиеті ерекше күшті еді. Әкесімен және ағаларымен бірге жүрген кездерінде олардан қолбасшылық тәжірибесін едәуір үйреніп алған болатын.
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерiлiс қазақ халқының патша үкiметiне қарсы жаппай қатысқан бұқаралық соғыстарының бiрi болды. Көтерiлiстiң жеңiлiске ұшырауы патша үкiметiнiң қырғыз жерлерiн, Жетiсу аумағын және Оңтүстiк Қазақстанды басып алуына жол ашты. Сондай-ақ Бұхар, Қоқан және Хиуа хандықтарын қосып алудың алғы-шарттары жасалды.
Кенесары Қасымұлы қазақ халқының есiнде талантты әскери қолбасшы, аса көрнектi мемлекет қайраткерi ретiнде қалды. Хан билiгi iс жүзiнде жойылған жағдайдың өзiнде ол қазақтың үш жүзiнiң басын бiрiктiрiп, қазақ мемлекеттiлiгiн қайта қалпына келтiрдi.Көптеген зерттеушiлер Кенесарының Абылай заманындағы егемендi мемлекеттiлiктi қалпына келтiру үшiн жасаған әрекеттерiн жоғары бағалады.
Кенесары хан
Бүлікшіл сұлтан
Қырғыз даласының митраты
Кенесары Қасымұлының өмiрi мен қызметi болашақ ұрпаққа өшпес өнеге. Қазақтың жүрек жұтқан батыр перзенттерiнiң бiрнеше ұрпағы мен ХХ ғасырдың бас кезiндегi ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшiлерi одан үлгi алып өстi. Кенесары Қасымұлының Астана қаласында тамаша ескерткiшi, оның есiмiмен аталатын үлкен көше бар. Кенесары қазақ халқын бостандық пен тәуелсiздiк жолындағы күреске жұмылдырды. Кенесары көтерiлiсi табысқа жетпесе де, оның ұлы iстерi халық есiнде мәңгi сақталады