Лекци Тақырыбы:Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны


Лекция 10. Тақырыбы:Нормалар бәсекелестігі және саралау тәртібі



бет12/12
Дата07.02.2022
өлшемі114,82 Kb.
#93673
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
лекции

Лекция 10. Тақырыбы:Нормалар бәсекелестігі және саралау тәртібі
1. Нормалар бәсекелестігінің түсінігі және түрлері
2. Жалпы және арнайы нормалар бәсекелестігі
3. Бүтін және бөлік нормалар бәсекелестігі және саралау тәртібі
Қылмыстық заң нормаларының бәсекелстігі құқық теориясы және практикасының дербес институты ретінде оларды тергеу және тиісті соттың істерді тексеру барысында қолдануда белгілі бір қиындықтарды туындатады. Бұлардың бастауы қылмыстық-құқылық нормалардың құрастырылуының өзінде: жалпылама тұжырымдар және ҚК-тің баптарының диспозицияларын нақтылауда олардың бекітулері мен талаптарынан. Сондықтан қылмыстық заң нормаларын жасақтаушылар мен құрастырушыларға заңшығарушы тарапынан қойылатын талаптар өсе түседі. Олардың құқықшығармашылық қызметі барынша күрделі, тергеу және сот практикасын мұқият зерттеуді, жоғарғы деңгейдегі жалпы және арнайы теоретикалық дайындықты, құқық, юриспруденция өрісіндегі білімді талап етеді.
Қылмыстық-құқылық нормалар бәсекелестігі дегеніміз бір қылмыстың ҚК-тің Ерекше бөліміндегі екі немесе одан да көп қылмыстардың белгілеріне сай келуі болып табылады, яғни ол қылмыс бір мезгілде бірнеше әрекет етуші норманың диспозицияларымен қамтылады.
Аталған бәсекелестікті бір құқыққа қайшы әрекеттің бірдей шамада жазаланушылығын қарастыратын екі немесе одан да көп қылмыстық заңның бар болуы ретінде анықтауға болады.
Мысал ретінде төмендегіні келтіре кетейік, адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жасалған ұрлық (п «а». бөлім 2. бап. 175 ҚК) және ұйымдасқан топпен жасалған қылмыс. Немесе «Лауазымдық өкілеттіктерін
теріс пайдалану» (ҚК-тің 307 бабы) және «Қызметтік жалғандық» (ҚК-тің 314 бабы). Бұл жерде лауазымды тұлға өзінің қызметтік жағдайын қасақана қызмет мүдделеріне қарсы пайдалануды мүмкін. Оның әрекеттері жеке мүдделілікпен, пайдакүнемдік мақсатта жасалып және мемлекетке елеулі зиян келтіреді. Зиян келтіру ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтерді енгізу жасымен жасалады. Тергеушінің және соттың міндеті бәсекелестіктегі қылмыстық-құқылық нормалардың біреуін дұрыс таңдап алу. Яғни іс-әрекетті саралау, жасалған қоғамдық қауіпті іс-әрекеттің әлеуметтік және құқықтық табиғатын барынша дәл көрсететін ҚК-тің Ерекше бөлімінің тек бір бабы арқылы жасалуы тиіс.
Қылмыстық-құқықтық нормалардың бәсекелестігі құқықтық құбылыс ретінде белгілі бір шамадағы күрделі құрылымды білдіреді, бұл нормалардың органикалық байланысы, олардың бір-біріне тәуелділігі ҚК-тің әртүрлі баптарында жазылған бірдей қылмыстардың белгілерін қарастыруы олардың арасындағы ортақтық болады. Берілген фактіде айталық, олардың бірдейлігі ұқсастық болып табылады. Бірақ соңғысы және бұл басты, маңызды тіптен толық емес тек, норманың көлемі мен мазмұны бойынша жекелеген ұқсастық болып табылады. Олардың айырмашылығы да осыдан көрінеді.
Көрсетілген параметрлар бойынша жекелеген авторлар нормалар бәсекелестігінің екі негізгі түрін айырып көрсетеді. Бұл түрлер нормалардың көлемі мазмұны бойынша айырмашылықтарына сайлықты. Өзге авторлар бәсекелестіктің үш түрін ажыратып көрсетеді: а) жалпы және арнайы нормалардың; б) арнайы нормалардың; в) бөлшектің және бүтіннің. Б.А. Куриновтың пікірінше екі түрі барынша айқын көрінеді: 1) жалпы және арнайы нормалардың бәсекелестігі; 2) арнайы нормалардың бәсекелестігі.
Егер арнайы нормалардың бәсекелестігін ұғынуда қиындық болмаса ал жалпы және арнайы норнмалардың бәсекелестігінде бұл кездеседі. Мысалы нормалардың объектісі тұрғасынан бұл бәсекелестік бір норманың өзінің көлемі бойынша іс-әрекеттердің айта қаларлықтай кең шеңберін қарастырса басқа норма – тек олардың бөлігін қарастырады. Норманың мазмұны тұрғысынан бәсекелестіктің берілген түрі олардың өздерінің мазмұны бойынша айырмашылығына байланысты. Жоғарыда келтірілген лауазымдық қылмысқа байланысты мысалдағы деликт «Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану» ҚК-тің 307 бабы жалпы норма болып табылады (лауазымдық қылмыстың түсінігі беріледі) ал ҚК-тің 314 бабы «Қызметтік жалғандық жасау»-арнаулы норма ( лауазымдық жалғандықтың белгілері көрсетіледі). Лауазымдық жалғандық – бұл да лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану болып табылады, бірақ оның жеке жағдайы.
Нормалардың мазмұны бойынша айырмашылығының мысалы ретінде «Қарақшылық» үшін жауапкершілікті қарастыратын бап (ҚК 179 б.) және 103 бап. «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» атауға болады. Бірінші қылмыстық-құқықтық норма өзінің мазмұны бойынша толығырақ. Ол тек адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті денеге зиян келтірулерді қамтып ғана қоймайды сонымен қатар берілген қылмыстың басқада белгілерін де кірістіреді. Ал екінші норма ҚК-тің 103 бабы бұл белгілерді бермейді.
Ендеше жалпы және арнайы нормалардың бәсекелестігінде олардың көлемі бойынша айырмашылығы логикалық бағыныстылығы мен нақтылануынан көрініс табады.
Әрекет етуші заңнама жалпы және арнаулы нормалардың бәсекелестігі барысындағы қылмысты саралау ережесін бекітеді (ҚК-12 бап. 3бөлім) мысалы, ҚК-тің 228 бабы «Өкілеттіктерді теріс пайдалану» және арнайы норма (ҚК 231 бабы) «Комерциялық сатып алу». Аталған жағдайда арнайы норма қолданылады. Берілген қоғамдық қауіпті әрекет онымен тікелей қарастырылған. Жалпы норма – топтық құрам арнайы нормамен қамтылмайтын болуы мүмкін әлеуметтік-қолайсыз құқық бұзушылықтар үшін бөлек сақталып қойылғандай болады. Соңғысы өз кезегінде жалпы норманың барлық белгілеріне ие болып сонымен қатар өзіндік ерекше белгілерді де кірістіреді. Тек солар ғана арнайы норманы жалпы нормадан ажыратып көрсетеді. Тергеу және сот органдарының практикасы, жалпы нормамен бәсекелестіктегі арнайы норманың басымдығы туралы ғылыми кеңестердің дұрыстығын толық дәлелдеп отыр.
Нормалардың осындай бәсекелестігі кезінде мынадай құқықтық жағдай қалыптасуы мүмкін: бір қылмыстың екі түрлі құрамының арасындағы бәсекелестік. Олар ҚК-тің бір бабының әр түрлі бөлімдерінде немесе пунктерінде көрсетілуі мүмкін. Бұл айтылғандар құрамының негізгі және сараланған түрлері арасындағы бәсекелестіктен басқа ешнәрсе емес. Мысалы 181 баптың 1 бөлімі «Қорқытып алушылық» оның негізгі құрамын қарастырады, ал 2 бөлімі сараланған (күш қолданумен жасалған қорқытып алушылық). Ол арнайы норма болып табылғандықтан оған басымдық беріледі.
Құрамының бірнеше басымдық берілген түрлері арасындағы бәсекелестік болуы мүмкін.
Мысалы ҚК-тің 181 бабының 2 бөлімі аталған баптың 3 бөлімімен бәсекелеседі «ұйымдасқан топпен немесе жәбірленушінің денсаулығына ауыр зардап келтірумен жасалған қорқытып алушылық». Бұл жерде ауырырақ сараланған белгі жеңілірек сараланған белгіні сіңіруіне байланысты 181 баптың 3 бөлімі қолданылады.
Арнайы қылмыстық-құқылық нормалардың бәсекелестігінің барысында қатысты бұл құқықтық жағдайда жазылған ереже әрекет етеді. Яғни жеңілірек қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын нормаға басымдық беріледі. Ол ереже Қазақстанның қылмыстық және қылмыстық – іс жүргізу заңнамасының жалпы принциптеріне атап айтқанда заңдылық, әділеттік және ізгілікке негізделеді.
Қазақстан заңшығарушысы Қылмыстық кодексте қылмыстың жиынтығын қылмыстық-құқылық нормалардың бәсекелестігінен айырып көрсеткен. Бұның негізінде арнайы норма жатқызылады және оның маңызын бекітеді. Егер белгілі бір және нақ сол әрекет Кодекстің тиісті баптарының жалпы және арнаулы нормаларының белгілеріне сәйкес келсе, қылмыстардың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылық ҚК-тің Ерекше бөлімінің арнайы норманы қамтитын бабы бойынша туындайды.
Қылмыстық-құқылық нормалардың бәсекелестігі барысында Қылмыстық кодексті дұрыс қолдану тек төмендегі шарттар орындалғанда ғана мүмкін болады. 1) Жасалған іс-әрекетті оның мазмұнын және белгілерін терең зерттегенде. 2) ҚК-тің Ерекше және Жалпы бөлімдері баптарының жүйесін білу. 3) Әрекет етуші заңнаманы терең түсініп меңгеру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет